1 лабораториялық ЖҰмыс жұмыстың тақырыбы


Трипоносом родозиенси-Trypanosoma rhodesiense



бет5/5
Дата03.01.2022
өлшемі285.91 Kb.
#450229
түріСабақ
1   2   3   4   5
№ 1 лабораториялық жұмыс - Марзия Мухашева

Трипоносом родозиенси-Trypanosoma rhodesiense 1 - талшық, 2 - толқын тәрізді мембрана, 3 - ядро, 4 - цитоплазма, 5 - кинетопласт, 6 - кинетосома
6. Тип тармағы: Опалиналар -Opalinata

Класс: Опалиналар - Opalinatea

Өкілі: Көлбақа опалинасы-Opalina ranarum

6.1 Көлбақа опалинасын дайын препараттан қарап, құрылысындағы ерекшелікті анықтап, суретін салу.



Көлбақа опалинасы-Opalina ranarum 1- эктоплазма; 2-эндоплазма; 3-ядро; 4-талшықтар.

7. Тапсырманы орындаңыз

Блиц-тест

1. Қарапайымдылардың дене құрылысы қандай :

А Ағза

В Ұлпа


С Бір жасуша

Д Көп жасушалы

2. Жалғанаяқ, кірпікше және талшықтың ұқсастығы:

А Атқаратын қызметі

В Қозғалыс тәсілі

С Құрылысы

Д Орналасуы

3. Қарапайымдылардың қолайсыз жағдайда тіршілік сақтауға бейімділігі:

А Диапауза

В Цистамен жабылады

С Көбейеді

Д Миграция

4. Табақша пішінді қабыршақты амеба

А Арцелла

В Диффлюгия

С Кәдімгі амеба

Д Фораминифера

5. Талшықтылардың қоректену түрі

А Автотрофты

В Гетеротрофты

С Миксотрофты

Д Фагацитоз

6. Жиырылғыш вакуольдің атқаратын қызметі:

А Осмос қысымын реттейді және зәр шығару мен газ алмасуға қатысады

В Ас қорыту

С Көбею


Д Сыртқы ортамен байланыстырады

7. Коллониялы тіршілік ететін талшықтылар:

А Трипоносома

В Эвглена

С Волвокс

Д Опалина

8. Паразитті талшықты:

А Трипоносома

В Эвглена

С Волвокс

Д Опалина

9. Талшықтылар дың қоректенуі

А Сапрофитті

В Гетеротрофты

С Миксотрофты

Д Паразитті

10. Көп талшықты, көп ядролы қарапайым өкілі:

А Трипоносома

В Эвглена

С Волвокс

Д Опалина

Бақылау сұрақтар:

1. Оптикалық приборлар, олардың түрлері және күту жолдары қандай?

2. Микро-, макропрепараттар дегеніміз не, олардың арасындағы айырмашылық не?

3. Зоологиялық суретке қойылатын талаптар қандай?

4. Саркомастигофораларға тән белгілерді ата?

5. Саркодалардың құрылысы, тіршілік әрекеті қандай?

6. Жануарлар эволюциясында талшықтылардың ролі?

7. Талшықтылардың құрылысындағы прогрессивті белгілер?

8. Талшықтылардың қоректену тәсілі?

9. Опалина құрылысының ерекшелігі не?



Глоссарий:

Қарапайымдылар- бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер.

Жалған аяқтар- цитоплазмалық уақытша өсінділер

Талшықтар мен кірпікшелер- цитоплазмалық тұрақты өсінділер

Жиырылғыш вакуоль- осмос қысымын реттейді және зәр шығару мен газ алмасуға қатысады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет