Жасушада иондалған кальцийдің тым артық жиналуынан қорғайды:
A. ядро
B. лизосома
C. рибосома
D. цитоплазмалық мембрана
E. саркоплазмалықретикулум
ANSWER:E
Липидтердің асқын тотығуының белсендірілуі ықпал етеді:
A. Д- гипервитаминозға
B. каталаза белсенділігінің артуына
C. өзгерімді валенттілігі бар металлдардың жоғарылауына
D. супероксиддисмутаза белсенділігінің артуына
E. альфа-токоферролдың артуына
ANSWER: C
Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі:
A. жасушалардан натрийдің шығуына
B. жасуша ішілік калийдің жоғарылауына
C. жасуша ішілік кальцийдің азаюына
D. жасуша ішілік оттегінің жоғарылауына
E. жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға
ANSWER: E
Жасушаның рецепторлық аппаратының бұзылыстарын туындата алатын процестерді атаңыз:
A. кальмодулин активациялануы
B. гуанилатциклазаның активациясы
C. мембрана байланыстыратын фосфолипазалардың активациясы
D. антиоксиданттық жүйенің активациясы
E. жасушада калийдің жиналуы
ANSWER:C
Жіті жасуша зақымдануының бірінші сатысын атаңыз:
A. некроз
B. некробиоз
C. паранекроз
D. жасушаның бейспецификалық реакциясы
E. біріншілікті спецификалық әсер ету
ANSWER: E
Жасушалардың антиоксидантты қорғанысының ферментті емес факторын атаңыз:
A. глюкуронидаза
B. альфа-токоферол
C. еківаленттітемір иондары
D. глутатионпероксидаза
E. сутектотығы
ANSWER: B
Цианидті калиймен жасуша зақымдануының спецификалық көрінісіне жатады:
A. майлардың асқын тотығуның активациясы
B. генетикалық аппараттардың зақымданулары
C. мембрана фосфолипидтерінің деструкциясы
D. нәруыздық құрылымдардың денатурациясы
E. цитохромоксидазаның блокадасы
ANSWER: E
Достарыңызбен бөлісу: |