Жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты тексергенде қанның тұтқырлығының жоғарылауы байқалған. Эритроциттердің агрегаты тығыз орналасқан, мөлшері әртүрлі, дөңгелектенген. Науқаста дамыған микроциркуляция бұзылысының типтік түрін атаңыз: A.сладжтың аморфты типі
B. сладжтың билиарлы типі
C. сладжтың классикалық типі
D. сладжтың декстранды типі
E. сладжтың гранула тәрізді типі
Қабыну – бұл: A. ауру алды жағдай
B. нозологиялық бірлік
C. патологиялық реакция
D. патологиялық жағдай
E. біртектес дерттік үдеріс Қабынудың жиі себебі болып табылады: A. биологиялық факторлар
B. механикалық факторлар
C. физикалық факторлар
D. химиялық факторлар
E. психогендік факторлар
Қабынуды шақыратын фактор аталады: A. мутаген
B. пироген
C. аллерген
D. флогоген
E. канцероген
Экзогендік флогогендік факторларға жатады: A. тромбтар
B. вирустар
C. бос радикалдар
D. уытты метаболиттер
E. тіндер ыдырауының өнімдері Эндогендік флогогендік факторларға жатады: A. қышқылдар
B. риккетсиялар
C. электр тоғы
D. ауыр металдардың тұздары
E. антиген-антидене кешендері
Сепсистік қабыну дамуының себебі болуы мүмкін: A. тіннің некрозы
B. пиогендік бактериялар
C. тінге қанның құйылуы
D. веналық тамырлардың тромбозы
E. стерильді бөгде ақуызды енгізу
Қабынудың бірінші сатысы болып саналады: A. стаз
B. экссудация
C. альтерация
D. пролиферация
E. қан айналымның бұзылыстары
Қабынудың жасушалық медиаторы: A. плазмин
B. гистамин
C. калликреин
D. брадикинин
E. комплемент
Қабыну медиаторларының негізгі әсер ету механизмі осының жоғарылауымен байланысты: A. тамырлар өткізгіштігінің
B. артериялық қысымның
C. арнайы антиденелер титрінің
D. қабыну ошағындағы зат алмасудың
E. флогогендік фактордың патогендігі