25. Жалпақ құрттардың алғашқы иесі, және даму циклдарын көрсетіңіз
Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы /билатеральды/ жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабат түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - терібұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш/эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Plathelminthes типінің "құрт тәріздес" қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы арқасында жүреді. Жалпақ құрттардың бәрі де - қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады. Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді. Бауырсорғыштың дернәсілдері жұмыртқадан әр түрлі пішінде шығып, негізгі және аралық иелерде дамиды. Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары – негізгі иеде, ал дернәсілдік ұрпақтары аралық иеде мекендейді. Таспа құрттар өкілі – сиыр таспақұртының негізгі иесі – сиыр. Оның денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі иесі – адам денесінде өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |