БОӨЖ тапсырмасы
СӨЙЛЕСІМ
Төменде берілген мәліметті оқи отырып, қазақ дүниетанымындағы адами келбет, кемел адам, Абай айтқан «толық адам» туралы сұхбат жасаңыз.
Қажетті мәліметтер:
Адами келбет немесе адамдық келбет – жалпы адам бойындағы ес, ақыл, рухани әлемі, жан дүние туралы көзқарастар жүйесі. Кез келген қоғамдық ортада адамдардың таным-түсінігі, ойлау, талдау жүйесі, ес, ақыл, рухани жан дүниесі және тәлім-тәрбие алу деңгейіне қарай адамдарды есі - ақылы бүтін, рухани жан дүниесі таза және ақыл-есі кембағал, рухани жан дүниесі кінәрәтті деп үлкен екі топқа бөлінді.
Қазақы ортадағы түсінік бойынша, рухани жан дүниесі бүтін, ақылды адамдар - жақсы-жаманды, дұрыс пен бұрысты, араммен адалды, обал мен сауапты айқын айыра алатын, соған сай қарекет етіп, сын сағатта дұрыс шешім қабылдай алатын адамдар. Бұлар - кең пейіл, кешірімді, жанашыр, мейірімді, адал, ақкөңіл, әділетті, турашыл адам. Өз нәпсісі мен сезімін тежей алатын, атақ, даңқ, шен-шекпенге буланбай өмірге ой көзімен қарай алатын адам. Адам баласын жатсынбайтын, уәдеге берік, ата-ананы, үлкендер мен білім иелерін құрметтейтін, ел қамын өз қамындай ойлайтын, ләззаттана да, кектене де, кешіре білетін де, ауырғанын, сөйлегенін, ашыққан мен тойынғанын, істегенін айқын айыра алатын адам.
ТЫҢДАЛЫМ
https://www.youtube.com/watch?v=v-GcbxOto5kсілтемесі арқылы бейнежазбаны көріңіз.
Тыңдалым мәтіні және түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, кестені толтырыңыздар.
Тұлға туралы мәлімет
|
Мазмұн
|
Тұлғаның өмірдерегі
|
|
Білім алған орындары
|
|
Қызмет еткен салалары
|
|
Қайраткердің қоғамдық істері
|
|
Тұлғаның қарапайымдылығы
|
|
Сүйікті істері
|
|
Тұлғаның күнделікті әрекеттері
|
|
Әдебиеттер:
1. www.edu.kaznai.kz Веб-порталындағы (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Moodle» қашықтықтан оқыту жүйесі) барлық білім беру мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған Қазақ тілі пәнінің оқу-әдістемелік кешені [Электронды ресурс] Алматы: Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы, 2023-24 о.ж.
2. Бияздықова Ә.Ә., Ералиева Т.Е., Қосназарова С.Д., Шота Қ.Н. Қазақ тілі. Алматы: Үшқиян, 2018.
3. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі \ Оқулық кітабы. Алматы: Шабыт, 2021. -200 б.
4. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі \ Жаттығу кітабы. Алматы: Шабыт, 2021. -192 б.
5. Бияздықова Ә.Ә., Қосназарова С.Д. Қазақ тілі (B1-B2 деңгей) \ Өнер мамандықтарына арналған оқу құралы. Алматы: Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы, 2022. – 367 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |