1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен
субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін
және экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.
Сұрақтар:
1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері
2. Экономикалық теорияның пәні, әдістері және заңдары
3. Жалпы экономикалық теорияның құрылымы және оның қызметтері
1.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас
жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт —
аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас
қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда
адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке
байланысты.
Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік
және ондірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы
өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы
қарастырылады. Осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде
қалыптасады. Бұл қатынастар коғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық
және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалык қатынастарын қызметтік
немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің
макро - мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика»
үғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму
заңдылығын сипаттайды. Соңдай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп
қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде
қарастырылады.
Төртіншіден, «экономика» сөзімен оқьту пәні ретінде түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде
экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, қүқықтық, рухани және басқа да қоғамдық,
өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат
экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас түрғысынан
алғанда, саясат экономикадан өрлейді деген сөз. Саяси көзқарастар, мекемелер мен қатынастар
екінші реттегі байланыстар болып табылады, себебі олар экономикалық қатынастардан
туындайды, олармен анықталады және соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым
қоғамдық дамуда ерекше ролъ атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы
саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Экономикалық ғылым — ен ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия»
(«ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін Ш-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары
Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде — (үй, шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік
шаруашылықты жүргізуді үйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір
талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық түйықтылыкты
жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен
шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше — «полис», «политейя» деген сөз) барлық
шаруашылықты жүргізудің жалпы үлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары
пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа
5
ие болды. Алғашқы рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен
қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1615 ж.) кітабында Франция елінің шаруашылығын
мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте
болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-ші ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы
кезде тауарлы — ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму
заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылды.
«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» — саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші
экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімінің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтьң
қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өңдірісінде емес, ол тауар
мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-
ауқаттылығына, сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен
артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол
жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды
көздеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж.) және Томас
Мен (1571-1641жж.) болып табылады. Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда
болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің: «физис» —
табиғат, «кратос» - өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды.
Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар
көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти
(1623-1687 жж.), Адам Смит (1723-1790 жж.) және Давид Рикардо (1772-1823 жж.) еңбектерінде де
қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі аркылы
емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кұрылыс
өндірісі) көрінетіндігін айғақ етті. Осы идеялар «классикалык» (үлгілі) деген атқа иеленді,
сондықтанда бұл ілімінің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар
деп аталды.
Классикалық мектеп саяси экономияның тұжырымдамасын тереңдете отырьп, Уильям
Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс (1818-1883 жж.) және Фридрих Энгельс (1820-
1895 жж.) теориялық тұжырымдаманы жасады, ол жинақталып — «марксизм» деген атқа ие болды.
К. Маркстың ашқан басты жаңалықтары: қоғамдық-экономикалық формация,
капитализмның даму заңдылықтары, социализмның (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы,
ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі
табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның,
жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К. Маркстың басты еңбегі - «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші,
1885 ж. - 2-ші, 1894 ж. - 3-ші томдары жарыққа шықты) деген атпен белгілі және осы еңбек
оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты.
Бұл ілімінде жеке оқылықтар да бар. Тарих К. Маркстың капитализм кезеңіндегі
пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы корытындысын қоғам толық мақұлдамады,
капитализмді таза қанаушы коғам деген пікір де қателеу көрінді. Әлемдік экономикалық
ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экөномикалық теорияны дамытудағы
ерекше дәуір болатындығьн мойындады. Экономикалық теорияның дамуына сүбелі үлес
қосқан белгілі американ ғалым-экономисі, «Экономикс» оқулығының авторы Пол
Самуэльсон (1915 ж.) ұлы үш ойшылды ерекше бөліп қарайды. Олар А. Смит, К.Маркс
және Дж. Кейнс. Американын көрнекті ғалымы Дж. Гэлбрейт былай деген: К. Маркстің
ілімі өте құнды, сондықтан оны толық марксистерге беруге қимайды. К. Маркстің
еңбектерінде баяндалған идеялар шет елдер мен Ресейде де өзінің кейбір ізбасарларын
тапты. Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеяларын В.И. Ленин (1870-1924 жж.) белгілі
дәрежеде толықтырып өндеді. В.И. Ленин К.Маркстің қоғамдық капиталды үдайы өндіру
және экономикалық дағдарыстар туралы теориясын талдауға ерекше мән береді. Ол
туралы оның «Ресейдегі капитализмінің дамуы» (1899 ж.), «Нарық деп аталатын
сұрақтар» (1893 ж.) және басқа еңбектері куәландырады. Бұл еңбектерінде В.И. Ленин ірі
өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың қалыптасу процесін таңдауды көрсетіп, нарықтың
ұйымдастырушылық пен біріктірушілік күшінің экономикалық заңдылығын ашты. Осы
6
айтылған экономикалық ойлар қазіргі жағдайда ТМД елдерінің нарыққа көшуінде өзекті
мәселелер болып табылады.
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» -
шекті деген сөзі) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің
экономистері Карл Менгер (1840-1921 жж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.), Эйген
фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стенли Джевонс
(1835-1882 жж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті
пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық
тәсілдер мен моделдерді кең қолданады. Математикалық мектептің өкілдерінін бірі,
швейцар- экономисі Леон Вальрас(1834-1910 жж.) болып табылады.
Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, оның негізі сұраным мен
ұсынымға талдау жатады.
Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен
сипатталады:
- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және
«неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер - А.Смиттің тікелей
ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне
мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе, онда олар өте жақсы қызмет атқарған
болар еді;
- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін
қолдаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1883-1946 жж.) болып табылады;
- үшінші ағым «институционализм» (латынның «institutum» -бекіту, күрылтайлау
деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым - экономисі
Торстейн Веблен (1857-1929 жж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың
теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен
түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т. Вебленнің ізбасарларына
«индустриалды коғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж. Гэлбрейтті
(1908 ж.) және «конвергенция» (латынның соnvеrgеrе -жақындасу, ұқсайтын деген сөзі)
теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ
ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915 ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас
экономиканың» түп-тұлғасы қарастырылған.
- төртінші ағым әлеуметтік бағыталған нарықтық шаруашылық теориясымен
танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар -неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер
Людвиг Эрхард (1897-1977 жж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен
(1891-1950 жж.) болып табылады.
Сонымен, «саяси экономия», әлде «экономикалық теория» немесе «теориялық
экономика» ма?
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (ХУІІ-ХІХ ғғ.) саяси экономия ретінде
дамыды. Экономикалық теория анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын
дәлелдей отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы ұғымды алғашқы рет
француз-жазушысы әрі королі Людвиг ХІІІ-тің сарай қызметкері, Антуан Монкретьен
өзінің экономикалық ілімінің айналымына енгізіп, ол «Саяси экономия трактаты» атты
кітабын 1615 жылы жазған болатын.
Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.) өзінің «Саяси экономия
принциптері» (1890 ж.) деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория»
ұғымымен пара-парлығын айтты. «Саяси экономия, — деп жазды ол, — «әл-ауқаттылықтың
материалдық негізін құру және қолданумен өте тығыз байланысты саласы болып
табылады. Бұл нақты шыңдық жиынтығы емес, тек нақты шындықты ашу үшін құрал-
сайман ғана». Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым (алдағы
талдаудан байқалғандай) жаңа зерттеулермен толықтырылады. Осы зерттеулер дамыған
елдерге кең тараған «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл Р.Макконелл,
Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарында баяндалады.
7
Экономикалық теория Д. Рикардо мен К. Маркстің еңбек құны теориясына
догматикалық көзқараспен қараудан босатылды. XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінде құн
мәселесін шешуге жаңа тәсілдің кең қолдануы етек жайып, жоғарыда аталған шекті пайдалылық
теориясы туындады. Жаңа тәсілдің басты идеясы: құнды тек шығындарға (мейлі еңбекте
немесе «үш факторда» — еңбек, жер, капиталда болсын) балау орынсыз жай. Құн
(бағалылық) пайдалылық дәрежесімен анықталды.
А. Маршалл өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) жұмысында мынандай
ойды қорытындылаған: Д. Рикардо мен К.Маркстың еңбектің құндық теориясы мен шекті
пайдалылық теориясы («маржинализм») ары қарай бірдей дамымайды, сондыктан оларды
синтездеуді жүзеге асырды. Шекті пайдалылық теориясы мен классикалық кұнның еңбек
теориясын біріктіру арқылы ғылыми құн теориясын құруға жол ашты. «Өндіріс шығындары,
сұраным интенсивтігі, өндіріс шектеулігі және өнім бағасы, — деп жазды А.Маршалл, — бірі-
бірін өзара реттейді». Осы уақытқа дейін алайда бұл екі теорияның синтезделуі
оқулықтарда толық қолданылған жоқ. Бірақ Д. Рикардо мен К. Маркстың еңбектерінің
құндық теориясы -қосымша құн өндірісі механизімін ашты. Осы өндіріссіз бірде-бір қоғам
дамымайды.
Шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шығын шамаға өту
мүмкіндігін жасап және олардың сұраным мен ұсыным мөлшеріндегі, көлеміндегі, сондай-
ақ шығындардағы өзгерістерге алып келді. Бұл талдау процесі үшін маңызы өте зор.
Экономикалық теорияда математикалық тәсілді колдануға жол ашылды.
Қазіргі кезде экономикалық теорияның мазмүны бұрынғы саяси экономия
шеңберіне қарағанда ауқымды және ол теориялық экономика, әртүрлі экономикалық
бағыттар мен экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында қаралады.
Экономикалық теория — бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық
және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық
байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым
ретінде анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |