31
ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.
Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың
халықаралық экономикалық
қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар
шетел валютасы қолданылады.
2.
Меншік қатынастары бойынша:
Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге
негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
-
өнімді өндіру,
бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге негізделеді;
-
әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым
төмен болуы;
-
техникалық прогресстің шектелуі;
-
халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде
артып отыруы;
-
сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
-
мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтандырыл- ған жоспарлауға,
өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің
орын алуына негізделген
қатынастар.
Сипатты белгілері:
-
өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
-
экономиканы орталықтан жоспарлау;
-
өндірушілердің монополиялануы;
-
ресурстардың орталықтандырылған қоры.
-
ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: