1 концепт ұҒымы және оның зерттелуі


АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ



бет37/39
Дата03.01.2022
өлшемі199.46 Kb.
#451070
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
бакыт концепті

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

07.02.2013 0 2,666 рет оқылды

НАУЫРЫЗБАЕВА ЖАДРА КУТТЫБЕКОВНА

«Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп »КММ  «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі, Қайнар ауылы, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан Облысы, Қазақстан Республикасы

Оқушы: Молдагалиев Нурзат 9 сынып оқушысы

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

 

Аңдатпа



 

Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен күнге артып келеді. «Үш тілді білу заман талабы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында айтқандай біздің болашақ ұрпағымыз  тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, шетел тілін меңгеруі хақ.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тілін үйренуге елеулі көмек көрсетеді. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры.

 

Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын  меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып айта білуге тәрбиелейді. Мақал – мәтелдер оқушылардың ізденушілік қабілетін дамытып, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.



Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі — тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн. Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге бай. Сол қанатты сөздердің бірі — мақал-мәтелдер.

Мақал – мәтелдердегі оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата – ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау т.б. осы іспетті өнегелі сөздер бала санасына біртіндеп құйыла береді.

Мақал – мәтелдер тілдің адам өміріндегі ролі туралы аз айтпаған. Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет – о бастан-ақ қазақ психологиясына ерекше тән сипат. «Қазақ шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты қатты сүйеді» деп тегін айтпаған Ш.Уалиханов.

Адамның жан дүниесінің тілден көрініс табуы, яғни ой шындығының сөз арқылы бейнеленуі қазақ мақал – мәтелдерінде есепсіз мол дүние екендігі байқалады.












Көркем  сөз  өнерінің  тілдік және  поэтикалық санатына жататын мақал-мәтелдер мән – мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен, түп жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік, бірліктер нақты  да күрделі  ойдың  себеп –салдарын, халықтың өмір  тәжірибесінің қорытындысы  мен дәлелін қатар  береді.

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  мақал-мәтелге мынадай түсіндірме  берілген. Мақал — үлгі  өнеге  ретінде  айтылатын  жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал  деп  қысқа  образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл  сөзді  айтамыз.

Қазақстан Республикасының  егеменді  ел  халықаралық қатынастар субьектісі болуына  және қазақ тілінің  мемлекеттік мәртебе алуына байланысты. Тілдік  бірліктердің  тұтас  мағынасына жете  түсінбей  тіркес  құрамындағы  сыңарлар мәнін негізге  ала отырып аудару  сәтсіздіктерге ұшырату  мүмкін. Сондықтан  мақал-мәтелдердің  тіл  аралық семантикасын салыстыра зерттей  отырып, ондағы  жалпы  халықтық мәнділіктер  мен заңдылықтарды және этностық  ерекшеліктерді сондай –ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да өзекті мәселе.  «Ұлт  пен біртұтас» деген  қағидаға сәйкес, қазақ — ағылшын  мақал мәтелдердің  тек  тілдік емес этнолингвистикалық тұрғыда қарастыру бірлік астарындағы ұлттық  болмысты  тану  жағынан да  көкейтесті  мәселелер қатарына жатады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта  түсетін халықтың асыл қоры. Ал басқа  тілдегі  мақал-мәтелді  біліп түсіну — бұл тілді жақсы  меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен  қатар басқа  халықтың  ой — бейнесін  және  мінез-құлқын түсіндіруіне  көп  үлес қосады, дәнекер болады.

Тақырыпқа  сәйкес ағылшын  тіліндегі     мақал-мәтелдердің қазақша  баламасын табу  арқылы  шетел тілін үйренуіме  елеулі көмегін көрсетті.

Зерттеу барысында  мақал-мәтелдерді бірнеше топқа сараладық.

 

a)Ғылым-білім туралы.



b)Тіл өнері.

  1. c) Достық туралы.

d)Денсаулық туралы.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет