№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ



Pdf көрінісі
бет13/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
91 эссе

№19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ 
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде, 
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде. 
Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де 
бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген 
ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш 
сияқты.
Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін 
біз оқытушылар өз үлестерімізді қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп 
тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл? 


Әрбір шәкіртімнің жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас 
бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап 
жүретінмін.
16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.
Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай 
тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. 
Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де. 
Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені. 
Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт. 
Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып 
орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің 
кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік
байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет. 
Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын 
кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, 
ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.
Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –Канафин Арыстан . Алғаш 
бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда тұйық
болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге 
болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін 
шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым. Ол ғылыми жоба 
байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді. Алғаш Арыстанды 
ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна олимпиадаларға 
қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. 
Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына 
өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, 
мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі 
оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. 
«Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы шәкіртімнің де мектеп қабырғасын 
бітіріп келгеніне үш жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты 
талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз 
зор», — деген сөзі әліде құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен 
орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге 
болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет