БОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
1. Тапсырманы орындамас бұрын берілген тапсырманы зер салып оқыңыз.
2. Тапсырма қандай ережеге берілгендігіне мән беріңіз.
3. Ережені көңіл қойып оқып, мысалдарға талдау жасаңыз.
4. Тапсырманы ішіңнен оқып, таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.
5. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, жазғаныңызды тексеріңіз.
6. Тапсырманы дауыстап оқып, жүгірте оқуға дағдыланыңыз.
Мәтін тапсырмаларын орындауға арналған ұсыныстар
Тапсырманы орындамас бұрын мәтінді зер салып оқыңыз.
1. Қандай ережеге берілгендігін анықтап, мысалдарға талдау жасаңыз.
2. Тапсырманы орындағаннан кейін, жауаптарыңызды тексеріңіз.
3. Болашақта грамматиканы меңгеру үшін ауызша және жазбаша сөйлесімді қолданыңыз.
Мәтін бойынша жұмысты қалай жүргізу керек?
1. Мәтінді қандай мақсатпен оқып отырғаныңды түсініп ал:
а) жалпы мазмұнын білу үшін;
ә) аудару үшін;
б) мазмұнын айту үшін;
в) мәнерлеп оқу үшін.
2. Қойылған мақсатқа сәйкес мәтінді оқыңыз.
Мәтінмен жұмыстың нәтижесі оқуға және жалпы мазмұнын игеруге бағытталады:
Бірінші қадам. Мәтінді оқып, сөздікпен жұмыс жасау, мәтін бойынша тапсырмалар орындау. Бөлімге бөліп, әр бөлімнен тірек сөздерді табыңыз.
Екінші қадам. Тірек сөздерді негізге ала отырып, бөлімге тақырып қойыңыз.
Үшінші қадам. Мәтін құрылымы мен мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Төртінші қадам. Мәтіннің негізгі идеясына сүйене отырып, қойылған әрбір сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды дәлелдей отырып, қорытынды жасаңыз.
Бесінші қадам. Бөлімдерге қойылған тақырыптарды ескере отырып, мәтінге тақырып қойыңыз.
Алтыншы қадам. Мәтін тақырыбын қорытындылайтын сұрақтар қойыңыз.
Жетінші қадам. Мәтіннің негізгі түйінін тезис түрінде көрсетіңіз (қорытындылау сұрақтарына жауап бере отырып).
Достарыңызбен бөлісу: |