1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Альвеококктың морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы жайлы түсіндіріңіз



бет7/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

8. Альвеококктың морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы жайлы түсіндіріңіз.
Альвеококктың (Alveococcus multilocularis) дене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклі эхинококқа өте ұқсас.
Түпкі иесі түлкі, сонымен қатар ит, қасқыр, басқа да жыртқыштар. Аралық иесі - кемірушілер. Адам да аралық иесі бола алады. Альвеококк көпіршігі бір шоқ болып орналасады және көпіршіктер жайылып өсуі нәтижесінде бір мүше емес, басқа да мүшелер зақымдалады. Көпіршіктерді тек қана операция арқылы алып тастауға болады.
Эхинококка қарағанда, альвекокктар өте қауіпті құрттар. Эхинококкоздан ерекшелігі- ошақты болып келеді. Батыс Сібір, Орта Азия, Якутия, Башқұртстан т.б.елдерінде кездеседі.
Личинкалық сатысы эхинококкқа ұқсас, айырмашылығы басында қармақшалар саны аздау, жатырының дөңгелек болуы, жыныс тесігінің жыныс мүшесінің артқы жағында емес алдыңғы жағында орналасуы. Финналық сатысы ерекшелеу- финнасы көптеген ұсақ көпіршіктерден құрылған және сұйықтығы болмайды, үнемі бүршіктеніп өсіп отырады да метастаз пайда етеді.
Түпкілікті қожайындары- түлкі, қасқыр, ит, аралық қожайындары кемірушілер (тышқандар) және адам. Жалпы алғанда тіршілік циклы эхинококкқа ұқсас. Адамдар түлкі, ит т.б. терілерінде болатын жұмыртқаларын жұтып зақымданады.

Альвеококкоз эхинококкозға қарағанда сиректеу кездеседі, бірақ ол қатерлі ісік секілді жайылып, бауырды зақымдайды. Альвеококк көпіршігінің диаметрі 15см. жетеді.


Алдын алу шаралары
1,жеке тазалықты сақтау;
2,егесіз, қаңғып жүрген иттерді жою;
3,сойылған ірі ұсақ қара малдардың еттерін экспертизадан өткізу;

АЛЬВЕОКОККОЗ • (Қазақша баламасы жоқ, болса да кейде оны «бауыр құрты» , «инвазиялық ісік» , «инвазионный рак» деп атайды) • Бұл таспа құрттың ларвоцисталары қоздыратын, созылмалы немесе жіті түрде өтетін, өте қауіпті немесе өліммен аяқталатын антропозоонозды, табиғи ошақты гельминтоз ауруы. Альвеококкоз табиғи ошақты ауру. Ол көбінесе Сібір жақта кездеседі, әсіресе аңшылар арасында, терімен айналысатын, тері илейтін адамдар арасында. • Қазақстанда бұл ауру Алакөл мен Балқаш көлдерінің маңында көп тараған. • Ауруды қоздырушы — таратушылар негізінен аңдар болады. Үй жануарлар бұл гельминтоздың эпизоотологиясында аса көп роль атқармайды. Иттерде альвеококк таспа құрты сирек кездеседі. Кеміргіштердің арасынан ауру барлық маусымда да байқалады. • Адамның бұл дертке шалдығуына аңшылық, құсбегіліктің салдарынан (аңдардың терілерінде тоғышар жұмыртқалары болады), сосын орман-далада өсетін жеміс-жидектерді жумай жеудің әсерінен болатыны ақиқат.


АУРУДЫ АНЫҚТАУ ЕМІ. АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ. • Ауруды анықтау. Тірі кезде диагнозды қою өте қиын. Адамдарда аллергиялық реакцияны қолданады. Бірақта, көбінесе диагноз операцияда немесе өлексені зерттегенде анықталады. • Емі. Адамдарды хирургиялық жолмен ғана емдейді. Жануарларда емі жоқ. • Алдын-алу шаралары. • Аңдар терілерін сыпырғанда сақтандыру шаралары мықтап жүргізілу керек. Тері сыпырғанда, терімен айналысып жұмыс істегенде темекі шегуге, тамақ жеуге тыйым салынады. • Иттермен, терісі бағалы аңдарға құндызды және т. б. кеміргіштерді шикідей жегізуге болмайды. Қолды, жеміс-жидектерді міндетті түрде жуу керек, өйткені олардың үстінде аңдардың нәжісімен түскен альвеококктардың жұмыртқалары болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет