1 Карипова М. Р


 Жалпы экономикалық теорияның құрылымы және оның қызметтері



Pdf көрінісі
бет5/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

3. Жалпы экономикалық теорияның құрылымы және оның қызметтері 
Іргелі дайындық көп астарлы және кез-келген ғылымның қайсы бір өте маңызды 
бөлімін зерттеумен ғана шектелмейді. Мысалы, физика пәні динамика, статика, механика, 
оптика, сұйық және қатты денелер физикасын; электрлендіру тек электрлендіруді 
оқытумен ғана шектеледі. Бұл тек физика мамандарын ғана емес, басқаларды да таң 
қалдырған болар еді. Нарықтық экономикаға өту жағдайында экономикалық ғылымда да 
осындай жәйттер кездеседі: экономикалық теорияны оқытуды микроэкономикамен не 
макроэкономикамен немесе тек нарықтық экономиканың қолданбалы сипатымен де 
қарастыруымен ерекшеленеді: 
Біріншіден, жалпы экономикалық теория оқу курсы пәні жалпы экономикалық 
теорияның мәселелерін экономикалық ілім тарихымен тығыз байланыста зерттейді. 
Екіншіден, жалпы экономикалық теория құрылымына оқу пәні ретінде мыналар 
енеді: 
«Экономикалық дамудың жалпы теориялық негіздері және микроэкономика» 
бөлімінде ұлттық шаруашылықтың жалпы теориялық ұғымы мен экономикалық даму 
заңдылықтары қарастырылады; 
«Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және микроэкономика негіздері» бөлімінде 
нарық жағдайындағы фирманың мінез-құлығын қарастыру және оған мемлекеттік 
органдардың, қаржы-несие жүйесінің, тұтынушылардың және т.б. әсер етуі; 
«Өтпелі экономика теорияларының негізі» бөлімі; 
«Нарықтық экономиканың теориялары» бөлімі; 
«Халықаралық экономика және дүниежүзілік шаруашылық-тың мәселелері» бөлімі 
жалпы экономикалық теорияның іргелі ғылым ретінде мәселелерін жан-жақты шешуіне 
ықпал етеді. 


11 
Кез-келген ғылым сияқты жалпы экономикалық теория бірқатар қызметтер 
атқарады. Жалпы теориялық экономиканың ғылым жүйесіндегі ролін ескере отырып
төмендегідей негізгі қызметтерін көрсетуге болады: танып білу, методологиялық, сыншыл 
және практикалық. 
Танып-білу қызметін қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең 
әрі жан-жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс. 
Жалпы экономикалық теорияның тағы бір қызметі — методологиялық қызмет. Ол 
барлық экономиканың ғылым жүйесі үшін методологиялық тұрғыдан негіз болып 
табылады. Оларға салалық экономика (өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылық 
экономикасы, құрылыс экономикасы, көлік экономикасы, қызмет көрсету саласының 
экономикасы және т.б.), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, 
бухгалтерлік есеп, еңбек экономикасы, статистика және т.б.), әр түрлі білім салалары 
тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, табиғатты 
пайдалану экономикасы, тұрғындар экономикасы ж.т.б.) және қолданбалы ғылымдар 
(маркетинг, шаруашылық қызметін талдау, жоспарлау, болжамдау ж.т.б.) жатады. Егер 
экономикалық теория қоғамдық өндірісті басқару заңдарын қарастырса, оңда барлық 
басқа экономикалық ғылымдар — осы зандардың нақты салаларда байқалуын зерттейді. 
Жалпы экономикалық теория сыншыл қызметінде -құбылыстарды сын тұрғысынан 
қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану 
мақсатында және кемшілігін де көрсетеді. 
Жалпы экономикалық теория курсын оқудың үлкен теориялық және практикалық 
маңызы бар. Категория мен принциптерде, заңдар мен зандылықтарда ол қоғамдық 
дамудың ең мәнді процестерін көрсетеді. Жалпы экономикалық теория күрделі экономика 
әлемін тануды, өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудың өзара байланыстарын 
қамтамасыз етеді. Жалпы экономика ғылым ретінде адамзат ой-санасының ұжымдық 
жемісі. 
Жалпы экономикалық теорияның практикалық қызметі — нақты принциптерді 
және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын 
ғылыми дәлелдеуімен түсіндіреді. 
Жалпы экономикалық теорияның ерекше мән беретіні — адам, оның қажеттілігі 
мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объектілері мен субъектілері және басқа 
ресурстарға қатынасы болып табылады. Жалпы экономикалық теория шаруашылық 
қызметінің түрлерін, принциптерін, ережелерін, ресурстарды қолданудың тиімді 
бағыттарын жасайды. Сондай-ақ өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық 
мүдделері негізінде экономикалық мінез-құлқының логикасын, олардың қажеттілігін 
қалыптастырады. 
Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы 
аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі 
дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, 
Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-
355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау
берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, 
қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, 
еңбекті мамандандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель 
«Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, 
құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты 
жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол 
байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол 
шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін 
түсінген.
Экономика 
ғылымының 
қалыптасуына 
үлестерін 
қосқан 
мектептердің 
алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес 


12 
ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі 
ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп 
сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту 
жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген 
ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, 
адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас 
саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның 
құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. 
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше 
физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша 
қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы 
бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс 
теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде 
өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық 
шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны 
буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. 
Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда 
болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық 
игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету 
салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік 
қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік 
қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-
пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның 
басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы 
өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны 
белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн 
туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші 
жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының 
мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы 
(вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат 
барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік 
өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп 
қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті) теориясы. 
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке 
адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі 
бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни 
пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-
Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" 
бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі 
"Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, 
сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік 
теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және 
өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары
неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX
ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың 
негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. 
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей 
қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға 


13 
да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың 
нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында 
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын 
экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық 
теория пәнін өзінің «Экономика» аттыеңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, 
қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты 
қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні 
тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. 
Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу 
әдістері бар. Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция 
әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған 
материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, 
эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау. 
Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара 
құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын 
мәнін, маңызын ашу. 
Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке 
элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі 
ретінде зертеу.
Синтездеу-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы 
ортақ қортында жасау.
Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, 
принциптер шығарады. 
Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, 
процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің 
қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады. 
Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық 
формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Сонымен қатар, экономикалық 
категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын 
логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс, т.б. 
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, 
айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. 
Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық 
жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи 
даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, 
тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар 
объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет 
етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. 
Қоғамдық өндірістің негіздері: еңбек процесінің қарапайым моменттері, қоғамдық 
өнім және оның қозғалысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет