1 кесте. Кестеде аталған жіктеу белгілерінен кәсіпорынның түрлерін толтырыңыз



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі24.81 Kb.
#452638
1   2   3
маркетинг

Бақылау сұрақтары:

  1. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар;

1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.

4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.

      5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.

  1. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу;

Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

  1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi;

 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды.

2. Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады.

      3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер:

      1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары;

      2) оның қызметiнен алынған табыс;

      3) заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.

  1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы;

  1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.

  2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.

  3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.

  4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды бағалаушы растауға тиiс.




  1. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.




  1. АҚ ұғымы. Қоғамның құрылтайшылары;

 Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады.  Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.

6. Қоғамның жарғысы.



Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет