17
2.
Қалай өндіру керек? – қандай ресурстарды және технологияны пайдалану арқылы
өндірілуі тиіс?
3.
Кім үшін өндіру керек? – шығарылған тауар немесе қызмет кімге арналады,
олар қалай бөлінеді, оларды кімдер сатып алады?
Қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мәселесін шеше отырып,
экономикалық теория экономикалық таңдау мәселесімен соқтығысады, яғни осы жерде
экономикалық теория 2 аксиомаға сүйенеді:
1.
Адамдардың шексіз қажеттіліктері;
2.
Ресурстардың шектеулілігі.
Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның
табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын
қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:
1)
өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және
рухани игіліктерді жасау
үдерісі.
2)
бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
3)
айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
4)
тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
1.
Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-
техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су
шаруашылығы және
басқалары жатады.
2.
Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс,
мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары
жатады.
Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір
сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.
Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп
атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін экономикалық ғылымда алғаш рет физиократ Ф. Кенэ
өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) еңбегінде қолданған болатын. Ол жасалатын
өнімнің қозғалысы меншіктенушілер, өндіруші-шаруалар
және барлық қалған топтар
сияқты қоғамның үш табы арасында орын алады деп қарастырады.
Ұдайы өндірістің тұрпаттарын келесідей негізгі өлшемдері бойынша бөліп
көрсетуге болады:
1)
алынған табысты қолданудың сипатына байланысты;
2)
өндіріс факторларын қолданудың саны мен сапасына бай- ланысты.
Бірінші өлшемі бойынша қоғамдық ұдайы өндірістің жай, тарылған және ұлғаймалы
деген тұрпаттарын көрсетуге болады.
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндірістің жыл сайын бұрынғы, өзгеріссіз
ауқымын
қайталап отыру. Бұл қоғамның барлық өндірілген өнімді тұтынуға жұмсайды, ал
өндірістің өзі бұрынғы көлемменжәне шамамен жаңартылып отырады дегенді білдіреді.
Жай ұдайы өндіріс қоғам дамуының артта қалуымен, жабық жүйе
бойынша ғылыми-
техникалық ілгерілеудің төмен қарқынымен және техника- ның дамуының төменгі
деңгейімен түсіндіріледі. Ұдайы өндірістің осындай типі Азияның, Латын Америкасының
бірқатар елдерінде және көптеген африкандық елдерде байқалады.
Тарылған ұдайы өндіріс – бұл өндірістің қысқартылған, төмендетілген
мөлшеріндегі үдерісін жаңартып отыру. Ұдайы өндірістің осындай типі ұзаққа
созылған терең әлеуметтік- экономикалық дағдарысты басынан кешкен елдерге тән.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – бұл өндіріс үдерісінің жыл сайын кеңейтілген
ауқымында жаңарып отыруы. Ұлғаймалы ұдайы
өндірістің дамуы қоғамның
капитализмге өтуімен байланысты орын алды, яғни мұндағы негізгі мақсат болып пайда
табу табылады. Мұнда алынған табыс тауар өндірушілердің тек жеке тұтынуларына ғана
емес, сонымен қатар, оның бір бөлігі қосымша өндірістік ресурстарды сатып алуға да
18
жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің
деңгейі кеңейтілген өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс өндірістің
әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен салыстырғанда)
деңгейде жаңарып отыруын білдіреді.
Осыған байланысты, нәтижесінде адамдардың
тұтынудың аса жоғары дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының өсуі қамтамасыз
етіледі. Екінші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің экстенсивті,
интенсивті және аралас типтері орын алады.
Экстенсивті ұдайы өндіріс – бұл бұрынғы технологиялық негізін өзгертпей
қосымша
ресурстарды
тарту
есебінен
өндіріс ауқымын
кеңейту
үдерісі.
Экстенсивтендірудің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: жұмысшылар санын
арттыру, жұмыс күнін создыру, инвестициялар мен капитал салымдары көлемін өсіру, жаңа
жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б. Ұдайы өндірістің таза
экстенсивті типінің болашағы болмайды, себебі ол ресурстардың шектеулілігі
мәселесімен соқтығысады.
Сәйкесінше, осындай ұдайы өндіріс өздігінше экономикалық
үлгі болып табылады және экстенсивті ұдайы өндірістің классикалық түрі орын алмайды.
Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны сапалы түрде жақсарту есебінен
өндіріс көлемін ұлғайту үдерісі. Ұдайы өндірістің мұндай типі үшін мынадай жолдар тән:
техниканы жаңарту, барлық ресурстарды аса тиімді қолдану, материалдық ресурстарды
үнемдеу, жұмыскер кадрлардың біліктілігін көтеру,
еңбек тәртібін нығайту, басқаруды
жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту, т.б.
Тәжірибе жүзінде таза күйінде интенсивті ұдайы және экстенсивті ұдайы өндірістер
орын алмайды. Олар бір-бірімен өзара байланыста болады және бір-бірін толықтырып
отырады, олай болса, нақты шаруашылықта аралас ұдайы өндірістің типі орын алады.
Аралас ұдайы өндіріс – бұл бір уақытта экономикалық ресурстардың санын
арттыру және техника мен технологияны жетілдіру есебінен өндіріс ауқымын кеңейту
үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: