36
Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан
30%-ға дейін ауытқып отырады.
Экономикада мемлекеттік меншіктің басым
болуы нақты өмірде жағымсыз
жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың пайда болуы,
мемлекеттік
өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып
кетуі, тауар тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы.
Осыдан
барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде мемлекеттік меншікті жою емес, оның
монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме қозғау керек.
2
Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл- әкімшіл жүйеден
нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды
қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендіру арқылы
жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру үдерісінің басталуы – мемлекеттік меншіктің үлесін
азайтуға, оның
монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: