72
Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының жылына 12%
дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын
сату туралы шешім қабылдаса,
онда сіз осы
ұсынысты қабылдайсыз ба?
5.
Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңызша, бұл жерді жалға
бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде рента- лық табыс әкеледі. Осыған байланысты,
300 мың теңге табысыңызды максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға
тең. Сіз жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?
6.
Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын машинаны сатып
алу немесе кір жуу қызметін пайдалану.
Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең. Кір жуатын машинаның бағасы 30 000
теңге.
Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.
Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары (амортизация,
электроэнергия) 100 теңгеге тең.
Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?
Достарыңызбен бөлісу: