1-курс, барлық білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, Phd бияздықова Әлия Әлімбекқызы



бет2/4
Дата19.09.2023
өлшемі31.61 Kb.
#477923
түріСабақ
1   2   3   4
1-сабақ

Грамматикалық тапсырмалар:
ЖАЗЫЛЫМ

  1. Берілген мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, зат есімдерге жалғанған септік жалғауларын белгілеңіз:

Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
Жақсы адам – елдің ырысы. Жақсы жер – жанның тынысы.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
Ақ жүрген адам азбас.
Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.
Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.
Адал адамның аты арып, тоны тозбас.


  1. Тұлға, адамдық келбет тақырыбына сөйлемдер құраңыз. Зат есімге жалғанған септік жалғауларын белгілеңіз.



Мәтінмен жұмыс
Мәтінді түсініп оқыңыз.
ОҚЫЛЫМ
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? — деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Адамда білмегенді білуге құмарлық болады. Бұны кейде талпыныс деп те атайды. Адам өзінің өмір сүру шекарасынан арғы жаратылыс құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды екен. Біріншіден, ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның өмірде өзін-өзі нығайтудың, өз мүмкіндігін іске асырудың жолдары алуан түрлі: ол сурет салудан, кесте немесе өрмек тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, шорт пен көркемөнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы іске асырылады. Сөйтіп, адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысады. Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, немесе тоқымашылар тоқыған алаша, кілемдерге қарап отырып, оның кімдікі екенін бірден айыруға болады. Адам өмірде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен дараланады. Мұны адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуы, ерекшеленуі дейміз. Екіншіден, адамдар өздерінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынастан табады. Ал басқа адам да сол сияқты қарым-қатынаста өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға тырысады. Сөйтіп, әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды. Үшіншіден, адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғары, үлкен өмірге қатыстыру арқылы іске асыруы. Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса, өзіне мұрат тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып, бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақындарға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі кемеңгер ғалымдарға табыну, немесе ұйымдастыру қабілетімен, ерекше іскерлігімен көзге түскен, халыққа танылған көсемдерге табыну немесе халыққа асқан өнерімен танымал болған артистерге табыну, соларды мұрат тұту сияқты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет