1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция

Кептелу (окклюзия). Екі импульс ағынының рефлекторлық реакцияның 
әлсіреуімен сипатталатын өзара әрекеттестігі. Бұл құбылыс іргелес жатқан екі сезімтал 
нервті бір мезгілде тітіркендіргенде жауап реакцияның күші осы нервтерді жеке 
тітіркендіргендегі әрекеттер қосындысынан кем болады. Оның себебі өзара байланысты 
рефлекстерді қамтамасыз ететін афференттік жолдардың синапстық алаңының қамтыла 
жабылуында. 
Төмен қозғыштық және баяу құбылмалылық (лабильділік). Жүйке 
талшықтарымен 
салыстырғанда 
жүйке 
орталықтарының 
қозғыштығы 
мен 
құбылмалылығы төмендеу болады. Бұл қасиеттер нәтижесінде ОЖЖ - сі жиі әрі күшті 
тітіркендіргіштердің 
зақымдаушы 
әсерінен 
қозғалады. 
Нерв 
орталықтары 
тудырып үлгеретін қозу ырғағы қозғағыш немесе сезімтал жүйке тамырлар өткізіп 
үлгеретін қозу толқынының санынан әлдеқайда кем болады. Бұл құбылыстардың 
мәні биологиялық сақтықты, әрекеттердің нақтылығын, сенімділігін қамтамасыз етуінде. 
Осыдан 
сезімтал 
жүйкелердің 
лабильділігі 
төмен 
нерв 
орталықтарының 
әрекетін тудыратьш мүмкіндігі зор болады да, құбылмалылық қасиеті жоғары қозғағыш 
жүйкелер орталықта пайда болған кез-келген ырғақтағы қозу толқынын өзгеріссіз, дәл 
қалпында эффекторларға жеткізеді. 
Қозу ырғағы мен күшін түрлендіру (трансформациялау). Жүйке 
орталықтары өздеріне келген афференттік импульстер ырғағын өзгертіп, өзіне -орталыққа 
тән ырғақ тудырады. Әрекет үстінде жүйке орталықтарының лабильділігі не төмендеп 
(толқынды белсенділіктің тежелуі), не жоғарылап (ырғақ игеру) отырады. 
Бас миы сопақша ми, мишық, орталық ми, аралық ми,
үлкен ми 
сыңарларынан құралған. Бас миынан 12 жұп нерв тарайды: сезу нервтері (көру, есту, 
дәм сезу), қозғалу (көз бұлшықетін нервтеу), аралас нервтер. Сопақша ми рефлекторлы 
және өткізгіш қызмет атқарады. Одан 8 жұп (5-12 жұп) нерв тарайды. Сопақша мида
тыныс алу мен шығаруды қамтамасыз ететін тыныс алу орталығы орналасқан. Сопақша
ми арқылы көзді ашып - жұму, жастың бөліну, түшкіру, жөтелу, қарын сөлінің бөліну,
жүрек жұмысын реттеу рефлекстері жүреді. Сопақша бала тілінің қалыптасуына 
қатысады. Мишық екі жарты шар мен ортаңғы бөліктен құралып сопақша мидың
артқы жағында орналасқан. Мишықтың ішіндегі ақ зат сыртынан сұр затпен қапталған. 
Мишықтың қызметінің бұзылуы бұлшықеті тонусының босаңсуына, шайқалмалы 
қозғалысқа баспен қол-аяқтың дірілдеуіне, координацияның ас қорыту, қан айналу 
жүйесінің кызметінің бұзылуына, әкеліп соғады. Ортаңғы ми ағзаның тік тұру, жүру, 
бағыт бағдарлауына қатысады. Аралық ми таламуспен гипоталамустан тұрады. Таламус 
шартты рефлекстердің, эмоцияның тузілуіне қатысады. Гипоталамус орталық жүйке 
жүйесінің барлық бөлімдерімен және ішкі секреция бездерімен байланысып, зат алмасуды, 
дене температурасын, ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ас қорыту, қан айналу,
зәр шығару, ішкі секреция бездері жүйелерінің жұмысын реттеп отырады. Үлкен ми 
сыңарлары жануарлар эволюциясында ең соңында пайда болған бөлім. Ересек адамда 
үлкен ми сыңарлары бас миы салмағынын 80% құрайды. Үлкен ми сыңарлары 12-18 
млрд. нейрондардан құралған (сұр зат) ми қыртысынан және ақ заттан құралған. Ақ 
заттың ішінде сұр зат жиынтығы - ядролар орналасқан. Негізгі 3 иірім (орталық, шеткі, 
төбе) ми сыңарларын 4-ке бөледі: маңдай, төбе, шүйде, самай. Ми қыртысында әр 
рецепторлық аппаратқа сай анализатор ядролары (И.П.Павлов) орналасқан. 
Ми қыртысы рефлекторлы әрекетті реттейтін және шартты рефлекстер түзетін 
ең жоғарғы мүше. Ми қыртысы адамның психикалық әрекетінің (еске сақтау, ойлау, 
эмоция, тіл, мінез-құлықты реттеу) материалды негізі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет