Мемлекеттік органның стратегиялық бағытының, мақсатының және міндеттерінің атауы.
|
Есептік кезеңдегі мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралары
|
(Есептік кезеңде мемлекеттік органдар қызметінің нәтижесін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың) нақты орындалуы
|
Орындалмау себебі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-стратегиялық бағыт.
Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру
1-мақсат. Аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру
2-стратегиялық бағыт
Халықтың дене тәрбиесі жүйесін жаңарту және қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1-мақсат.
Жоғары жетістіктер спортын дамыту.
2-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту.
|
1. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар арасында функциялар мен жауапкершілікті айқын бөле отырып, жаңа ұйымдастыру құрылымын бекіту
|
Министрліктің орталық аппаратының жаңа құрылымы Жауапты хатшының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 02-02-18/147 бұйрығымен бекітілді.
|
|
2. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
|
2011 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстары жалғастыру тобында 30 адам оқуды бітіріп, сертификат алды. 45 қызметкер үшін ағылшын тілін оқу курсы қазан айының екінші жартысында басталды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының өзара іс-қимылының мақсатында шілде айында министрлік өзара ынтымақтастық жөніндегі мемарандумға қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес Акадамияның ұйымдастырылуымен министрліктің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы тармақтары бар. Қараша айында Академиямен министрліктің қызметкерлері үшін Жапониядан келген шетелдік инвестор-дәріскердің «Туризм менеджметі»-атты салалық біліктілігін арттыру курсы өткізілді.
|
.
|
3. Оқыту курстарында қызметкерлерді, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету
|
Министрлік қызметкерлері үнемі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және өзге білім беру ұйымдарымен ұйымдастырылған біліктілігін арттыру, оқыту курстарында өз кәсіби деңгейін арттырып отырады, сонымен қатар, шетелдік семинарларға да қатысады. 2011 жылғы есептік кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін артыру курстарында өзге білім беру ұйымдарымен ұйымдастырылған министрліктің 78, оның ішінде орталық аппараттың – 39, Спорт комитеті-17, Туризм индустриясы комитетінің -22 қызметкері оқытылды.о
|
|
4. Дамытуға маңызды үлес қосқан адамдарды моральдық ынталандыру мақсатында туристік қызмет, дене шынықтыру мен спорт салаларында ведомстволық марапаттау
|
Есептік кезеңде 52 адам Дене шынықтыру және спорттың дамуына еңбек сіңіргені үшін белгілерімен марапатталды.
|
|
5. Туризм және спорт салаларында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету, министрліктің Ұлттық туристік әкімшіліктермен және спорт саласындағы халықаралық ұйымдармен халықаралық байланыстарын одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде шаралар қабылдау;
|
2011 жылғы мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен Корей Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында туризм саласының ынтымақтастығы туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
2011 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен және Беларусь және Әзербайжан Республикаларының Спорт және туризм министрліктері арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы 2011 – 2012 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
|
|
6. Қазақстан қосылған халықаралық актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін, сонымен қатар министрліктің қызметі саласында және азаматтық қоғамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілерінде шешімдер қабылдау процесіне тең қатысуын іске асыруды қамтамасыз ету
|
Қазақстан қосылған халықаралық актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін, сонымен қатар министрліктің қызметі саласында және азаматтық қоғамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілерінде шешімдер қабылдау процесіне тең қатысуын іске асыруды және билікте шешім қабылдай алатын әйелдер қауымдары 30% жетті (жалпы басшылар санынан, басқарма басшыларын қосқанда, 2011 жылы министрлікте басшылық лауазымындағы әйелдер саны – 53,7% құрайды, ал жалпы басшылар санынан, басқарма басшыларын қосқанда, 2010 жылы – 47,6% құрады).
|
|
7. Министрлік қызметінің тиімділігін және сапасын рейтингтік бағалауды жүзеге асыру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесі Басшысының тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Жауапты хатшысының 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 02-02-18/73 бұйрығына сәйкес қызметкерлердің қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді. Тапсырмаға сәйкес бағалау 2011 жылғы мамырдан бастап ай сайын бағаланып отырады. Өткізілген бағалау қорытындысы министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесінде талқыланды. Бағалау бойынша жұмыс тобы құрылды, отырыс үнемі өткізіліп тұрады. Талқылау барысында дұрыс және әділетті бағалау үшін қызметкерлердің бағалау парақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілді.
|
|
8. Құжаттаманы өткізудің барлық кезеңдерінде ақпараттық бағдарламаларды функционалдық қолдануды кеңейту;
|
Бұдан әрі электрондық құжат айналымын дамытуды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылғы 26 қаңтарда жаңа редакцияда «Электрондық құжат айналымының ережесі» бекітілді. Электрондық құжат айналымын қабылдау деңгейі жыл сайын орталық және жергілікті мемлекет органдардың қызметін тиімді бағалау жүйесіне енгізілді. Министрлікте электрондық құжат айналымы толық форматта қызмет етеді - хат-хабардың келіп түскенінен және жіберілгеніне дейін, олардың келісуі, қарастыруы, орындалуы, бақылау, мұрағатқа дейін сақталуы. 2011 жылы министрлік және барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында электронды құжат айналымы толық қол жеткізді. Құжаттардың қағаз және электронды нұсқаларының басым бөлігі бір уақытта тіркеледі. Министрлік 2011 жылы толық электронды ішкі құжат айналымын пайдалануға көшті. Ішкі хат алмасу, қызметтік жазбалар қағаз тасығыштарсыз қалыптастырылады.
2011 жыл ішінде министрлік қызметкерлерінің жұмыстарын жетілдіру мақсатында ЭҚАБЖ байланысты 3 оқыту семинарлары өткізілді. 2011 жылғы 7 маусымда министрліктің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық қағаз нұсқаушысын қайталаусыз электронды құжат айналымына көшу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары).
2011 жылы 29 қыркүйектегі № 02-04-42 іс-шаралар жоспарының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатымен келісіліп тек электрондық нұсқада қалыптастырылатын құжаттарды ескере отырып, министрліктің іс номенклатурасы 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 26 бекітілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің төрағалығымен өткен «ИТ салаларды және кейбір электрондық мәселелерді дамыту туралы» кеңесі хаттамасының 6.1-тармағын орындау мақсатында 2011 жылғы 1 қазанда ЭҚАБЖ қызметіне қажеті техникалық құралдармен жабдықтау және ведомствоаралық электронды құжат, электрондық құжаттар айналымын, куәландырылған электронды цифрлі қол қоюды дамыту жұмыстары аяқталды.
|
|
9. Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыру;
|
Министрлік мемлекеттік тілдің қызметі саласын кеңейтуге және мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыруға басты назар аударады.
Министрлікте жыл сайынғы 2011 жылға арналған мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және Жауапты хатшының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 02-02-18/30 бұйрығымен бекітілді. Ай сайын департаменттер мен комитеттер бөлігінде мемлекеттік тілдегі құжат айналымының жағдайы бойынша талдау жасалып отырады. Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілде даярлаған құжаттарының көлемін арттыру тенденциясы байқалуда. Шығыс құжаттары бойынша өткізілген талдау негізінде мемлекеттік тілде орындалған құжаттардың үлес салмағы 92-94%-ға жетті.
Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру мақсатында арнайы оқу курстары ұйымдастырылуда, оның қаржыландыруы 001 «Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару және сала аралық, өңіраралық қамтамасыз ету қызметі» бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Өткен жылы мемлекеттік тілді оқыту курстары 2011 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін өткізілді. Курсты 28 адам бітіріп шықты. Ағылшын тілі курсына министрліктің 44 қызметкері жазылды, оқыту курстары 2011 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін оқыту жоспарланып отыр.
|
|
10. Шешім қабылдау деңгейінде биліктегі әйелдер өкілдігін 30%-ға жеткізу
|
Жалпы басшылар санынан, басқарма басшыларын қосқанда, 2011 жылы министрлікте басшылық лауазымындағы әйелдер саны – 51,2% құрайды.
|
|
11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- ІТ қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтылудың үлесі (2011 жылы -38,0%, 2012 жылы-50,0%, 2013 жылы -65,0%. 2014 жылы -80,0%);
- корбкалы (лицензиялау) көлемінде қазақстандық қамтылудың үлесі ПО (2011 жыл-5,0%, 2012 жыл -8,0%, 2013 жыл -11,0%. 2014 жыл-15,0%);
- ІТ – жабдығымен қазақстандық қамтылудың үлесі (2011 жыл - 5,0%, 2012 жыл -7,0%, 2013 жыл -8,0%. 2014 жыл-10,0%)
|
- ІТ қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтылудың үлесі 100%;
- қорапты (лицензиялау) көлемінде қазақстандық қамтылудың үлесі ПО - 100%;
- ІТ – жабдығымен қазақстандық қамтылудың үлесі - ІТ жабдығын сатып алу II жарты жылдықта жоспарланып отыр.
|
|
12. Бизнесті тіркеумен және басқарумен байланысты (рұқсат, лицензия, сертификаттар алу, аккредитация және консультация алу) операциялық шығындарды басқаратын салаларда 2011 жылы 30% және 2015 жылға 30% төмендеуі
|
Жетекшілі ететін бизнесті тіркеумен және басқарумен байланысты (рұқсат, лицензия, сертификаттар алу, аккредитация және консультация алу) операциялық шығындарды басқаратын салаларда төмендету шығын уақытын қосқанда 15 %-ы құрайды.
|
|
13. НҚА сұрақтарын іске асыруда ҮЕҰ бірігіп ынтымақтасты жалғастыру (эксперттік кеңес шеңберінде
|
Сараптама кеңесін қамсыздандыру мақсатында кәсіпорындық мәселелер бойынша министрлік 15 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға жолдады. Алайда, кейбір жобалар бойынша әзірлеушінің жобаға өзгерістер енгізуін ескере отырып бірқатар сараптама жасалды. 1 жобадан басқа барлық жобалар ескертусіз келісілді.
|
|
14. 2011 жылы жетекшілік салаларда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және мониторинг
|
|
Туризм және спорт саласында мемлекеттік қызметтердің тізбесі жоқ. Өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің 16
стандарттары әзірленді, «Атамекен одағы», «Қазақстандық туристік қауымдастығы», «Қазақстандық қонақ үй және мейрамхана» қоғамдық бірлестіктерден коррупцияға қарсы сараптасы бойынша ескертулер алынды. Мемлекеттік органдарға бірнеше рет жолданды.
|
|
15. Министрліктің ақпараттық технологиясын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру:
1) министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық интранет-порталын пайдалануын 2011 жылы 100%-ға дейін қамтамасыз ету;
2) Министрлік функцияларын автоматтандыру
|
1) 2011 жылы Мемлекеттік органдардың ақпараттық интранет-порталын пайдалану саны 100%-ға дейін қамтамасыз етілді.
2) министрліктің кейбір функцияларын автоматтандыратын «ARTA Synergy» ақпараттық жүйе енгізілді.
|
|
|
16. 2011 жылғы министрліктің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерін 100%-ға дейін ақпаратты криптографиялық қорғаудың қазіргі заманғы құралдарымен қамтамасыз ету
|
Серверде Министрлік бірігей көлік ортасына кіру нүктесіне ақпаратты криптографиялық қорғаудың қаражатың белгілеу жұмыстар жүргізді.
|
|