сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік,
өзін-өзі
сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе,
керісінше, шағымға, кінәлауға немесе
көмек сұрауға толы қатты, шапшаң,
тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын
бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу,
ерні кезеру және дем
алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай,
ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе
ішінің ауырғанын сезінген
соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің
қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне
және пайдасыздығына иланып, өмір сүру
түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.
Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін.
Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі
қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам
айналасындағы
шындықпен
байланыс
жоғалтпайды,
бірақ
онда
айналасындағы қоршаған дүниеге
деген сенімі жоғалып, барлығынан
сезіктеніп, масасыздық билеп алады.
Моральдық қалыптың, азат ойдың
жетіспеуінен немесе айналасындағылармен
қарым-қатынасының қиындығы
нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер
туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін
кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: