4.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1)
Жалақы мөлшерлемелерінің ерекшеленуі.
2)
Дисконттау және дисконтталған құн.
3)
Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі.
4)
Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық рента, т.б.
5.
Есептер:
1.
Айталық, сіздің университетте оқудың келесідей төлемақысы бекітілді: сіз
жылына 2 мың доллар төлейсіз, бірақ қалған үш жылда оқудың ақысы жыл сайын 200
долларға өсіп отырады. Университет әкімшілігі оқудың төлемақысын үнемдеу үшін
студенттерге бірден төрт жылға 8 мың доллар төлеу жөнінде ұсыныс жасайды.
Әкімшіліктің айтуынша студенттер бұл жерде 1200 доллар үнемдей алады:
2-
ші жылы 200 доллар; 3-ші жылы 400 доллар; 4-ші жылы 600 доллар.
Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының жылына 12%
дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы шешім қабылдаса, онда сіз осы
ұсынысты қабылдайсыз ба?
2.
Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңызша, бұл жерді жалға
бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде рента- лық табыс әкеледі. Осыған байланысты,
300 мың теңге табысыңызды максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға
тең. Сіз жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?
3.
Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын машинаны сатып
алу немесе кір жуу қызметін пайдалану.
Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең. Кір жуатын машинаның бағасы 30 000
теңге.
Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.
Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары (амортизация,
электроэнергия) 100 теңгеге тең.
Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?
6. Тест тапсырмалары:
1.
Рентаның қандай түрі жердің сапасымен байланысты алынады?
А) Абсолюттік рента В) 1 Дифференциалдық рента
С) 2 Дифференциалдық рента D) 1 және 2 дифференциалдық рента Е) Рентаның
барлық түрі
|