1 КҮН. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- қҰЛЫҚ ЖӘне оның алдын алу



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата23.11.2022
өлшемі457.01 Kb.
#465588
  1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 1



1 КҮН. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-
ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ. 
Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар 
көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс 
жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй 
бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір 
қызықтырмайтын болып келеді. 
Статистика: 
Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: 
тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, 
мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол 
жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің 
селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын 
білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық 
сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген 
жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген 
психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан 
жасөспірімді аман алып қалған болар еді... 
Жыл мезгілі 
  Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы 
табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы 
қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал 
керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық 
туындайды. 
Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін 
білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан 
бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды 
мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек 
жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады. 
Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына 
және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек 
тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет