1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»



бет5/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

Ақ сұлама немесе Ақ планария (лат. Dendrocoelum lacteum) – жалпақ құрттар жамағатының кірпікшелі құрттарына жататын құрт. Пiшiнi жапырақ тәрiздi, арқасынан құрсағына қарай жалпақ болыл келедi. Оның денесiнiң алдыңғы ұшында құлақша дел аталатын екi өсiндiсi болады. Ұзындығы 24-26 мм. Денесiнiң реңi ақ, қара, күлгiн, жасыл, сары т.б. түрлi түстi болады. Эпителиалық клеткалардың арасында жарықты шағылыстырып кейiн қайтаратын, әрi қауiп төнгенде атылып шығып, дененiң бетiне шыққан соң улы ерiтiндiге айналып, қорғану қызметiн атқаратын рабдит клеткалары болады.
Терi эпителий қабатының астында ұзынша, сақина тәрiздi және қиғаш салалы ет талшықтары болады. Терi эпителиiмен барлық үш ет қабаттары қосылып жалпақ құрттарға тән тері-ет қапшығын құрайды. Терi-ет қапшығы iшiнде iшкi мүшелерi орналасқан паренхиманы қаптап тұрады. Ақ сұлама тас қалқасында жасырынып жатады.Ақ сұламаның жалпақ денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қара көзі орналасады. Ұлғайтқыш әйнек арқылы оның денесін кірпікшелердің қаптап жатқаны көрінеді.Ақ сұлама барлық кірпікшелері үйлесімді қозғалғанда жайлап алға қарай жылжиды. Кірпікшелер оның қозғалуына көмектеседі.
Ақ сұламаның денесі үш қабаттан құралады: сыртқы қабат - эктодерма, ол тері-бұлшықет қапшығын түзеді; ішкі қабат - энтодерма, ол эктодерманы астарлап жатады; ал үшінші қабат - мезодерма, аналық жыныс жасушасының даму барысында осы қабаттан барлық ұлпалар мен мүшелер дамиды. Ақ мұламаның ішекқуыстылардағыдай дене қуысы болмайды, онда белгілі пішінсіз борпылдақ жасушаларға толы түзіліс - паренхима орналасады.
Ақ сұламаның денесі 4 түрлі ұлпадан: жабын, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпаларынан құралады. Ақ сұлама денесінің құрылысымен танысқанда алғашқы рет кездесетін ұғым - мүше. Ол - ағзадағы белгілі құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі. Күрделі құрылысты жәндіктер мен жануарларда мынадай мүшелер жүйесі болады: асқорыту, тынысалу, зәршығары, жүйке, қантамыр және жыныс мүшелері. АТқаратын қызметі бір-біріне ұқсас мүшелер жиынтығы жүйе болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет