Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:
1. Лабораториялық сабақ барысында қауіпсіздік сақтау ережелерімен танысып, «Қауіпсіздік сақтау журналына меңгергендігін растап, қол қою»
2. Оптикалық прибор-микроскоптың құрылысын танып-біліп, жұмыс жасап үйрену. Уақытша микропрепарат дайындау. Тірі және фиксацияланған объектілермен, микропрепараттармен жұмыс әдістерімен танысу.
3. Зерттеген объектілерінің сызба-суретін альбомға салу. Зоологиялық сызба-суреттің ерекшелігі.
1. Патшалық: Жануарлар – Zoa
Патшалық тармағы: Қарапайымдылар– Protozoa
Тип: Саркомастигофора– Sarcomastigophora
Тип тармағы: Саркодалар - Sarcodina
Класс: Жалғанаяқтылар – Rhisopoda
Отряд: Амебалар - Amoebina
Өкілі: Кәдімгі амеба – Аmoeba proteus
1.1 Амебаның дене пішінін, құрылысын, тіршілік ортасын анықтап, танып-білу.
Тұнбадан амебаның уақытша препарат дайындап, микроскоптың кіші, үлкен үлкейткіштері арқылы амебаның қозғалысын бақылап, пішінін, экто, эндоплазмасын, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдерін, жалған аяқтарын анықтап, суретін салу.
Amoeba proteus:
1 - мембрана, 2 - эктоплазма, 3 - эндоплазма, 4 - ядро, 5 - ас қорыту вакуолі, 6 - жиырылғыш вакуолі, 7 - жалған аяғы
Достарыңызбен бөлісу: |