Проблеманышешуден кету, немесе қашу, шығын аз болып тұрған кезде конфликтіден шығу әрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы тәріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін өтеді. Дұрысын айтқанда, әңгіме конфликтінің шешілуі жайында емес, оның сөнуі жайында болып отыр. Қашу қайшылықтарды шешу үшін күш пен уақыттың жоқтығы, уақыт ұтуға ұмтылу, өз мінез-құлық бағытын анықтауда қиындықтардың болуы, проблеманы мүлдем шешкісі келмеу кезінде қолданылады.
Ынтымақтастық оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы. Оппоненттердің проблеманы конструктивті талқылауға бағыттылығын, екінші жаққа қарсылас ретінде емес, шешім іздеудегі одақтас ретінде қарауды шамалайды. Мынадай ситуациялар ең тиімді: оппоненттердің өзаратәуелділігі; күшті болғанда; екі жақ та биліктегі айырмашылықтарды елемеуге бейім болғанда; шешімнің екі жақ үшін де маңызды болғанында; қатысушылардың күні бұрын кесіп-пішіп қоймауы кезінде.
Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілерді шешуді зерттеу олардың үштен бір бөлігі ымыраға келумен аяқталатынын көрсетті. Осы конфликтілердің үштен екісі көнумен көбінесе бағынушының аяқталады. Конфликтілердің тек 1-2%-і ғана ынтымақтастық жолымен аяқталады.
Енді конфликтіні шешудің ең конструктивті тәсілдері ретінде ымыраға келу мен ынтымақтастықтың негізгі технологияларын қысқаша сипаттап өтейік
Ымыраға келудің негізінде «жақындасуға жол беру» немесе тағы да «саудаласу» деп аталатын технология жатыр.Ымыраға келудің кемшіліктері бар деп есептеледі, әсіресе мынандай: позицияға байлнысты таластар қысқарған келісімдерге әкеледі; айла іздеуге негіз пайда болады; қатынастардың нашарлауы мүмкін, өйткені қауіп-қатер, қысым байланыстардың үзілуі болуы мүмкін; бірнеше жақтардың болуы ке кезінде саудаласу күрделене, қиындай түседі және т.с.с. Лоуэллдің пікірінше, «ымыраға келу-жақсы қолшатыр , бірақ нашар төбе; қандай да бір уақытқа ол пайдалы; көбінесе партиялар арасындағы күреске қажет, және мемлекет басқарушыларға ешқашан қажет емес.
Сонымен бірге нақты өмірде ымыраға келу жиі қолданылады. Оған қол жеткізу үшін ашық әңгіме жүргізу техникасы ұсынылуы мүмкін (Анцупов, 1993):
1. Конфликтінің екі жаққа да пайда екенін айту.
2. Конфликтіні тоқтатуды ұсыну.
3. Конфликтіде жіберілген өз қателіктерін мойындау. Олардың бар болуы сөзсіз, және оларды мойындау сіз үшін түкке тұрғысыз.
4. Оппонентпен конфликтіде сіз үшін негізгі болып табылмайтындарға келісім жасау. Кез-келген конфликтіден келісімге келу, көну түкке тұрғысыз болып саналатын бірнеше ұсақ-түйектерді табуға болады. Маңызды, бірақ принципті емес нәрселерге де көнуге болады.
5. Оппонент тарапынан қажетті келісімдер жайлы тілектерін айту. Олар әдетте, сіздің конфликтідегі негізгі мүдделеріңізге қатысты.
6. Өзара келісімдерді сабырлы түрде, жағымсыз эмоцияларсыз талқылау, қажет және мүмкін болған жағдайда оларды түзету.
7. Егер келісімге келуге қол жетсе, онда конфликтінің тамамдалғанының анықтығына қалай да жету.