1 концепт ұҒымы және оның зерттелуі


Бойын [бойды] қуаныш биледі



бет20/39
Дата03.01.2022
өлшемі199.46 Kb.
#451070
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
бакыт концепті

Бойын [бойды] қуаныш биледі. Шатыққа бөленді, жаны жадырады. 

Кеудесін [көкірегін] қуаныш кернедіШаттыққа бөленді, көңілі тасыды. 

Көз қуанышРиза боларлық, сүйсінерлік

Қуаныш әкелдіҚуантты, қуанышқа кенелтті, мәз етті

Қуаныш білдірдіБірге қуанды, қосыла қуанды 

Қуаныш еттіҚуанды, мәз болды. 

Қуаныш көрдіБірге қуанды, мәз болды. 

Қуанышқа баттыҚуанды, мәз болды, шаттанды

Қуанышқа бөледі. Қуантты, мәз етті

Қуанышқа бөлендіҚуанды, шаттанды, мәз болды. 

Қуанышқа кенелдіМәз болды, шаттанды

Қуаныш құтты [қайырлы]болсынҚуанышты адамға (семьяға) айтылатын тілек. 

Қуаныш қылдыҚуанды, мәз болды. 

Қуаныш оты жарқ етті [көрінді]. Қуанғандықтың белгісі байқалды. 

Қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздады.Қатты қуанды, шаттанды. 

Қуанышы қойнына сыймадыШаттыққа бөленді, мәз болды

Қуанышында шек жоқ [шек болмады]. Қатты қуанды, шатыққа бөленді. 

Қуанышын жасыра алмады [ішіне сыйғыза алмады]. Мәз болды, шаттанды. 

Қуанышынды жер көргір! «Жастай солғыр» деген мағынадағы қарғыс (Балаға айтылады).

°Қуаныш дастарханы

Қуаныш- күйініш зат. Қуанышы да, күйініше де, екеуі де.

Қуаныш-қайғы зат.Қуанышы мен қайғысы, екеуі де.

Қуаныш-реніш зат. Қуанышы мен реніші, екеуі де.

Қуаныш-сүйініш зат. Қуанышы да, сүйініші де, екеуі де.

Қуанышсыз сын. 1.Қуанышы жоқ; қайғысы көп. 2. үст. Қуаныш сезімін бастан кешпей; қуанбай-ақ.

Қуанышта ет. Қуаныш ету, қуану.

Қуаныштау. Қуанышты атау.

Қуанышты сын. Қуанышы мол; ризалық сезімге бөленген.

Қуаныштылық зат. Қуанғандық, шатыққа бөленгендік [43, 384-387].

Ал Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігінде (ред проф. Д.Н.Ушаков т.ІІІ, –М., 1939, стлб. 1110) қуанышқа мынадай анықтама берілген: «Радость – 1. Чувство удовольствия внутреннего удовлетворения, веселое настроение».

Степановтың айтуынша, «қуаныш орыс және әлемдік мәдениетте нашар сипатталған, Г.Честертон сөзімен айтқанда: «ұстап алу мүмкін емес материя» (неуловимая материя) [29, 445б].

Сонда қуаныш – біріншіден, болған оқиғаға не нәрсеге шаттанып, көңіл көтеріліп қуану сезімі, яғни мұнда ол бір нәрсенің салдары, екіншіден, ол біреудің ең «қымбат» нәрсесі, жұбанышы, қызығы, арқа сүйері, яғни себептің өзі болып табылады. Ол мынадай етістіктермен тіркеседі: (қуаныш) әкелді, білдірді, етті, көрді, қылды; (қуанышқа) батты, бөледі, бөленді, кенелді. Күйініш, қайғы, реніш, сүйініш сөздері арқылы қос сөз жасайды.




ҚАЙҒЫ зат 1 Күйік, Қасірет, мұң-шер

2. Ауыс. Бір нәрсенің қамын жасаудағы машақатты әрекет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет