Науқас А., 27 жаста,6 ай бұрын сол аяғының тізе буынын жарақаттап алған, салдарынан геморрагиялықбурсит дамыған. Қазір тізе буынының қимыл-қозғалысы бірден нашарлауына шағымданады. Бұл қайсы механизм дамығанын айғақтайды: A. экссудация
B. пролиферация
C. біріншілік альтерация
D. екіншілік альтерация
E. қабыну ошағында микроциркуляция бұзылуы
Науқаста сапасыз маникюр жасатқаннан кейін жалпы әлсіздік, қалтырау, сол қолының солқылдатып ауыртатыны мазалайды. Дене температурасы 39,1 0 С. Сол қолының екінші саусағы ісінген, қызарған, ыстық, ұстағанда ауырады. Қан талдамасында лейкоциттер саны жоғарылаған, ЭТЖ жылдамдаған, С-реактивті нәруыз жоғарылаған. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жалпы көріністерінің патогенезін осының әсерімен түсіндіруге болады: A. интерлейкин-1
B. интерлейкин-4
C. интерлейкин-10
D. интерферон-альфа
E. интерферон-бета
Науқастың плевралық сұйықтығын зерттегенде, пунктат мөлдір, ашық-сары түсті, тығыздығы 1,021 г/л, құрамындағы нәруыздар – 0,42 г/л, 1 мкл-дегі жасушалар саны 3600, лимфоциттер басым. Зерттеу нәтижелері бойынша сұйықтықтың түрі: A. транссудат B. іріңді экссудат
C. сірнелі экссудат
D. ихорозды экссудат
E. фибринозды экссудат
Алапеспен ауыратын науқастың терісінде және тері грануляциялар көптеп түзілген. Бұл жағдайда патогенездік тұрғыда тағайындаған дұрыс: A. адаптогендерді
B. антигистаминдік препараттарды
C. вирусқа қарсы препараттарды
D. антибактериялық препараттарды
E. глюкокортикоидты препараттарды
Науқас оң қолын иығынан төмен күйдіріп алған. Күйген жердің терісі ісінген, ашық қызыл түсті, кейбір