1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет12/27
Дата01.10.2022
өлшемі491 Kb.
#461734
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
лекции-Маркетинг-каз

Кеңінен сегменттеу- тұтынушылардың санаулы топтарынан басталып, одан ары қарай өз өрісін кеңейте береді. Мысалы, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер: автобустарға, жеңіл және жүк машиналарына бөлініп қаралады.
Алдынала сегменттеу- Маркетингтік зерттеудің қолға алынғандығын аңғартумен бірге, тағы зерттеліну мүмкін – нарықтың көптеген сегменттерін қарастыруды өз міндетіне алады.
Ақырғы сегменттеу - маркетингтік зерттеудің аяқталғанын білдіреді. Сондай-ақ нарық жағдайларын қорытындылай отырып, кәсіпорынның келешек мүмкіндіктерін жинақтап және айқындап береді. Бұл сегменттеудің ұтымды жері, нарықтың ең оптималды сегменттерінің нұсқаларын табуға, кәсіпорынның қалыптасқан жағдайға байланысты өзінің нарықтық бағдарламасы мен стратегиясын жасауына жәрдемдеседі. Өйткені, ақырғы сегменттеу - нарықтың қазіргі қалаптасқан жағдайына қарай оған қатысатын әрбір сегментке баға беру мүмкіндігіне ие болып, алдын ала жасалған сегменттеудің жіберген кемшіліктерін ашу арқылы ендігі жерде оларды қайталамауға немесе сол таңдап алынған сегменттерде орын алған жерлерден арылуға жол көрсетіп отырады.
Әйтсе де сегменттеудің қандай да бір түрі болсын болжамға негізделетіні себепті, қазіргі қарқынды жүргізіліп отырған ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық жеделту заманында қателік жібермеуге кепілдік бере алмайды.
Сегменттің тауарлық мазмұны тұтынушылар сұранысының өтелуіне немесе тиісті сұраныстың құралуына байланысты болады, сонымен қатар оның тауар өндіруінің сұранысқа сәйкес ұымдастырылған кезеңіне де қатысы бар. Демек, тауар өткізу (сату) ісінде бәсекелік күрестің қай дережеде болуын есепке алмаған жағдайда сегменттік болжамның өз бағытынан ауытқуы тіпті мәні жойылуы да мүмкін. Сондықтан іскер де оралымды кәсіпкер сегмент деректеріне сене тұра, болуы ықтимал, күтпеген оқиғаларға өндірісті дайын ұстауы қажет.
Өндіріс процесінде қолданылатын тауарлар бойынша нарықты сегменттеудің тағы бір қасиеті - оның өндіруші-сатушынаң маркетингтік әрекетіне көзқарас жағынан жақындығына қарай өзінен басқа да нарықтарда ұқсас сегменттерді іздестіру мүмкіндігінің барлығы екендігінде.
Маркетинг әлемінде есепке сүйене отырып жұмыс істеу жағы басым келеді. Бұл пәннің психологиялық пайымдарға қатысты тұстары да көп. Шындығында, нарықты сегменттеу дегеніміз- ең алдымен, адам мұқтажын зерттеу болып табылады. Мұның мәні адамға тән қажеттілік атаулыны анықтап, жинақтау арқылы нарықты құрау. Міне, сол арқылы тауарға деген жалпы сұраныстың көлемі көрсетіледі де, ал соңынан қажетті тауарларды түр-түріне қарап, жіктеуге күш салады. Ақырында осы әрекеттер маркетинг көмегімен сегменттелінген нарық түрлеріне, тауар өндірушілерге бағдарлама жасауға және өндірісті ұйымдастыруға септігін тигізетін болады. Ал одан ары қарай - сол сегметтерге тауар жеткізу (өткізу) сауданың ісі болып есептелінеді де, айналып келгенде, оның табысты болуы осыған дейін жүргізілген сегмент сапасына байланысты шешіледі. Сонымен біз сипаттап өткен " шеңбер" осылайша тұйықталынып, оның төңірегінде жүріп жатқан процестер қайталана бермек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет