№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№23 «ШӘКІРТТЕРІНІҢ ІСТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ-МӘҢГІЛІК!»



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
91 эссе

 
№23 «ШӘКІРТТЕРІНІҢ ІСТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ-МӘҢГІЛІК!» 
Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі 
оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, 
еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық 
қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) 
болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік 
кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке 
айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.
ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-
қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс 


халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды. Қазақ жастары түсіп 
оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім 
правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері 
толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне 
бағыттады.
Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас 
ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене 
кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. 
Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің 
беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы 
“Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен 
марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары 
ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік 
мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп 
көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, 
басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген 
болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген 
білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек 
білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы 
да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз 
даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге 
атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ 
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы 
– мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің 
де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың 
бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың 
әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген 
қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. 
Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл 
нағыз шеберлік емес пе?!


Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан 
Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. 
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, 
кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, 
сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” 
деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, 
ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын
шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де 
бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз 
айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық 
еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет