1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Инфузорияның қоректенуі, қозғалуы қолайсыз жағдайларға жауабын сипаттап көрсетіңіз



бет23/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

36. Инфузорияның қоректенуі, қозғалуы қолайсыз жағдайларға жауабын сипаттап көрсетіңіз
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микронуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum (20-сурет). Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі - немесе цитостом орналасқан, ол "жұтқыншақка - цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік затқа толып, цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ac қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның қоректенуі де жиілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет