1. Кузнецов С. Л., Мушкамбаров Н. Н. Гистология, цитология и эмбриология



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата15.10.2022
өлшемі0.53 Mb.
#462736
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6M060700 kaz

4. Адам мен жануарлар физиологиясы 
Адам мен жануарлар физиологиясы пәнінің негізгі мақсаты – тұтас
организмнің, физиологиялық жүйелердің, ағзалар мен клеткалардың және жеке 
клеткалық құрылымдардың тіршілік әрекеттерін зерттеу, олардың
қызметтерінің қалай және не үшін іске асатыны мен қандай физиологиялық
механизмдердің көмегімен орындалатынын көрсету ерекшелігі. Бірінші және 
екінші сигналдық жүйелердің бір – бірімен байланысы. Ес және оның түрлері. 
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді еске сақтау механизмдері. 
Сенсорлық жүйелер ( анализаторлар) физиологиясы. Анализаторлар 
қызметінің жалпы заңдылықтары. Анализаторлар тітіркендіргіштерге
талдауды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе. Анализаторларды зерттеудің 
обьективті және субьективті әдістері. Сезім мүшелері – ағзаның сыртқы және 
ішкі орта тітіркендіргіштері туралы ақпарат көзі ретінде. Рецепторлардың 
классификациясы, оның мамандануы. Рецепторлардың қозу механизмі. 
Генераторлық және рецепторлық потенциалдар. Тітіркендіргіштердің орталық 
және шеткі талдалуы. Көру жүйесі. Көздің құрылысы және оның қызметі. Көздің 
оптикалық орталықтарында сәуленің сынуы. Торлы қабықта бейненің тууы. 
Көздің аккомодациясы. Көздің өткірлігі. 


Ішкі секрециялық бездер. Гипофиз. Аденогипофиз, гипофиздің аралық 
бөлігі, нейрогипофиз. Гипоталамус – гипофизарлық жүйе. Бүйрекүсті бездері. 
Бүйрекүсті бездерінің милы заты. Адреналин. Оның табиғаты және 
физиологиялық маңызы. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты. 
Кортикостероидтар, оның табиғаты және физиологиялық маңызы. Қарынасты
безі. Оның ішкі секрециялық қызметі. Лангерганс аралшалары және оның 
гармондары. 
Нервтік және гуморальдық реттелу. Гомеостаз. Стресс, стресстің 
механизмі. 
Қан денешіктері және олардың қызметі. Иммунитет туралы ұғым. 
Иммунитеттің түрлері. Иммунитет туралы ілімнің даму тарихы. И.И. 
Мечниковтің фагацитоз және ағзаның қорғаныс реакциясы туралы ілім. П. 
Эрлихтің иммунитеттің гуморальдық факторы туралы ілімі. Иммунологияның 
заманауи анықтамасы. Клеткалық және гуморальдық иммунитет. Т- және В – 
лимфоциттердің бастапқы пайда болуы. Т – лимфоциттердің қалыптасуындағы 
тимустің рөлі. Иммуноглобулиндердің типтері, оның құрылымы. Адамның қан 
тобының иммуногенетикасы. АВО жүйесінің антигені. Резус – факторлар. Қан 
құю. 
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек етінің қозуы және 
қозғыштығы. Жүрек автоматиясы. Жүректің жиырылуының автоматизмі және 
оның табиғаты.
Ас қорытудың маңызы және зерттеу әдістері. Ас қорытудың маңызы. 
Клеткаішілік және клетка сыртындағы ас қорыту. Секреторлық процесс. Ас 
қорыту ағзаларының қызметі. Ас қорыту физиологиясын жасаудағы И.П. 
Павловтың және оның мектебінің еңбектерінің маңызы. Ас қорыту қызметтерін 
зерттеу әдістері. Он екі елі ішектегі ас қорыту. Қарынасты сөлінің құрамы және 
қасиеті. Түрлі тағамға қарынасты безінің реакциясы. Қарынасты безі 
секрециясының реттелуі. Өттің құрамы және қасиеті. 
Биоэлектрлік құбылыстар механизмі. Биоэлектрлік құбылыстардың
тіркелуі. Қозғыш құрылымдары клеткаларының мембранасының морфологиялық 
және қызметтік ұйымдастырылуы. Мембраналық тыныштық потенциалын 
анықтайтын мембрана өткізгіштігінің ерекшеліктері мен оны сақтаудың 
белсенді механизмдерінің рөлі. Түрлі қозғыш ұлпалар үшін мембраналық 
тыныштық потенциалының шамасы, әрекет потенциалы. 
Нерв ұлпасының негізгі құрылымдары. Нейрон – жүйке жүйесінің 
құрылымдық және функционалдық бірлігі. Рефлекс – жүйке әрекетінің негізі 
ретінде. Рефлекстің анықтамасы. Рефлекторлық доғаның жалпы схемасы. 
Моносинапстық және полисинапстық рефлекторлық доға. Рефлекс – бүкіл 
ағзаның реакциясы ретінде. Рефлекстердің жіктелуі. 
Автономды жүйке жүйесі. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйке 
жүйелері. Рефлекторлық доғаның ерекшеліктері. Вегетативті түйіндерде
қозудың өту механизмі. Вегетативті талшықтардың функциясы мен 
құрылымдарының ерекшеліктері. Симпатикалық нерв жүйесінің бейімдеушілік – 
трофикалық рөлі ( Л.А. Орбели). Метасимпатикалық жүйке жүйесі. 


Шартты рефлекс туралы И.П.Павловтың ілімі. Жоғары жүйке әрекеті 
туралы материалистік ілімнің дамуындағы И.П.Павлов пен И.М. Сеченовтың 
еңбектерінің маңызы. Жануарлар әлемінің бейімделушілік эволюциясындағы
уақытша байланыстың жалпы биологиялық маңызы. Шартты байланыстың
жасалу механизмі. И.П.Павлов бойынша уақытша байланыстың пайда болуы. 
Шартты рефлекстердің тежелуі. Қыртысты нейрондардың шартсыз ( 
сыртқы) тежелуі. Индукциялық және шектен асатын тежелу. Шартты (ішкі) 
тежелу. Функционалдық жүйенің теориясы және оның маңызы. 
Адамның жоғары жүйке әрекеті. Жануарлар әлемінің эволюция 
процесінде сигналдық реакциялардың қиындауы. Адамға тән екінші сигналдық 
жүйенің пайда болуы – жоғары жүйке әрекетінің сапалы ақуыздары, олардың
табиғаты және физиологиялық маңызы.
Сіңімділік қатынастағы толық және толық емес ақуыздар. 
Ауыстырылмайтын амин қышқылдары және оның ағзадағы ақуыз 
биосинтезіндегі маңызы. Ақуыздық оптимум және азоттық тепе – теңдік. 
Ақуыздың пластикалық және калориялық құндылығы. 
Сыртқа шығару процестерінің маңызы. Зат алмасудың соңғы өнімдері. 
Бүйректер, олардың құрылысы мен қызметі. Нефрон және оның ерекшеліктері. 
Зат түзілу процесі. 
Тыныс алудың маңызы. Сыртқы және ішкі тыныс алу. Қандағы газдың 
алмасуы. Газдың алмасуындағы физикалық және химиялық факторлардың 
маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет