1 Карипова М. Р


  Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді?



Pdf көрінісі
бет18/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

9. 
Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді? 
A) 
Өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен 
B) 
Капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен 
C) 
Өнімнің нақты көлемінің халық санына қатынасымен 
D) 
Жұмыс уақытының нақты өнім көлеміне қатынасымен 
E) 
Капитал шығынының өнімнің нақты көлеміне қатынасымен 
10. 
Белгілі бір нәтижеге немесе қалаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін 
нәрсе: 
A) 
Бұл – баламалы шығындар болып табылады 
B) 
Әртүрлі себептерге байланысты пайда табудан бас тарту 
C) 
Ол – трансакциондық шығындар болып табылады 
D) 
Салық төлеуден жалтару деген сөз 
E) 
Заңдылықты уақытша мойындамау 
3. 
ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
 
Мақсаты: қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілерінің пайда болуын зерттеу 
және тауар мен ақша ұғымдарына кеңірек тоқталу 
1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандар 
2. Натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың ерекшеліктері 
3. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары; 
4. Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары. 


25 
1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандар 
Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруашы- лық қызметін 
ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі. 
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптас- қан 2 әдісі бар: 
Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті 
өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды 
шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері: 

экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы; 

әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы; 

қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы; 

өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыстардың орын 
алуы; 

еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі. 
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндіру- шілік болып 
бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруашылық терімшілік өнері басым болатын, 
еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ 
болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын 
шаруашылық. Кейіннен, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының пайда 
болуымен байланысты натуралды шаруашылықтың иемденушілік түрі ұдайы 
өндірушілікке айналды. Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық – табиғаттың дайын 
игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық игіліктермен» толықтырылып 
отыратын, тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс 
терімшілік пен аң аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай 
шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау сияқты және басқа да 
әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы 
өндірушілік шаруашылық адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп, 
материалдық игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет