1 КҮН. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- қҰЛЫҚ ЖӘне оның алдын алу


Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі457.01 Kb.
#465588
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 1

Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер: 

бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі; 

қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ; 



денсаулығы нашарлап кеткен; 

дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған; 

қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды 
ұнатады; 

өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды. 
Суицидтік әрекетті болдырмау 

психологиялық қозу күшін бәсеңдету; 

суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану 
дәрежесін азайту; 

әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру; 

өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру 
Түзету 
Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. 
Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, 
әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-
психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы 
қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар 
ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға 
арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін 
психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс. 
Көмектесу үшін не істеуге болады? 
1. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана 
тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара 
білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты 
меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін. 
Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген 
суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-
құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын 
білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден 
байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін 
анықтау керек. 
2. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, 
шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды 
түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам 
жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың 
сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге 


вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл 
үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.
3. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш 
болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға 
құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, 
уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге 
тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам 
депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі 
туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын 
білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-
ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті 
кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған 
деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы 
қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады. 
4. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай 
қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған 
басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. 
Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін 
психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын 
болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені 
белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен 
өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу 
керек. 
5. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және 
жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және 
не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы 
тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа 
шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге 
тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де 
пайда болады. 
6. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін оның 
жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. 
Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе 
емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі 
бір жауапкершілік артады. 
7. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан 
санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу 
жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау 
табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы 


мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа 
олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді. 
8. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар 
болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі 
алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің 
жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ 
кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке 
басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан 
кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және 
қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар 
барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан 
кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы 
мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы 
психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан 
кейін өзіне-өзң қол салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет