1 Карипова М. Р


Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары



Pdf көрінісі
бет84/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

 
Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, 
құралдары, талдау ерекшеліктері 
Экономикадағы 
негізгі 
зерттелетін 
мәселелер 
микроэкономикалық және 
макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың 
осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет- кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының 
иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы 
және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс 
болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» 
атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық алдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға 
мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі. 
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, 
ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын 
және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін 
экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі. 
Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың 
жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық 


74 
талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық 
саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні 
қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа 
ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау 
тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен 
шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. 
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері: 
1. 
Экономикалық өсу; 
2. 
Толық жұмысбастылық; 
3. 
Экономикалық тиімділік; 
4. 
Бағалар деңгейінің тұрақтылығы; 
5. 
Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік; 
6. 
Сауда балансы; 
7. 
Қоршаған ортаны қорғау. 
Осындай мәселелер кез келген қоғамда бір-бірін толықтырып отырады және бір-
біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтан қоғам алдағы қойған басымдық 
мақсаттарға байланысты негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан 
қолға алуы тиіс. 
Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу мемлекеттің қандай 
да бір экономикалық саясатын талдаусыз және жүргізусіз мүмкін емес. Кез келген 
мемлекет өз қарамағында негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай 
құралдарын иеленеді. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе 
бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді 
шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының 
жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономи-калық саясат құралдарының мынадай түрлері 
орын алады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет