Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ
бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің
оқушыларым.
Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен
кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар
еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің
өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің
түсінгенім, ұстаз мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол
таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті
сезіне білген адам ғана өз
мамандық
иесі
бола
алатынын
түсіндім.
Мен өзімді әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек
жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп
білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың
мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-
ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған
байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін
мен әр
жанұяның
өмірлік
досы
болармын…
Мен, бала мен ата- ананың маған артқан сенімін қалай ақтауым керек?-
деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен аянбай
еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол
жеткіздім.
«Ұстаздық
еткен
жалықпас,үйретуден
балаға»-деп
Абай
атамыз
айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан
өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек
іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның
қалыптасуына әріптес
ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға
деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте
болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру
үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған
елдердің озық инновациялық
технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам
кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде
бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске
аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз
маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
Балаларға білім мен тәрбие беруде,
ұлттық құндылықтырды бойына
сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген
көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың
бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін
тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты
мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне,
еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз
педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне
шимайды
қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз
үнемі жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр
мамандықтың
өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де
қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек
қана шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-
үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі
болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі
міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана
ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында
әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он
жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала
тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала
келешегіне
үлкен
жауапкершілікпен
қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен
сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін
көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең
маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол
менің оқушыларымның үміт толы көздері…
Достарыңызбен бөлісу: