Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа экономикалық басқару жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде кеден органдары, өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты даму жолынан өтіп, әкімшілік биліктің, басқарудың өзіндік іс тәжірибесін жинақтады. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарының жүзеге аса бастағанын, Қазақстанда құқықтық мемлекет құрудың идеялары мен принциптеріне сәйкес, Қазақстан қоғамы мен мемлекетін құқықтық реттеудің мақсаты жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді. Кеден органдары атқарушы билік органдарының қатарына еніп, өз қызметін мемлекеттің атқарушылық-биліктік іс-әрекеті шеңберінде жүргізгенімен, атқарушы биліктің өзге органдарынан өзінің құрылымы, құзіреті, іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен түрлері, қолданатын құқықтық құралдары, т.б. параметрлері арқылы ерекшеленіп тұрады.
Қазіргі әлемдік мемлекет басқару практикасында кеден ісін жүргізіп отыру, жүзеге асыру тікелей мемлекеттің монополиясына жатады.
Бұл бітіру жұмыста кеден органдарының құқықтық мәртебесі, оның бүкіл жұмыстарының мәні ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары мен функцияларынан туындайтынын, сондай-ақ кеден органдарының мемлекеттік органдар шеңберіндегі, мемлекеттік басқару механизміндегі рөлі, оның мемлекет егемендігі мен тәуелсіздігін жүзеге асырудағы қажеттілігінен туындайтынын көрсетуге қадам жасалды. Кеден органдары функцияларының дәл қазіргі кезеңде қайсысына басым мән беріліп отырғанына атқарушы билік тарапынын кеден органдарын басқаруды ұйымдастыру жүргізілетіні көрсетілді. Мен, тақырыбым бойынша бақылау қызметiнiң механизміндегі бүкіл іс-әрекет ету, әдіс-тәсілдерін, түрлерін анықтау арқылы, оның құзыреттілігін, жауапгершілігін, функциясының шеңберін нақтылау, талдау арқылы тек қана кеден органдары емес мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзге де мемлекеттік органдардың негізгі әрекет ету тәсілдерін, жауапкершілік аумағын анықтаудың құқықтық құралдарын жасауға тырыстым.
Қазіргі уақытта кедендік бақылау кедендік заңамалардың орныдалуының қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асуда.Кеден одағының кеден заңнамасының ерекшелігі, тәукелді басқару жүйесінде іріктеу қағидасы арқылы кедендік бақылауды құқықтық реттеудің жетілдіру бағыты айқындалады.Кедендік заңнамаларды бұзудың төмендеуі және халықаралық сауданың көлемінің артуы кедендік бақылаудың тиімділігінің көрсеткіші болып табылады [35].
Кедендік бақылауды жетілдіруде кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың және кедендік бақылау жүргізу кезіндегі сараптаманың да маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |