1 Карипова М. Р


Мемлекеттік бюджет жүйесі



Pdf көрінісі
бет120/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға 
негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Бюджет 
кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы. 
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет- тердің келесідей 
деңгейлері кіреді: 

республикалық бюджет; 

жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, 
республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті. 
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді 
атқарады: 
1) 
қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру; 
2) 
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу; 
3) 
қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, 
әлеуметтік); 
4) 
кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру; 
5) 
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; 
6) 
әлеуметтік қорғау; 
7) 
мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау. 
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді: 
1) 
бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын
дербес бюджет сыныптамасын қолдану; 
2) 
толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық 
түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы; 
3) 
шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың ағымдық 
жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының және аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі; 
4) 
ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-
құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау; 
5) 
дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын- ала қабылданған 


104 
шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы; 
6) 
нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген белгілі бір 
нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет- терді әзірлеу және орындау; 
7) 
тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып, ең жақсы 
нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру; 
8) 
жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне 
қатысушыларды жауапкершілікке тарту; 
9) 
бюджеттердің дербестілігі принципі – әртүрлі деңгейдегі бюджеттер 
арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету. 
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры- лымы төмендегідей 
бюджет сыныптамасымен анықталады: 
1. 
Бюджет табыстары: 

салықтық түсімдер; 

салықтық емес түсімдер; 

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; 

трансферттердің келіп түсуі. 
2. 
Бюджет шығындары. 
3. 
Операциялық сальдо. 
4. 
Таза бюджеттік несиелеу: 

бюджеттік несиелер; 

бюджеттік несиелерді жабу. 
5. 
Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо: 

қаржылық активтерді иелену; 

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер. 
6. 
Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы). 
7. 
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану): 

қарыздардың келіп түсуі; 

қарыздарды жабу; 

бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы. 
Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар 
кіреді: 

мемлекеттік қызмет көрсетулер; 

қорғаныс; 

қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару 
іс-әрекеті; 

білім беру; 

денсаулық сақтау; 

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; 

мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік; 

ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи 
территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары; 

отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану; 

өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, көлік және байланыс; 

қарыздарды өтеу; 

арнайы трансферттер; 

басқалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет