1 кедендік бақылау-кеден ісінің ҚҰрамдас бөліктері ретінде кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары



бет5/13
Дата03.01.2022
өлшемі355.5 Kb.
#451029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
=Дип. Кеден органдарының кедендiк бақылау

Валюта мен валюталық құндылықтардың әкелуі мен әкетілуіне және валюта-царжылъщ операциялардың жүргізілуіне кедендік бақылауды ұйымдастыру.

Қаржыны реттеудің халықаралық жүйесі халықаралық қаржы ұйымдарының орталық банктерінің және мемлекеттердің қаржы министрліктерінің орталық банктерінің қаржылық бақылауынан құралады. Біраз мемлекеттердің қатары, мысалы — Британ ұлттарының ынтымақтастығындағы мүше елдер (Ұлыбританияны коса алғанда) қаржы бакылауынан бас тартып, Біріккен Ұлттар Ұйымынын халықаралық каржы

қорымен келіспей ағымдық операциялар бойынша қаржылық шектеулерден бас тартуды қарастыратын міндеттемелерді қабылдау.

Орталық және Шығыс Еуропа елдері саудалық емес сипаттағы операциялар бойынша есептерді және есеп айырысудың тәртібі бойынша жан-жақгы келісімдермен саудалық емес төлемдер бойынша есеп жүргізумен сәйкес ұлттық валютаның қаржылық реттеуін жүргізеді.

Мемлекеттік шекара арқылы олардың ұлттық валютасын. заем облигацияларын, лоторея билеттерін өткізуге тыйым салынады. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне валюталық құндылықтарды аударуға немесе қайта аударуға, әкелуге, ұлттық қаржы министрліктерінің рүксатынсыз жүзеге асырьша беруіне болады.

Шетел валютасын әкелуі кезінде кеден мекемелері онын тіркелуі туралы куәлік береді. Төлем қүжаттары мен валюталық қүндылықгарды осы куәлікке енгізеді.

Шекарадан қымбат металлдардың, тастардың және маржандардың әкелу мен окетілу тәртібін тиісті үлттық министрліктер айқындайды (әдетте қаржы немесе сыртқы сауда министрліктері).

Елден шығып бара жатқан түлғаның иелігі болып табылатын мүліктік қүжаттарды шығару, сәйкес банктерімен және қаржы министрліктерімен анықталады.

Еуропалық экономикалық қауымдастьщқа мүше елдер (Еуропалық Экономикалық Одақ) өздерінің қаржылық реттеуін Еуропалық қаржы жүйесінің (ЕҚЖ) шеңберінде жүзеге асырылады.

1978 жылғы келісімге сәйкес бүл жүйенің негізгі бөліктері болып Еуропалық қаржы бірлігі, қаржы бірліктерін реттейтін механизмі және Еуропаның қаржы қоры болып табылады.

Француз Одағы аймағындағы және елдеріндегі каржылық реттеуін Француз Банкі, Батыс Африка мемлекеттерінін Орталық Банкі, және Малидің Орталық Банкі анықтайды. Бүл елдерде валюталық

әкетуді әр адам басына бес мың франк есебінде рұқсат етіледі. Шетелдік валютаның әкелуі шектелмеген, бірақ шетелден келген соң бір ай мерзім ішінде валюта нарығында өзінде бар шетелдік валютаның 1000 франкінен көбін сату қажет.

АҚШ және Латын Америкасының тәжірибесінде әкелінетін шстелдік валютаға валюталық бақылауды тек берілген декларацияда бес мың АҚШ долларынан аса ғана жүргізіледі.

Азия және Жапон елдерінде қаржылық реттеуін үлттык банктері жүргізеді. Тәжірибе жүзінде валютаның әкелуі шектелмейді, ал шығаруға көлемдік шектеуінің ыкдалы бар.



8. Миграциалық бацылау жүйесіндегі кеден цызметі.

Мигранттардың қүқықтық жағдайын реттеу Біріккен ¥лттар Ұйымының Халықаралық еңбек ұйымының мигранттары туралы конвенциясын қабылдағаннан кейін 1949 жылдан бастап жүргізіле бастады. 1975 жылы Миграция облысындағы ауыл шаруашылық жоне еңбеккер мигранттардың адам қүқығының негіздерін қорғаудағы теңдікті орындау туралы екінші Конвенция болып өтті. Бүл ережелер мен күкыктар экономикалық, әлеуметтік және мәдени қүқықтар бойынша Халықарлық Пакттің жалпы негіздерімен бекітілді.

Нарық экономикасында дамитын елдердегі жұмыс күшінін заңсыз ауысып жүруіне тыйым салу мен бақылау әрі жоғарыда аталған келісімдерді орындау кеден қызметкерлеріне және көшіп-қону органдарына жүктелген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде 1991 жьшдың 25-ші ақпанында барлық жұмысшы-мигранттардың және олардың жан-үяларының қүқтарын қорғау жөнінде халықдралық конвенция құрылып, қабылданды. 9. Мемлекеттердің; қауіпті жүктерді тасымалдаудың халыцаралыц тәртіптерді сақтау сәйкестігіп бақылау бойынша кедеи ңызметінің функциятры.

Жүктерді теңізбен тасымалдаудың Халықаралық Кодексінің классификациялануына қауіпті жүктерге, спецификалық кдсиеттерге байланысты оларды: тасымалдау, тиеу-түсіру, сақтау жұмыстарының барысында қоймалардың өртеніп, жарьшып немесе бүзылуына, сонымен қатар адамдар мен жануарлардың ауруына, сәулеленіп, жарақаттанып күйуіне алып келетін заттары жатады.

Олардың қауіптілігін есепке ала отырып тасымалдау мен сақтауына байланысты тоғыз кластарға бөлінген. Мысалы: екінші класс-ерітілген, сүйык немесе қысым астындағы газ; алтыншы класс-үлы немесе таксикологиялық заттар; жетінші класс-радиоактивті немесе инфекционды заттар.

Радиоактивті материаддарды классификациялау олардың радиациялық көлемінен туындайды. Қауіпті жүктерден қорғанудың физикалық жүйесін құру әрі оны жүзеге асырып толығымен мемлекеттің міндетіне берілген.

Мемлекеттердің мүндай міндеттері ядролық энергияны бейбіт жолмен пайдалану ынтымақгастығы бойынша ядролық құралдар мен материалдардың арнайы жеткізулері бойынша халықаралық

келісімдермен келісім шарттарында қарастырылып, Біріккен Үлттар Ұйымының Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттігімен бекітілген (МАГАТЭ).

1980 жылы Вена қаласында ядролық құрылғыларды, көлік күралдарымен материалдарды физикалық қорғау жөнінде қол қоюға Конвенция ашылған. Конвенцияның негізі халықаралық тасымалдау процесіндегі ядролық материалдарды қорғау болып табылады. Ядролық материалдардың экспортты мен импорты және транзиті мемлекетке халықдралық тасымалдауды физикалдық қорғау жөнінде атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігінің кепілдемелік келісім шартына түрған жағдайда ғана рүқсат етіледі.Бүл конвенцияға сәйкес экспортталатын және импортталатын ядролық материалдар Біріккен Үлттар Ұйымының атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттігімен бақылауға алынады, және МАГАТЭ Бағдарламасымен Агенттігінің стандарттары деңгейіидегі физикалық қорғау шаралары мен қамтамасыз етіледі. Шетел кемелері мен қауіпті жүктердің экспорттық және импорттық тасымалдауларын Халықаралық кодексімен және теңізбен тасымалдау тәртіптері мен регламенттелінеді. Әр қауіпті жүктің класын, подкласын, категориясы мен тобын аныктайтын арнай карточкалар толтырылады. Негізгі талаптар, жүктердің қауіптілігін білдіретін қораптану мен маркілеуге қойылады. Кеден қызметі осы қауіпті жүктердің қасиеттері мен сипаттарына байланысты түзілген технологиялық сызбаларына сәйкестігін бакылау функцияларын жүзеге асырады.


Кедендiк бақылау белгiленген тәртiп пен нысандар негiзiнде кеден органдары жүзеге асыратын iс-әрекет.


Кедендiк бақылау ұғымы Кодексте былай мәтiнделген “Кедендiк бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы” [2 б].

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының институтына кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жаткызуға болады.

Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен көлік құралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді.

Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Құжаттар мен мәліметтерді тсксеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік қүралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, коймалар ғимаратын және кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік кұралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтiн техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.

Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының зандылығын анықтайды және бекітуте жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сыртқы сауда мәмілесінің заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кеден бақылауының мақсаты – экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік қүралдары кедендік бақылауға жатады.

Кедендiк бақылау жүргiзудi кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Оған жататындар:


  1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау;

  2. Тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексеру;

  3. Кедендiк қызмет көрсетушi тұлғалардың қызметiн бақылау;

  4. Тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуын бақылау;

  5. Кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.

Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және еркін
айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға, тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда
болады.

Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жұзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.

Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құрал-


дарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден Кодексiнде айқындалған тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы міндеттемелерін орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Кедендік бақылауды жүргізу принциптерi:



  • iрiктеу принципі;

  • Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету принципi.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын пайдаланады.

Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен басқару пайдаланылады. Қажет болған жағдайда кеден органдары кедендік бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады.

Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, келік құралдары және олар туралы мәліметтер, оның ішінде электронды нысандағы мәліметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады.

Кедендiк бақылау аймақтары тұрақты немесе уақытша құрылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен


келік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті.

Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен анықтамалар алуға құқылы.

Тауарлар мен келік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің қүжаттарын және басқа да ақпаратты, оның ішінде эпектронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және келік қүралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті.

Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалар қүжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет