1 Карипова М. Р


  Экономикалық теорияның пәні, әдістері және заңдары



Pdf көрінісі
бет4/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

2. 
Экономикалық теорияның пәні, әдістері және заңдары 
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. 
Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына 
тәуілді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және 
тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің 
табиғи заңдылығы және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады. 
К. Маркстың пайымдауынша, саяси экономия заттарды, материалдық игіліктерді 
емес (оны басқа ғылымдар шешеді), адамдардың арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау 
және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К. Маркстың 
«Саяси экономикаға сын» (1859 ж.) еңбегіне Ф. Энгельс комментарий жасап былай деген: 
«Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-әрекетін 
қарастырады», бірақ «бұл қатынастар затпен байланыстары және заттар арқылы 
байқалады»'. 
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол 
Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді: 
1. Экономикалық теория — деп жазды ол, — бұл қызмет түрлері туралы ғылым, 
айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке байланысты. 
2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын 
(өндірістік мақсатқа бағытталған жер, еңбек, тауарлар; мысалы, машина мен техникалық 
білімдер) қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды 
қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым. 
3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және 
өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым. 



4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің 
міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым. 
5. Экономикалық 
теория 
байлық 
туралы 
ғылым 
ретінде».
«Бұл тізімінің ұзақ екенін» пайымдай отырып П.Самуэльсон мынадай ойды жалғастырады: 
«жақсы кітапхананың бөлімінде бір сағат қызмет істеген сауатты адам, уақытын барынша 
соза түседі», сондықтан да «экономикалық теория, сөзсіз, өзіне осы анықтамаларда 
көрсетілтен барлық элементтерді кірістіреді және олар ұзақ тізімге созылады». Одан кейін 
П.Самуэльсон: «экономикалық теория пәнінің ешқандай анықтамасы дәл болуы мүмкін емес, 
тіпті олай болудың қажетінде жоқ» — дейді. Оған қарамастан П.Самуэльсон өзінің пәнге 
деген қорытынды анықтамасын келтіреді 
Экономикалық теория қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам 
уақыттың өтеуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі 
тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында 
әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым». 
П. Самуэльсоның бұл анықтамасында адамдардың экономикалық мінез-құлқы 
айтылады. Әңгіме нарықтық жағдайдағы және бәсекелестік ортадағы — адамның, 
өндірушінің. тұтынушының, үй-шаруашылығының, кәсіпорынның, мемлекеттің мінез-
құлқы туралы. Себебі, біреуінің мінез-құлқы басқа адамның психологиясынан өрбиді. 
Алайда, «Экономикс» оқулығының авторы мұны түсіндірмегенмен, бәрі-бір мынаны 
тұжырымдайды: адамның нарық жағдайындағы мінез-құлқы табиғаттан тыс күштерден 
туындайды, ол адамдар арасындағы өзара экономикалық қатынастармен байқалады. К. 
Макконнелл мен С. Брю «Экономикс» оқулығында былай деген: «Бұл ғылымның 
мәселелері әдетте жеке ғана емес, ол қоғамдық көзқарас тұрғысынан оқытылады. Тауар 
мен қызмет көрсетуді өндіру, бөлу және тұтыну, мұнда жалпы қоғам көзкарасы 
тұрғысынан қарастырылады». 
Айталық, осы көзқарас тұрғысынан қайсыбір автор өзінің зерттеуіне әлеуметтік-
экономикалық қатынастарды қарастыра ма, әлде қарастырмай ма, одан бейхабар және ол 
әрдайым осы проблемаларды кездестіреді. Олар экономикалық категориялар, призмасы 
арқылы, әртүрлі графиктермен талғаусыздық қисығы, сұраным мен ұсыным заңы, нарық 
субъектісіндегі мінез-кұлқын қарастырады. Адамдардың мінез-құлқы себепті емес, қайсы 
бір әлеуметтік-экономикалық қатынастардың салдары. 
Осыдан түйетін ой: экономикалық теория әлеуметтік-экономикалық қатынастарды 
экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу және дамыту арқылы 
оқытады. 
Сонымен экономикалық теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-экономикалық 
қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс фазаларында (өндіру, 
бөлу, айырбастау және тұтыну) қалыптасады. 
Осы айтылған ойдың пайдасына және тағы бір мысал келтіруге болады. 
П.Самуэльсон «Экономикс» мәнжазбасының ІІІ-ші тарауында нарықтың механизм 
мәнінің анықтамасын келтіреді. «Нарыктық механизм, — деп жазады ол, — 
шаруашылықты ұйымдастырудың сондай түрі, онда жеке тұтынушылар мен өндірушілер 
нарық арқылы экономиканың негізгі үш мәселесін шешу мақсатында (нені өндіру керек?, қалай 
өндіру керек?, кім үшін өндіру керек?)» өзара іс-әрекет жасайды. 
Еріксіз мынадай сауал туады: нарықтық механизм қызметі кезінде адамдар 
арасында қандай қатынастар қалыптасады? Жауап бір жақты: нарықтық механизм — бұл 
сондай экономикалық категория, оның көрінісі арқылы адамдар арасындағы қоғамдық-
экономикалық қатынастар өте анық байқалады. Міне, осы қатынастар нарықтық 
экономиканың негізгі үш мәселесін шешуге бағытталған. 
Экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген 
ғылыми зерттеудің методологиялық негізі — диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл 
әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың 
дамуы тұрғысынан — жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай 



қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген төсілдерін 
қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы әдіс 
болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық теория өзіне 
тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады. 
Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маныздысы — ғылыми 
абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше 
тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты 
болмыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті 
өмірде көрінетін құбылыс шындығы. 
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші 
жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Мысалы: 
«өндіріс» деген терминді алайық. Бұл сөзді айтқан кезде, бұл ұғымның абстракциялы, 
ойдан тыс екендігіне күдіктенбейміз. Жалпылама өндіріс — бұл абстракция, бірақ ақылға 
сиымды абстракция. Себебі, шын мәнінде ол жалпылама нәрсені көрсетеді, оны 
тұйықтайды және сөйтіп біздерді қайталаудан құтқарады. Мысалы, өнеркәсіптік өндіріс, 
құрылыс өндірісі, ауыл шаруашылық өндірісі және т.б. Біздер жалпылама өндіріс туралы 
әңгіме қозғағанда барлық өңдіріс салаларының жиынтығын айтамыз. 
К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не 
химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге 
тиіс»
1
. Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір 
жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтанда басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің 
мәнін тоқып, оны терең қортындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі 
құбылыстардан дерексіздендіру қажет. 
Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық теория тарихи және логикалық 
әдістердің бірлігін қолданады. Осы тенденциясының дамуын айқындау үшін, құбылыс пен 
процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық 
теория тарихи принципті басшылыққа алады. Экономикалық қатынастарды тарихи 
көзқараспен зерттей отырып, экономикалық теория тарихтың соңынан ілесе алмайды. 
Себебі тарих көп жағдайда кездейсоқ факторлар, қымқиғаш құбылыстар, кері шегіністер 
мен ілгері озып кетушіліктер іс-әрекетіне бой алдырады. Осы кезде экономикалық 
ғьшымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық теория өдісінің ең 
маңызды принциптері — зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігі болып 
табылады. Логикалық әдіс — деп жазды Ф.Энгельс, — бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи 
дамудың кездейсоғынан босатылған. Экономикалық теория осы тарихы сатыдағы 
болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады.
Экономикалық процесті оқып-білуде жалпы, ерекше мен жекенің диалектикасын 
қатаң сақтау орын алады. 
Болмысты танып-білу процесі практикамен басталып, практикамен аяқталады. 
Қоғамдық практика - экономика теория әдісінің ең маңызды буыны және оның ережесінің дұрыстығын 
растайтын өлшемі болып табылады. 
Абстрактылы ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, 
капитал, пайда және т.б.) қалыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және 
адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық кайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, 
экономикалық теория адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды 
экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады. 
Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез тәсілі де қолданылады. 
Табиғаттағыдай, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер белгілер, касиеттер және 
сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен 
құрамдас бөліктерге жіктеу қажет. Зерттелетін құбылыс өзінің кұрамдас бөліктері мен 
жақтарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын нақтылап, тұтас кұбылыстың қажетті бір 
бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. 


10 
Алайда, құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді 
зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. 
Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде таньп-
білуді синтез дейміз. 
Ғылыми болмыс экспериментті қолдануды, экономикалық процес пен құбылыстардың 
логикалық және математикалық моделдерін жасауды да қарастырады. Осының барлығы жаңа 
теория, тұжырымдамалар мен экономикалық заңдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Кез-келген қоғамдық өмір мен табиғат сияқты экономикада кездейсоқтықтың тікелей 
ауыртпалығына құбылыстардың ретсіз бейнелеріне бағытталған белгілі зандылықтарға жол салады. 
Қоғамдағы экономикалық процестерді басқару ондағы экономикалық заңдарға тән. 
Экономикалық зандар өздігінен іс-әрекет жасамайды. Адамдар өндіре, айырбастап 
және тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда бола бастайды. 
Қандай да ғылымның басты міндеті — табиғатта немесе қоғамда қолданылатын зандарды 
адам мүддесіне қолдану үшін танып білу болып табылады. Экономикалық зандар объективті 
сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды. 
Экономикалық зандарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады: 
—ерекше экономикалық заңдар — бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты 
тарихи дамуының заңдары. 
—айрықша экономикалық заңдар — бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына 
жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы; қорлану (қор жинау) 
заңы; ақша айналым заңы; сұраным мен ұсыным заңы және т.б. 
—жалпы экономикалық заңдар — бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы: 
уақытты үнемдеу заңы, еңбектің үнем заңы, қоғамдық еңбек бөлісінің заңы, қажеттіліктің 
жоғарылауы заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, еңбекті ауыстыру заңы, халық 
өсуінің заңы, шекті пайдалылық заңы, табыстың төмендеу заңы, өндірістік қатынастардың 
өндіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне сай келу заңы және т.б. 
Адамдар экономикалық зандарды жасауға, ауыстыруға немесе алып тастауға 
дәрменсіз, бірақ олар бұл зандарды ашып, қоғам мүддесіне пайдалана алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет