1 КӘсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі


АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ



бет2/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#149205
1   2   3   4   5

2 АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ




2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
Мұнай және газ өндіру Қазақстан өндірістік бағытының бірден бір жоғарғы табыс әкелетін және ең маңызды сала болып келеді. Қазақстан Республикасында 60-қа жуығы құрылып жатырған 180-нен астам мұнай кен орындары бар. Қазақстанның мұнайгаз саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер өте жоғарғы деңгейде. Қазіргі кезде республикада 2,2 млрд.тоннаны құрайтын күкіртсутегі, 0,7 млрд.тонна газ конденсаты, 2,7 млр.куб метр газ және 12 млрд.тонна мұнай қорларын иемденеді. Бюджет кірісінің үлкен бөлігін құрайтын мұнайгаз саласы экономиканың көптеген саласын дамытуға өз үлесен қосады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мұнайды өнідіру, өңдеу және оны тасымалдау ұлттық энергетикалық, транспорттық машина жасау, мұнайхимия, жеңіл өнеркәсіп, тасымалдау транспорттарын және де басқа салалардың дамуына алғы шарттар жасайды. Ал бұл өз кезегінде сол салалардағы ғылымның және жоғарғы технологияның дамуына әсерін тигізеді [36, 39].

Ішкі және әлемдік нарықтың жаңа тауашаларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ және басқа салаларда терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек.

әрбір мұнайгаз кеніші кәсіпкерлікті дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейінгі ауқымды қамтитын өзіндік тұтас аумақ ретінде қарастырылуы тиіс.

тұтынушының алдында Қазақстан сенімді өнім берушінің абыройын жоғары үстауға тиіс.

Биылғы жылдың ішінде Үкімет Қазақстанда мұнай-химия өнркәсібін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді бас жоспарын нақтылы орындауға кіріседі деген ойдамын [4]
Шынында да мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды нарыққа тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың бұдан кем емес болатын. Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторларының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана қалпына келтіре бастады [5].

Қазақстан Республикасы мұнайгаз саласының алдына келесі мақсаттар мен міндеттерді қояды:

1. Энергетикалық тәуелсіз мемлекетті қамтамасыз ету;

2. Ұлттық экономиканы реструктуризациялау үшін шетел инвестицияның

келуін қамтамасық ету;

3. Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылату және экономикаға нақты

валюта түсуін жоғарылату;

4. Мұнайгаз саласы бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

5. Күкірттісутек өңдеудің жоғарғы деңгейіне жету және оның сыртқы нарыққа тасымалдаудың тиімді жолдарын құру.

Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының тиімді қызмет істеуі негізгі үш бағытта жатыр:



    1. Мұнай кен орындарын әрі қарай барлау (әсіресі Каспий шельфінде);

    2. Мұнайгаз құбырларын салу;

    3. мұнай өндіру, мұнай және газды тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту.

Қазақстан республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі мұнайгаз компаниялары өз қызметін жүзеге асыру үшін маркетинг қызметін қолданады. Мұнай саласындағы марктинг жалпы тамақ, жеңіл өнеркәсіп маркетингтен өзгеше болып келеді. Төменде мұнай саласындағы маркетингті құрайтын компоненттер көрсетілген:

  1. Шикі мұнайды өндіру;

  2. Шикі мұнайды экспорттау немесе тасымалдау;

  3. Мұнай өнімдерін алу;

  4. Мұнай өнімдерін экспорттау;

  5. Мұнайхимия өндірісіне шикізаттар алу (полистирол, полипропилен т.б);

  6. Соңғы мұнайхимия өнімдерін алу (синтетикалық шыбық, пластмасса, бояғыш заттар, жууғыш заттар және т.б);

  7. Дайын өнімді экспорттау.

Қазіргі кезде мұнай тасымалдау жүйесі мұнай саласындағы маркетингте өте маңызды орынға ие. Қазақстан мұнайының экспорты және тасымалдану бағыттына қарай теміржол, су және мұнай құбырлары арқылы жүргізіледі. Экспорттық мұнай магистралінен басқа Қазақстанның ішкі мұнай құбырлары бар.

Келесі кестеде республиканың негізгі магистральдық құбырлары көрсетілген.


2 кесте – Негізгі магистральдық мұнай құбырларының техникалық мінездемесі


Мұнай құбыры

Жұмыс істеген жыл

Ұзындығы мың.км

Диаметр

НПС саны

Өзен – Ақтау

1966

142

500

4

Өзен – Атырау

1970

683

1000

6

Қаламқас - Қаражанбас – Ақтау

1979

62

500

4

Теңіз - Грозный

1988-1990

678

1000

3

Прорва - Құлсары

1986

103

500

2

Ембі мұнай құбырлары

1977-1983

4156

200-500

10

Павлодар - Шымкент

1977-1983

1646

800

12

Құмкөл - Қарақойын

1990

400

500-700

1

Кеңқияқ – Орск

1968

400

300

4

Тиімді маршруттарды таңдау үшін келесі көрсеткіштер ескерілуі тиіс:



  • маршруттың ұзындығы және оның геологиялық мінездемсі;

  • басқа да транспорт түрлерін қолдану мүмкіндігі;

  • шикі мұнайға деген сұраныс;

  • мүмкін болатын тариф негізінде құбыр иелерінен кепілдік алу;

  • жобаның

  • таритердің бәсеке қабілеттілігі;

  • параллельді тасымалдау мүмкіндіктерінің болуы.

Қазіргі кезде қазақстандық мұнайдың тұтынушыларға тасымалдануы үш тәуелсіз мұнай құбырлары жүйесі арқылы жүзеге асады:

  1. Батыс Қазақстан мұнай құбырлары жүйесі. “Маңғыстаумұнайгаз”, “Өзенмұнайгаз”, “Қаражанбасмұнай” мұнайлары Атырау мұнай өңдеу зауытына, содан соң экспортқа жіберіледі.

  2. АҚ “Ақтөбемұнайгаз”, мұнайын Орск мұнай өңдеу зауытына тасымалдайтын мұнай жүйесі.

  3. Шығыс Қазақстан және Орта Азия мұнай құбырлары жүйесі арқылы батыс сібір мұнайы Павлодар және Шымкен мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі, сонымен қатар бұл құбырмен Құмкөл мұнайы Шымкент зауытына бағытталады.

Егер де тауар және оның ассортименттеріне келетін болсақ, жалпы мұнай ассортиментін, яғни мұнай өнімдерін мұнайды өңдеу арқылы аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауытты атап өтуге болады: Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары:
3 кесте – Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарымен негізгі мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру

Зауыт, өнім

2002

2003

2004

2005

мұнай өңдеу көлемі, барлығы

5712

8433,3

9253,6

11127,1

Павлодар

640,3

2078,2

1669,7

2932,3

Шымкент

3187,4

3654,2

3475,3

3743,9

Атырау

1884,3

2700,9

4108,6

4450,9

Автобензин, барлығы

1297,7

1665,5

1857,7

2274,6

Павлодар

240,2

504,7

483,7

928

Шымкент

796,7

836,7

872,3

956,3

Атырау

260,8

324,1

501,7

490,3

Авиакеросин,барлығы

71,1

2387,9

256,8

268,6

Павлодар

41

62,2

57,8

119,6

Шымкент

13,6

146,4

147,6

128,8

3 кестенің жалғасы

Атырау

16,7

29,3

51,4

20,2

Дизель, барлығы

1829,3

2488,5

2783,2

3319,6

Павлодар

216,2

640,9

470,1

817,3

Шымкент

961,4

1013,1

988,2

1096,1

Атырау

651,7

834,5

1324,6

1406,2

Мазут, барлығы

2129,5

2821,2

3147

3750,2

Павлодар

142,9

364,9

405,9

581

Шымкент

1334,2

1398,2

1194,6

1478,9

Атырау

652,4

1058,1

1545,5

1690,3

Ескерту – Статистика Агентігінің деректері бойынша
3-ші кестеде көріп отырғанымыздай жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру ұлғайғанын көріп отырмыз. Бұл талдау бойынша павлодар мұнай өңдеу зауытың қуатты пайдалану коэффициенті басқаларға қарағанда төмен болып келеді, өйткені ол 100 пайыз Ресейден келетін мұнайға тәуелді болып келеді. “Шымкентнефтеоргсинтез” батыс сібір мұнайына тәуелді екінші зауыт. Ол құмкөл мұнай кен орнына құбырмен жалғасады және темір жол жүйесіне шыға алады. Сондықтан, тұрақты түрде шикізатпен қамтамасыз ете алады. Бірақ та құмкөл мұнайын тасымалдау кезіндегі техникалық шектеулер өндірушілерді мұнай игеруді тоқтатуға мәжбүр етеді. Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнайды терең емес өндіреді. Бұған ескі құрылғылар, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылмаған жүйесі себеп бола алады. Қазіргі күнде үш мұнай өңдеу зауттары өнім сапасын көтеру үшін реконструкцияға, техникалық қайта қарулануға әр түрлі деңгейде инвестицияны қажет етеді.

Енді мұнайды экспорттауды заң жағынан қарастырсақ. Қазіргі кезде мұнай тасымалдау екі негізгі бағыт арқылы жүзеге асады, яғни темір жол және мұнай құбырлары арқылы тасымалданады. Бұл екі бағыт Қазақстан темір жолы және Қазтрансойл Ұлттық компанияларының қарамағында. Жалпы әрбір мұнай компаниялары Қазақстан мұнайын экспорттау жоспарын энергетика және Қазақстан Республикасының минералды ресурстар министрлігіне хабарлауы тиіс.

Қазақстан заңдары бойынша мұнай компаниялары келісім – шарт бойынша мұнай өндіруді және оны экспорттауға құқылы және өзіне тиесілі мұнайдың бір бөлігіне құқылы. Ал кеден кодексінде Қазақстан Республикасы территориясынан басқа елдерге экспорттауға құқылы делінген. Бірақ мұнда Қазақстан Үкіметі экспортталған мұнайға тарифті және тарифсіз реттеуді жүргізіп отырады. Квотаны қарастыратын тарифсіз реттеу үкімет қаулысымен қабылданады.

2003 жылы мұнай заңына өзгерістер енгізілді. Жаңа өзгертулер бойынша Үкімет құқықтары кеңейе түскен. Мысалы: экспорт көлемін реттеу, мұнай экспортына квотаны енгізу және тағы басқалар.


2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған кезден бастап, мұнайгаз саласында мемлекеттік басқару жүйесі қалыптаса бастады. 1991 жылы шілдеде “Қазақстан нефтегаз” корпорациясы құрылды, ал 1992 жылы қаңтарда аты өзгеріліп “Қазақстанмұнайгаз” ұлттық компаниясы болып жарияланды. Сол жылдың соңында мемлекеттік холдинктік компания “Мұнайгаз” болып өзгертілді. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнайгаз саласына инвестиция тартуды бастады. Осы уақыт аралығында шетелдіктердің қатысуымен көптеген кәсіпорындар ашылды. Ең ірілердің ішінде: Теңізшевройл, Қарашығанақ Интегрейтед Оперейтинг, Қазақстанкаспийшельф, Аджип ККО ( ОКИОК ) және т.б. Он жылдың ішінде көптеген жобалар жүзеге асырылды:



  • Қазақстанкаспийшельфпен жүргізілген каспий теңізі шельфіндегі геофизикалық зертеулер. Осының арқасында жүз перспективті мұнай және газ құрылымы ашылды ( 1997 жылы аяқталды );

  • КТК Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры құрылысының аяқталуы (2001 жыл );

  • Қашаған мұнай орнының коммерциялық ашылуы ( 2002 жыл ).

“ҚұлсарыМұнайГаз” акционерлік қоғамы “ҚазМұнайГаз” акционерлік қоғамының еншілес компаниясы болып табылады. Қазіргі кезде “ҚазМұнайГаз” – Қазақстанның ең ірі, тез өсу деңгейіндегі ең жас компаниялардың ішіндегі ұлттық компания. “ҚазМұнайГаз” жабық акционерлік қоғам ретінде “Қазақойл” ЖАҚ мен “Мұнай және Газ тасымалы” ЖАҚ бірігуі барысында 2002 жылы 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №811 жарлығымен құрылды. 2004 жылдың 16 наурызында компания АҚ “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” ретінде қайта тіркеуден өтті. Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – Қазақстан аумағында жұмыс істейтін және геологиялық барлаумен, мұнай қорларын қазбалаумен. Мұнай мен оның ілеспе өнімдерін өндірумен және сатумен шұғылданатын және өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғарғы стандарттарға сай жүзеге асыратын кәсіпорын.

Компания – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға сәтті көшуді қостайтын энергетикалық ресурстарды рационалды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін Қазақстанның мұнайгаз саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды. 2004 жылы “ҚұлсарыМұнайГаз” мұнайгаз өндіру басқармасымен сегіз мұнай кен орындары құрыла бастады: Құлсары. Қосшағыл, Тұлұс, Ақінген, Терең-Өзек, Қаратон + Қошқымбет, Қисымбай, Аққұдық. Осы жерлерде мұнай өндіруге байланысты 3 цех құрылған:


  • Қосшағыл (Қосшағыл, Құлсары, Ақінген, Тұлұс)

  • Терең-Өзек (Терең-Өзек, Қаратон + Қошқымбет)

  • Қисымбай (Қисымбай, Аққұдық)

1989 жылы 7 мамырда Тажиғали мұнай кен орынын Каспий теңізі сулары астында қалып, экологиялық ластанудың алдын алу себебімен 1989 жылдың 1 көкегінде консервацияланды.

Құлсары мұнай кен орыны: Атырау облысы, Ембі ауданы, Атырау қаласынан онтүстік шығысында 160 км шақырым жерде орналасқан. Өндірістік құрылысы 1939 жылы басталды. Бұл жердегі мұнай өндіру негізі 1989 жылы “КазНИПИнефть”-пен жасалынған өндіру жобасымен жүргізіледі. 2005 жылға қарай 6404,198 мың тонна мұнай және 36667,182 мың тонна су алынған. Ағымдағы мұнай қайтарымдылық коэффициенті 0,48 ал жобалық 0,53-ті құрайды. Есептік жылда 2764 тонна мұнай және 143225 тонна су алынды. Бір скважинаға келетін орташа дебит 0,45 тонна мұнай және 23,5 тонна су. Мұнай тығыздығы – 785 - 919 кг/м3.

Тұлұс мұнай кен орыны: Тұлұс мұнай орынының өндірістік құрылысы 1958 жылы 12 ақпанда басталды. Бұл жердегі мұнай өндіру негізі 1989 жылы “ТеңізМұнайГаз” өндірістік бірлестікпен жасалынған өндіру жобасымен жүргізіледі. 2004 жылы бұл жерден 2627 тонна мұнай және 69637 тонна су алынды. Бір скважинаға келетін орташа дебит 1,01 тонна мұнай және 30,1 тонна су.

Қисымбай мұнай кенорыны – Атырау облысының ембі ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік батыста 210 км жерде орналасқан. Оның құрылымы 1961-1963 жылдары гравиметрикалық және сейсмикалық түсіру барысында анықталған. Бұрғылау ізденісі 1976 жылы басталды. Мұнай кенорыны 1978 жылы ашылды. Мұнай тығыздығы 871 - 881 кг/м3. газ құрамы: метан – 68 - 72, этан 5 - 7, пропан – 0,09 - 4,38. Ал азот – 12,17 пайызды құрайды.

Терең - Өзек мұнай кен орыны: Терең-Өзек мұнай кенорынының өндірістік құрылысы 1956 жылы басталды. Мұнай кенорынында екі мұнай алаңы бар: негізгі және солтүстік-батыс. Негізгі алаңда өндірісте жеті мұнай кеңістігі орналасқан. Ал солтүстік-батыс алаңында сегіз кеңістігі құрылған. Жалпы мұнайдың алғашқы қоры: баланстық – 36414 мың тонна, алынатын – 15016. өндірістің басынан бері – 12875 мың тонна мұнай және 254287,063 мың тонна су алынған.

Компания қоғамның алдында табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, еңбек жағдайын қауіпсіздендіру, компания қызмет істеп жатқан жердің жұмысшыларының және халықтың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаға өз қызметінің әсерін төмендету деген сияқты бірқатар жауапкершілікке ие.

Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты келесі мақсаттарды айтуға болады:


  • Қабылданатын шешімдердің сапасын және басқарудың тиімділігін көтеру;

  • Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету және компания қызмет істеп жатқан жердің жұмысшыларының және халықтың денсаулығын қорғау;

  • Өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендету.

Осы мақсаттарға жетудің бірден бір шешімі болып – компанияға халықаралық ISO 9001, ISO 14001 стандарттарына жауап беретін сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғауды басқару және еңбектің қауіпсіздігін басқару жүйелерін құру және енгізу болып табылады.

Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты келесі принциптерге негізделеді:



  • Тауар, қызмет көрсету сапасы ұлттық және халықаралық стандарттарға және тұтынушылардың талғамдарына сай келуі керек;

  • Қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету мақсатында компанияның өндірістік-техникалық дамуының деңгейін көтеру;

  • Компанияның қызмет көрсету және тауар сапасын көтеру мақсатында өндірістік процесстерді үнемі жақсартып отыру;

  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты компанияның жұмысшыларының кәсіби дәрежесін үнемі көтеру, сонымен қатар жұмысшыларды өндірістік қызметтің және корпоративті басқарудың жақсарып отыруына әр уақытта бағыттау;

  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен байланысты компанияның акционер, серіктестер, жұмысшылар, мемлекеттік органдар, қоғам және де басқа қызуғышылық көрсететін жақтардың алдында ақпараттың ашық болуын қамтамасыз ету.

Экологиялық жағдайды көтеру үшін ескірген өндірістік базаны технико-материялдық жаңартулар үнемі жүргізіліп тұрады. Жалпы еншілес компанияларда шығындардың, лай сулардың және өндірістік қалдықтардың шығарылуына байланысты белгілі бір шекте лимиттер қойылған. 2005 жылы компанияның өндірістік бағдарламасын құру барысында прогрессивтік технологияларды және қоршаған ортаға әсері өте аз құрал – жабдықтарды орнату туралы сұрақтар қарастырылды.

Компания еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметті ұйымдастыруды үнемі жақсартып отырады. Соңғы жылдары компания қоршаған ортаны қорғауға байланысты бөлінетін қаражатты көбейте бастады. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты саясатқа инвестиция көтеруді жалғастыруда. Мысалы, АҚ “ҚазМұнайГаз” еншілес компанияларының экологияға байланысты шығындары 2005 жылы 115,6 млн. теңгені құрады.

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” жұмыскерлері солтүстік-каспий, Құрманғазы жобаларына, Үкімет аралық Каспий экологиялық бағдарлама шеңберінде ұлттық және стратегиялық жоспарларының экспертизасына және оны дайындауда өз үлестерін қосты.

Қазіргі кезде бүкіл әлем алдында келесі проблемалар тұр – сапа проблемасы, қоршаған орта проблемасы және еңбекті қорғау проблемасы. Сапаны жақсарту – барлық қызметтің дамуына, жақсаруына әкелетін саясаттың негізі болып табылады. Сапа деңгейі – экономика дамуы деңгейінің сенімді индикаторы. Сапа жақсаруы ғылыми-техникалық прогреске және қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер етеді.

Кәсіпорынды басқарудағы әлемнің ең соңғы тенденциясы ретінде ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды басқарудың ең тиімді құралы ретінде енгізу және сертификаттау қызығушылық тудыруда. Менеджмент жүйесін сертификациялау – ішкі және сыртқы нарықта өнімнің және қызметтің бәсеке қабілеттілгің қамтамасыз ететін, қазіргі кездегі кәсіпорын дамуындағы ең қажетті деңгейі болып табылады.

Уақыт талабына сай АҚ “ҚазМұнайГаз” басқару құрылымына ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды енгізу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Бұл жүйені іске қосу және енгізу бірнеше стадияға бөлінген. Қазіргі кезде бұл жүйе АҚ “ҚазМұнайГаз” орталық аппаратында және “ЕмбіМұнайГаз”, “ҚұлсарыМұнайГаз” және “ӨзенМұнайГаз” өндірістік еншілес компанияларының басқару аппараттарында енгізілу стадиясында. Алға қойылған жоспарларды орындау үшін еншілес компанияларда кәсіби мамандар және озық технологиялары бар сапаны басқару бөлімдер құрылған. “ҚұлсарыМұнайГаз” компаниясының технологиясы жабдықтаушы қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Аталған технология – бұл әрдайым сапаны жақсартуға бағытталу арқылы қызметті және материалдарды сатып алу жүйесін жақсартуға болатын құрал ретінде қарастырылады. Ал қызметке үлкен талаптар қойылған.

“ҚұлсарыМұнайГаз” жеткізу сапасын көтеру программасы сатып алуды және қызметті жақсартады, өйткені ол сапаны үнемі көтеруге және сатып алынған өнімдердің жалпы құнын төмендетуге бағытталған. Осы программаны орындау үшін тұтынушылардан, жабдықтаушылардан, материалдық-техникалық жабдықтау мамандарынан тұратын арнайы топтар құрылған.

Программаның негізгі этаптары: материалдарды таңдау, товармен жұмыс істейтін топтарды құру, сатып алынған өнімнің жалпы құнын талдау. Жабдықтаушыларды таңдау және бағалау.

Бағдарлама деңгейлері:

А. Товарды таңдау



  1. Бұл жағдайда келесілерді ескерген жөн: қызметтің және товардың жалпы сапасы; қабылданған мақсат; қызметкерлердің қызығушылық деңгейі; тұтынушыларға, қызметкерлерге және қоршаған ортаға әсері.

В. Өнімді сатып алу бөлімін құру: Топты құру барысында келесі талаптарды ескеру керек: ұқсас құрылым; көп бағыттылық; қиын қарым-қатынас; эксплуатация; объектіні жобалау; мат. техникалық жабдықтаумен басқару; сапаны бақылау; ізденіс және жобалау; қаржыландыру.

Ескерту: материалдық-техникалық жабдықтау тобының бөлімі тауар санының көп болуына талпыну керек.

С. Сатып алынған өнімнің жалпы құнына талдау жасау:

Сатып алыңған өнімнің жалпы құны әдетте кейбір жағдайларда анықауға қиын бірнеше тіке және жанама шығындардан құрылады. Бірақ бұған қарамастан анализді дұрыс жасағанда шығатын бөлек алынғандағы сома, алынған өнім және қызмет пен таурды пайдалану кезінде тура дәлдікпен шығуы мүмкін.

Д. Жабдықтаушыны таңдау және бағалау.

Жабдықтаушыны таңдау және бағалау келесі этаптарды қамтуы қажет:



    • Жабдықтаушының “ҚұлсарыМұнайГаз”-ға қосатын салымдарды ескеру

    • Ең жақсы жабдықтаушыны анықтау;

  1. Жабдықтаушыны бағалау кезінде қойылатын критерилер келесідей:

  • Тауар сапасы;

  • Жабдықтаушымен жұмыс істеу тәжірибесі;

  • Жабдықтаушының өз қызмет саласындағы жағдайы;

  • Қаржылық тұрақтылық;

  • Патенттің және ғылыми-зертеу потенциалының бар болуы;

  • Техникалық жабдықтау кезінде сапалы қызмет жасау.

  1. Қарым қатынасты сапасын жақсарту тобы келесі факторларды қамтиды:

  • Жабдықтаушымен үнемі қарым қатынас жасау, үнемі кездесу;

  • Компанияға жақсартулар енгізу және бағалау;

  • Жабдықтаушы сертификациясына талпыну;

  • Сапаның үнемі өсуін және бақылауды қамтамасыз ету;

  • Отырыстың протоколын басып шығару және тарату.

“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының қарамағында бірнеше мұнай құбырлары бар. Төменде мысал ретінде Қисымбай – ең ірі мұнай құбырының мұнай дайындау технологиялық регламенті және технологиялық сызбасы, сонымен қатар мұнайдың физико – химиялық қасиеті көрсетілген.

4 кесте – Қисымбай мұнай кен орынының физико-химиялық қасиеті



Қасиеті

Өлшем бірлігі

 интервал

Горизонттың орналасу тереңдігі

м

1650

Алғашқы пласттың қысымы

МПа

14,08 - 16,97

Қанығу қысымы

м3/тн

10 - 11,5

Газдық фактор

доли ед

87

Пористость

г/см3

0,11 - 0,33

Тығыздығы

мкм2

0,8936

Өтімділігі

сст

0,001 - 3,39

20.0 ғы тұтқырлығы

%

30,68

Күкірт

%

0,57

Смол

%

7,5

Асфальтен

%

3,7

Парафин

%

0,56

Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дің деректері бойынша

Жоғарғы көрсеткіштерді талдасақ келесі нәтижелерге келе аламыз: Жалпы Қисымбай мұнай кен орнынан алынатын мұнай құрамы барлық қазақстан мұнай кен орындарынан өте қатты ерекшеленбейді. Кестеде көріп отырғанымыздай мұнай құрамында парафин өте көп, бұл өте жақсы көрсеткіш емес, яғни парафиннің көптігінен мұнай өте қарапайым температурада тез қата береді, оны сұйыққа айналдыру үшін көптеген энергия жұмсалады. Парафиннің қалыпты көлемі 0,22 – 0,30 аспау керек. Ал біздің мысаламызда ол 0,56 көрсетеді. Горизонттың орналасу тереңдігі басқа кен орындарға қарағанда жақынырақ орналасқан. Бұл мұнайдың оңай алынуың қамтамасыз етеді, яғни 1650 метр қазақстан жағдайында қалыпты тереңдік болып саналады.

Күкірт, смол және асфальтен құрамы бұл жерде қалыпты жағдайдан өте жоғары. Мысалы, күкірттің көлемі – 0,30 дан, смоланың көлемі – 5,6, ал асфальтен көлемі – 3,1 аспау керек.

Жалпы Қисымбай кен орнында мұнай дайындау технологиялық регламенті келесідей: 40 – 45 пайыздық сулы және 7 – 10 мың мг/л хлорлы тұз мұнай эмульсиясы Аққұдық және Қисымбай промысылынан шығып мұнай 1-ші деңгейлі мұнай газ себераторына (НГС – 1) бағытталады. Оған кіре берісінде 184 г/т мөлшерінде деэмульгатор жіберіледі. Отсипарирленген газ НГС – 1 – тен шығып газ себераторы (ГС) арқылы өзіндік тұтыну қажеттіліктерге және факельге барады, ал сұйықтық ОГ – 200 сияқты отстойникке келіп құяды. ОГ – 200 ге келіп құйған су жинала келіп буферлік сыймдылыққа жеткізіледі, ал мұнай болса, мұнай қыздыру тұрба пеші (ПТ 16 – 150) арқылы 2-ші деңгейлі мұнай газ себераторына (НГС – 2) жіберіледі. НГС – 2 ге кіре берісте эжектор арқылы шайылатын мұнайдың сапасына байланысты жалпы көлемнің 12 пайызындай 60 – 80 t температураға сай келетін тұщы су беріледі. Содан кейін пласттық судан тұнығу үшін сұйықтық ЭГ – 200 деп аталатын электро- дегидраторға бағытталады. Тұссызданғаннан кейін мұнай ең соңғы себератор-дан (КСУ) өтіп технологиялық резурвуарларға түседі. Резервуарлар толғаннан кейін мұнай эмульсиясы 30 минуттан кем емес уақыт тұндырылып, тексеруші жұмысшылармен мұнайдың құрамындағы хлорлық тұзын анықтау үшін мұнайдың аз көлемін тексеруге алады. Кондициялық (қалыпты) мұнай құрамын алғаннан кейін мұнай центробеждік насос (ЦНС 60/264) арқылы “Опорная” мұнай өткізу (ПСН) тауарлық паркіне жеткізіледі. Ал егер де алынған мұнай құрамы стандартқа сәйкес келмесе ішкі насос (НБ 50) арқылы мұнай бірінші мұнай себерациясына жіберіледі, сонымен болған процесс қайталанады. Электродегидратор және буферлік сиымдылықта жатқан су (БЕ –100) К –150 насосы арқылы патрондық фильтірі бар отстойникке (ОПФ – 200) құйылады. Содан соң ОПФ – 200-ден көлемі V= 400 м3 және PBC №6 резервуарға жиналады. Осы жерде жиналған су, пластағы қысымды сақтау мақсатымен, НБ – 125 насосы арқылы айдалады.

“ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының өндірісті басқару құрылымы өте күрделі емес. Басқарудың үлкен бөлігі әртүрлі мұнай кенорындарын басқарумен сипатталады. Жалпы басқарудың барлық құрылымы “ҚұлсарыМұнайгаз” басқармасының басшысына бағынады. Оған әртүрлі жағдайларда есеп беретін алты құрылым бағынады:


  • Қаратон басшысының орынбасары – келесі бөлімдер үшін жауапты:, Терең Өзек, ИТР - 16

  • Бас геолог – келесі бөлімдер үшін жауапты: геологиялық бөлім; ЦНИПР ИТР 31

  • Бас инженер – келесі бөлімдер үшін жауапты:, ЦДНГ Қисымбай, Қосшағыл, ИТР-8. Бұл жерде қосымша бас механик ООС, ОТ және ТБ, ПРЦЭО бөлімдеріне жауапты. Ал бас энергетик бөліміне ЦИТС, ИТР-6 бөлімі кіреді. Компьтер және байланыс бөліміне: ПТО ИТР-4 бөлімі бағынады.

  • Экономика бөлімі басшысының орынбасары – келесі бөлімдері үшін жауапты: қаржылық бақылау, салық бөлімі, ішкі бақылау және персоналмен жұмыс істеу бөлімі.

  • Материалдық қамсыздандыру мен транспорт басшысының орынбасары бөлімі келесі бөлімдер үшін жаупты: МТС участігі, арнайы техника және транспорт цехы, құрылыс бөлімі, объектіні ағымдағы ремонттау участігі.

  • Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары бөліміне келесі қорлар және бөлімдер кіреді: әлеуметтік даму бөлімі, қонақ үй, ОКЦ “Нефтяник”, “Қосшағыл” клубы, агроучасток, Тұрғызба поселкісіндегі баня, Мұнайшы паркі.

2005 жыл Компанияның ішкі ресурстарының дамуына, мүмкіндіктердің кеңеюіне және жұмыс тиімділігінің максималды жоғарлауына мүмкіндік беретін негізгі бағыт кадрларға және жұмыс шараларына көп көңіл бөлінеді деп қарастырылған. Мүмкіншіліктер және компанияның ішкі ресурстары – бұл компанияның алға қойылған стратегиялық мақсаттарды орындау мүмкіндігі. Сондықтан жетістікке жету үшін осы ішкі ресурстарды дамыту және кеңейту келесі салалар бойынша жүргізіледі:

    1. Капиталға салымдардың экономикалық тиімділігі жоғары болатын және оны шығындарды азайтып және өндірісті көбейте отырып, әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес қауіпсіздік техникасың көрсеткіштерін орындау.

    2. Адамдар – компания негізін, оның стратегиясын , күшін және жетістікке жетуін “ҚұлсарыМұнайГаз” біріккен қызметкерлер коллективі анықтайды. АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” компаниясының құндылықтары мен принциптерін негізге ала отырып, компанияның ұзақ мерзімді перспективасының дамуын қамтамасыз ететін, қызметкерлердің профессианалдық білімі мен тәжірибесінің дамуына мүмкіншілік туғызады.

Сонымен қатар 3 негізгі пункттен тұратын “2004 жылдың жұмыс қорытындыларына” сай бағдарлама құралған:

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – негізгі мақсаты бұл – әрбір жұмысшыға жұмысына сай әділ еңбек ақы беру. Еңбек ақы төлемдері толықтай Қазақстан заңдарына сай келеді, өйткені еңбек ақы заңмен берілген минималды жалақыдан төмен емес.

АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – еңбек ақыға байланысты саясаты бұл –Қазақстан заңдарына да сәйкес еңбек сапасына және еңбек көлеміне байланысты бірдей жалақы беру.

Компанияның базалық сағаттық ставка арқылы жалақыны төлеп отырады. Жұмысшылар өзінің дәрежесі бойынша базалық сағаттық негізде еңбек ақы алады. Бұл ставкаға жыл сайын сыртқы факторларды ескере отырып (мысалы басқа компания жалақысы немесе Қазақстандағы инфляция) өзгерістер енгізіліп отырады.

2005 жылғы еңбек туралы есеп беру қорытындысы бойынша талдау жасасақ: Жалпы компаниядағы жұмысшылардың орташа саны – 853 адам, оның ішінде әйелдер саны 266. Өндірістік персонал – 752, әйелдер саны – 246; өндірістік емес сферада, яғни әлеуметтік сферада – 18 адам, оның ішіндегі әйелдер саны – 11; шаруашылық үлгімен жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны – 83, оның ішінде әйелдер саны – 9:


  • Ликвидациялық бригада – 29 адам;

  • Капқұрылыс бойынша бригада – 22 адам;

  • Капремонт бойынша бригада – 17 адам;

  • Экология бойынша бригада – 15 адам.

Еңбек ақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса, қосымша – үстемақы мен сиақыдан тұрады. Ұйымда жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін профессионалдық шеберлігіне, басқа персоналды үйреткені үшін, жоғарғы біліктілігі үшін және компанияның жылдық қорытындыларына қарай қосымша үстемақылар мен сиақылар төленеді. Жыл сайын жұмысшылардың компанияның жетілуіне қосқан үлесі үшін марапаттау қорын жүргізеді. АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” – әлеуметтік жауапкершілікті компания. Көптеген компаниялардың климаттық жағдайы және экологиялық еңбек жағдайының қиын екенін ескере отырып, АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” әлеуметтік сферасындағы ең негізгі бағыт – мұнайшылардың күнделікті өмірлік жағдайларын, тұрғын үй мәселесін көтеру болып табылады. Құрылыстың негізгі объектісі – жетік технологиялармен қамтылған асханалар, қоғамдық мәдени объектілері, спорт кешендері, мұнайшыларға арналған тұрғын үйлер болып табылады.

Қазіргі кезде АҚ “ҚазМұнайГаз” және оның еншілес компанияларының қарамағында қазіргі заманғы профилактикалық және медециналық жетік технологияларымен қамтылған көптеген санаторлық-курорттық орындар бар. Солардың ішіндегі ең ірілері: “Кендерлі” кешені, “Мұнайшы” (Маңғыстау облысы), “Атырау” санаториясы (Атырау облысы), “Сұңқар” кешені (Ақмола облысы), “Алтын – Бұлақ” санатория-профилактикалық кешені (Оңтүстік Қазақстан облысы) және т.б.



Келесі кестеде АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша 2005 жылғы “Сұңқар” денсаулық көтеру кешенінде адам саны көрсетілген:
5 кесте – АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша 2005 жылғы “Сұңқар” денсаулық көтеру кешенінде адам саны


 

Еншілес компания аты

Денсаулық көтеру кешенінің, демалыс орындарының аты

Демалушы адамдардың жалпы саны

Ересек адамдар

Балалар

1

2

3

4

5

1

АҚ "ҚұлсарыМұнайГаз"

"Сұңқар" денсаулық көтеру орталығы



 -

2

Санатория "Таврида" Евпатория қ.

 

280

3

Санатория "Приморье" Крым

2

 

4

Санатория "ЦВСА" Алушта қ

 

 

5

Санатория "Қазақстан" Алматы

4

 

6

Санатория "Сарыағаш" Шымкент

2

 

7

Санатория "Атырау" Атырау қ

240

 

8

Санатория "Қамыскөл" Құлсары қ

116

 

9

Лагерь "Аян" Алматы

 

 

10

"Мигнон" Карловы - Вары

 

 

11

Басқа да ТМД және Қазақстан санаториялары

4

 

12

Барлығы

 

368

 
Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дің деректері бойынша
АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” әлеуметтік саясаты – мұнайгаз саласындағы жұмысшыларға және олардың жан ұяларына, халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына емделуі, демалу және жоғары өндірісітік еңбекті қамтамасыз ету үшін ең қажетті және жайлы жағдайлар жасалған. Осыған байланысты компания, Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске – 60 жылдықта соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты қайырымдылық акциясын өткізді. Осы айтылған акция шеңберінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді, соның ішінде мерекеге байланысты бір реттік ақшалай көмек, әртүрлі журналдар мен газеттерге тегін жазылу, дәрі-дәрмек алу үшін ақшалай көмек, қарттар үйін әртүрлі техникамен жабдықтау және т.б.

6 кесте – “ҚұлсарыМұнайГаз” АҚ бойынша 2004 – 2005 жылдардағы негізгі технико– экономикалық көрсеткіштер







Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004

жыл


2005

жыл


Ауытқулар

+,-

(%)

1

Мұнай көлемі

мың тонна

1472

2600

928

177

2

Өнімінің өткізуден түскен табыс

млн тг

32203017

38893365

6690348

120

3

Жалпы табыс

млн тг

19735961

24163660

4427699

122

4

Тауар өнімінің өзіндік құны

млн тг


12467056


14729705


2262649


118


5

Еңбекақы қоры


млн тг


694823


785144


90321


113


6

Персоналдың орташа тізімі

адам

836

853

17

102

7

1 теңгеге кеткен шығын

тиын

0,77

0,70

-7

91

8

Кезең шығындары

млн тг

10582653

12519380

1936727

118

9

Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс

млн тг

9153308

11644280

2942498

127

10

Салыққа дейінгі табыс

млн тг

8831707

12099111

3267404

137

11

Таза табыс

млн тг

6475060

8807174

2332114

136

12

Өнім рентебельділігі

%

28,1

32,3

4,2

-

13

Өндіріс рентабельділігі

%

10,5

13,3

2,8

-

14

Сату рентабельділігі

%

20,1

22,6

2,5

-

15

Қор қайтарымдылығы

млн тг

0,53

0,6

0,07

113

16

Қор сиымдылығы

млн тг

1,9

1,7

-0,2




17

Қормен қарулану

млн тг

72154

76049

3895

105

18

Негізгі құралдардың жылдық орт құны

млн тг

60320516

64870201


91503

100,1

19

Айналым құралдарының жылдық орт құны

млн тг

1494689

1596522

101833

107

20

1 жұм орт е/ақысы

мың тг

70540

72756

994

105
Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың деректері бойынша есептелінген
6 – шы кестеде көріп отырғанымыздай өндірілген мұнай көлемі 2004 жылы 1472 мың тонна мұнайды құраған, ал 2005 жылы өндіріс көлемі өсіп, бұл көрсеткіш 2600 мың тоннаны құраған.

Сонымен қатар, өткізуден түскен табыс, бұл жерде 2004 жылы 32203017 теңге болып, 2005 жылы 38893365 теңгеге артты немесе 120 пайыз. Бұл АҚ үлесін өсіру мақсатымен айқындалады. Яғни сапалы өнім шығару және өткізу бойынша мамандарды жетілдіру.

Кәсіпорынның жалпы табысын келесі формуламен есептелінеді: жалпы табыс = Өткізуден түскен табыс - өнімнің өзіндік құны. 2005 жылы жалпы табыс 4427699 теңгеге көтеріліп 24163660 теңгенң құрады. Жалпы табыстың көтерілуі өткізуден түскен табыс пен өнімнің өзіндік құнының жоғарылауының әсерінен болып отыр.

2004 жылы өнімнің өзіндік құны 21467056 тенге құрады.Екі жылдың айырмашылығы 2262649 мың тг болды, яғни 2005 жылы бұл көрсеткіш 14729705 теңгеге жетті. Өзіндік құн кәсіпорынның жалпы мінездемесі болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық деңгейін сипаттауға болады.

Келесі көрсеткішті талдасақ, 2004 жылы Еңбек ақы қоры 6948230 теңгеге тең болды. Бұл көрсеткіш 2005 жылы өсіп 7851440 теңгені құрады. АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша адам саны өсті, яғни персоналдың орташа тізімі 17 адамға немесе 102 % - ға өскен. Кәсіпорынның жылдан – жылға дамуы, кеңеюімен байланысты оған қосымша жұмысшылар керектігі айқын. Орташа айлық жалақысы 2005 жылы 72756 тг құрады.

Пайда арасындағы тікелей байланыстың бар екенін көрсететін көсеткіш бұл - өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны. Бұл көрсеткіш жалпы және өнімді өткізуге кеткен шығындардың, өнімді өткізудегі бағаның қатынасына тең.

1 тенге шығын = өзіндік құн+кезең шығыны/өткізуден түскен табыс

2004 жылы 1 теңгеге кеткен шығын 0,77 теңгені құрады. Ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 0,70 - ке дейін төмендегенін көреміз, яғни бұл жерде шығын үнемделді деген сөз.

Кезең шығындары. Бұл көрсеткішке жалпы шығындар, өткізуге кеткен шығындар пайыз шығындары жатады. 2004 жылы бұл көрсеткіш 10582653 млн теңге болса, 2005 жылы 12519380 млн тг болды. Оған себеп болған өткізу бойынша шығындар мен пайыздарды төлеуге кеткен шығындар көлемі жоғары болған.

Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс 2004 жылы 9153308 теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 11644280– ке тең болды. Негізгі айырмашылық –2942498 ке тең. Оны біз келесідей есептейміз:

Негізгі қызметтен түскен табыс = жалпы табыс - кезең шығындары

Таза табыс 2004 жылы 6475060 млн тенгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 2332114 млн тенгеге жоғарылап 8807174 млн тенгені құрады.

Өнім рентабельділігін анықтау үшін келесі формула қолданылады:

Өнім рентабелділігі =Таза табыс / Толық өзіндік құн * 100%

Бұл жердегі толық өзіндік құнды келесідей табамыз:

Толық өзіндік құн = өзіндік құн + кезең шығындары

Кәсіпорынның өндірістік қызметін есептеуде ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып – өндіріс рентабельділгі саналады. Өндіріс рентабельділігіне барлық әкімшілік шығындар жатады:

Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / ОС+ОПС *100%

Кәсіпорынның келесі көрсеткішін, яғни сату рентабельділігін келесідей есептей аламыз: Сату рентабельділігі = Таза табыс/өтк. түскен табыс

Қор қайтарымдылығы. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Бұл көрсеткіш өткізуден табыс алу үшін қаншалықты активтер (құралдар) тиімді пайдаланатынын көрсетеді. Ол өндірілген өнім көлемінің негізгі өндірістік қордың орташа құнына қатынасы. Оның көлемі 2004 жылы 53,4 – ке, ал 2005 жылы 112 пайызға өсіп, 60 – қа жетті. Оны келесідей анықтадық:

Қор қайтарым =өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құрал (орт).

Қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш бұл - қор сиымдылығы, ол негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2004 жылы қор сиымдылығы 187 көрсетіп, 2005 жылы бұл көрсеткіш төмендеп 166,7 кетті. Қор сиымдылығына жалпы капитал салымдарының үнемделуі мен ұлғаюы әсер етеді. Қор сиымдылығын есептеу формуласы төмендегідей болады:

Қор сиымд =негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім.

Қормен қарулану, 2004 жылы бұл көрсеткіш 72153 мың тенге болса, 2005 жылы 76049 мың теңгеге жетті. Оны біз келесі формуламен анықтаймыз:

Қормен қарулану = негізгі қордың (орт)/жұмыс істейтін дер

Қорыта айтқанда жалпы соңғы жылы кәсіпорынның экономикалық жағдайы өскенін байқаймыз. Әрине бұл үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп, ұқыпты ұйымдастырылған, білікті мамандар көмегімен іске асырылады. Егер осы көрсеткіштер жыл сайын жоғарыласа, компанияның стратегиялық мақсаты, яғни мұнай көлемін арттыру мұмкін болады.

Қаржылық бөлім қаржылық қызметті басқарып, жұмысшыларды, акционерлерді және басқа да тұлғаларға “ҚұлсарыМұнайГаз” мақсаттары мен жоспарлар шекарасында ақпаратпен қамтамасыз етіп консультациялар жүргізеді. Компанияның Қаржылық бөлімі бас менеджер басқаратын төрт негізгі бөлімшелерден тұрады.


экономика бөлімінің басшысы









Ішкі бақылау

Қаржылық – бақылаушы

Персоналмен жұмыс істеу бөлімі

Салық бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет