2.3 Кедендiк бақылау жүзеге асыру негіздері
Кеден саясаты іс жүзіне арнайы мемлкеттік құрылым болып табылатын кеден органдарымен жүзеге асырылады. Нақ осы мемлекет атынан және билікттік құзіреттерге ие органдар тікелей кеден ісін жүзеге асырады.
Кеден ісін мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүргізуге жатады, ал кеден органдарының жүйесі жергілікті билік және басқару органдарына бағынышты, Қазақстан Республикасынның бүкіл территориясында орталық, бірыңғай болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Кеден Кодексiнiң» 17-бабында көрсетілгендей, кеден органдар бірыңғай жүйесіне:
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – кеден ісі мәселелер жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері );
кедендер;
кеден бекеттері;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;
Мамандырылған кеден мекемелері кіреді.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес кеден органдарының негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қоғау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бiрiңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк басзасын дамытуға қатысу;
11) өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылау жүпгiзу;
13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.1
Кеден органдарының құқықтық статусы 2 маңызды жайытпен белгiлендi. Бiр жағынан, мемлекеттiк басқарудың пәнi болып табылады, сондықтан да, кеден органы - бұл берiлген салада атқарушылық қызметтi орындайтын не атқаратын мемлекеттiк аппараттың бөлiгi. Мұнда кеден мекемелерi басқарылатын объектiлерге ықпал ететiн заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде басқарушы субъектiлер ролiнде көрiнедi.
Басқа жағынан, кеден органдары құқықтың субъектiсi бола отырып, құқық қабiлеттiлiгiне иеленедi және нормативтiк кеден заңдарымен реттелiнген нақты құқықтық қатынаста болады. Сонымен кеден органдары белгiлi құқықтар мен мiндеттерге кеден мекемелерiнiң қатынасында ие болады.
Кеден органдарының қызметi кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудi iске асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын бұзбауы тиiс. Бұл үшiн кеден мекемелерiнiң қабiлетiнiң, олардың тәртiбiнiң қызмет етуiн нақты заңды реттелiнуi қажет, бiрiншi бөлiмде көрсетiлгендей, кедендiк қатынастар кеден органдарының тiкелей емес қатысуынсыз туындауы мүмкiн. Соңғылардың қызметi кеден құқығы пәнiнiң тек бөлiгi болып табылады. Соңдықтан заң нормалары кедендiк қатынастардың басқа қатысушыларына кеден органдары жiберiлетiн ықпал етудiң шектерiн бекiтуi тиiс, және осыдан шыға отырып, олардың құзыреттерiн анықтауы керек.
Әр елдегі кедендік қьізметтің үйымдастырушы қүрылымы - елдің экономикалътқ даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдаструдың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар Қаржы министрлігі жанынан қүрылған АҚШ-тың кедендік қызмі Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-ПІығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.
Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендiк бекеттері бар.
Қазақстан Республисындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган - қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президетінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі" Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртүтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:
функциционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы;
кедендік органдардың ұйымдық бірлігі органдар жүйесінің ұйымдық қүрылымымен қамтамасыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерiмен айналысады айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымньщ негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.
Кеден дегеніміз — кедендік шаралардың журуі үшін арнайы белгіленген және тиісінше жабдықталган орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергiлiкті әкімшілікке тәуелсіздігі кедендiк органдар жүйесiн құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшіж тәуелділіктің жоқ болуы - жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөлігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.
Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен біри иерархиялық құрылымдағы, яғни төменгі органдарды жоғарғы органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады
Кедендік органдардың негізгі қызметтері:
- біріншіден, олар Қазақстан Республикасынъгң кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;
екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғайды;
үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т. б.
Негізгі функциялардың бұл тізімі Қазақстан Респуликасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.
Кедендiк органдар жүйесін Қазақстан Республикасының Кеден агенттiгi басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және елдегі кедендік кызметке тікелей жетекшілiк етеді.
ҚР Кеден агенттiгi экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясаты жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендiк саясатты жүзеге асырдың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.
Кедендік басқармалар - орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арасындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын больш табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетін міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасының кедендері — кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізн құрайды.
Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгi бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгiуді талап етті. Бұрын-сонды кедендік бақылау (тексеру) кедендік шекарда орналасқан нүктелерде ғана жүргiзiлдi. Сыртқы сауданың мемлекеттiк монополисынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынща негізгі жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіңе ауыстырылды.
Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі танда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік төжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кедендерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкінді береді, (мысалы, “Атакент” - ішкі кеден, ал “Хоргос” сыртқы кеден). Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың сонымен бірге, пошталық жіберулер мен басқа жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.
Кедендік бекет — кедендік органдар жүйесінің алғашқы буыны, ол белгілі бір нүктеде немесе белгiлi бір территорияда (мысалы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын кедендік қүжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.
Кедендік бекет - төмендегідей негізгі міндеттердi жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кеденді шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендік тексеруден өткізеді және кедендiк құжаттарды толтырады.
Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды өтуіне рүқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келді.
Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.
Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пункттер арасындағы шекаралардың ара қашықтығы - 150-200 м, ал кейбір жерлерде - 500-600 м-ге жетеді. Ал барлық өркениетті елдерде көрші орналасқан пункттер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады, яғни олардың арасындағы қашықтық 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың (оның ішінде 2-әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адам қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасын 13 мың километрге созылып жатыр.
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерін қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:
1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;
2. Кедендік төлемдер бөлімі:
- төлемдер бөлімі;
- валюталық тексеру қызметі;
3. Контрабандамен және кеден ережесін бүзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:
- кедендік тергеу қызметі;
- оперативтік-іздестіру қызметі;
есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология (осы заттарды табуға көмектесетін арнайы иттер өсіру) қызметі;
4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі:
- кедендік қорғау мен режим бөлімі;
- қарулану мен әскери дайындық қызметі;
5. Тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;
6. Қалыптасқан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;
Өзіндік қауіпсіздік қызметі;
Кадрлар бөлімі;
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;
Қамтамасыз ету бөлімі;
Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;
Ақпараттарды қорғау қызметі;
Пресс-қызмет;
Сыртқы экономикалық байланыс;
Аксиздiк кедендiк бекет.
Кедендік тексеруді уйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:
еркін айналым үшін тауарларды шығару;
тауарлардың реимпорты;
тауарлар импорты;
тауарлар реэкспорты;
тауарлар экспорты;
тауарларды жою;
мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
салықсыз сауда дүкені;
кедендік қойма;
еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарларды өңдеу;
кедендік тексеру арқылы тауарларды өндеу;
уақытша сақтау қоймасы;
жүктердің кедендік құжаттарын дайындау.
Кедендік төлемдер бөлімі — кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режимге сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдарды белгілейді және жинайды; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлар әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсуі мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы жөне құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операцияларды аудиторлық тексеруден өткізеді.
Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жургізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу жүргізеді; оперативтік тергеу қызметін жүзеге асырады; тексерудің техникалық қүралдары мен арнайы дайындалған із кесуші иттерді қолдану арқылы есірткі заттар мен жарылғыш құралдар контрабандасы фактілерін анықтау шараларын жүргізеді; қүқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.
Кедендік қорғау мен режим бөлімі - кедендік шекараны, кедендік орган объектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағытауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтiк - кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару - жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдану ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Тауарларды жеткізу мен транзиттiк бақылау қызметi - «транзит» атты кедендік жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит (IКТ) шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келiп түсуіне тексеру жасайды; «Тауарлар экспорты» және «Тауарлар реэкспорты» деген кедендік режимге енгізілген тауарлардың іс жүзінде шетке ығарылуына бақылау жасайды.
Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі - кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жүмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.
Өзіндік қауіпсіздік қызметі - кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттардың шетке шығуына тыйым салады.
Кадрлар бөлімі - кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарында тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі - кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметiн есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың
үнемді және тиімді шығынадалуына бақылау жасайды.
Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орынымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен
қамтамасыз етеді.
Кұжаттық қамтамасыз ету бөлімі - құжаттау және іс қағаздарын толтыру жүмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
Ақпараттарды қоргау қызметі – кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
Заң қызметі - кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, кедендік басқармалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Қазақстан Республикасындағы заң актілері бойынша
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.
Пресс қызметі - халықаралық жіберулерді ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдерi бар «М» атты қапшықтардың кедендік құжаттары дайындайды.
Сыртқы экономикалық байланыс қызметі кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен кездесулер немесе келіссөздер жүргізу ұйымдастырады.
Акциздік кедендік бекет - тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады, маркаланатын акциздік шетел
тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердiң толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |