1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері


Тақырып. Кәсіпорын нарығындағы тұтынушыларды мінез-құлықтары



бет10/27
Дата01.10.2022
өлшемі491 Kb.
#461734
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
лекции-Маркетинг-каз

5. Тақырып. Кәсіпорын нарығындағы тұтынушыларды мінез-құлықтары.
1. Кәсіпорын нарықтары.
2. Кәсіпорын- тұтынушылары мінез-құлықтарын зерттеу.
3. Кәсіпорын- тұтынушыларға әсер ететін факторлар.


1. Кәсіпорын нарықтарын зерттеу кезінде нарықтардың үш түрін белгілеуге болады: өнеркәсіп тауарларының нарығы, арадағы сатушылар нарығы, мемлекеттік мекемелер нарығы.
Өнеркәсіп тауарлар нарығы дегеніміз - өндіру үдерісінде қолданатын тауарларын сатып алатын адамдар және ұйымдар жиынтығы болады.
Өнеркәсіп тауарлар нарығын мына салалар құрады:

  1. ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы:

  2. өңдеу өнеркәсібі:

  3. тау-кен өндірісі:

  4. құрылыс:

  5. жүк көлігі:

  6. байланыс:

  7. коммуналдық шаруашылық:

  8. банк, қаржы және сақтандыру істері:

  9. әртүрлі қызмет көрсету саласы.

Арадағы сатып алушылар нарығы дегеніміз – тауарды ары қарай сатып, пайда табу үшін сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы болады. Бұл нарыққа бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындары жатады.
Мемлекеттік мекемелер нарығы дегеніміз - әлеуметтік, саяси және басқа мәселелерді шешумен байланысты өздерінің міндеттерін атқаруға қажет тауарларды сатып алатын ұйымдар болады. Бұл нарықтың ерекшелігі мемлекеттік және жергілікті бюджет көзі есебінен сатып алу.


2. Кәсіпорын – тұтынушыға қажетті тауарларды сатып алумен кәсіпорындағы арнайы бөлімше айналысады, ол «сатып алу орталығы» деп аталады.
Сатып алу орталығы дегеніміз – жалпы біріңғай мақсаты қалыптасқан және барлық тәуекелді өзіне жүктейтін сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісінде қатысатын тұлғалар мен топтар жиынтығы болады. Оған сатып алу туралы шешім қабылдау барысында төмендегі ролдердің бірін атқаратын ұйымның барлық қызметкерлері кіреді:

  • бастапқы тобы – сатып алу туралы ұсыныс беретін өнімді пайдаланушылар мен ұйымның әртүрлі қызметкерлері.

  • өнімді пайдаланушылар тобы - өнімді немесе қызметті пайдаланатындар, көбінесе бұлар бастапқы топты құрайды және тауар нұсқаларын бағалауға қажет ақпарат береді.

  • шешімге әсер ететіндер (негізінде техникалық қызметкерлер) тобы – тауардың техникалық сипаттамаларын анықтауға көмектеседі және нұсқаларды бағалауға ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын - тұтынушылардың сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісінде бірнеше ерекшеліктері болады және бұл үдерісі бірнеше сатылардан тұрады. Олар:

  1. Қажеттілікті анықтау, оны сипаттау сатысында компания қызметкерлері өндіріс мәселесін немесе мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатынын ұғынады. Содан кейін сатып алушы қажетті тауар санын және оның сипаттмаларын анықтайды.

  2. Өндірісті жабдықтаушыларды іздестіру сатысында өнімнің қасиеттерін анықтағаннан кейін керекті жабдықтаушыны іздеу басталады.

  3. Жалпы сұраныс деңгейін белгілеу сатысында жалпы сұраныс деңгейін білу үшін сатып алушы жабдықтаушылардын ұсынысын беруге өтінеді. Егер де күрделі және қымбат сауда жүргізетін болса, онда әр жабдықтаушыдан ұсынысын толық жазбаша түрде алады.

  4. Жабдықтаушыны таңдау сатысында жабдықтаушыны таңдаудың алдында сатып алу орталығы оның фирмаға қажетті сипаттамалыр нжәне олардың салыстырмалы маңыздылық деңгейін анықтайды.

  5. Жабдықтаушының жұмысын бағалау сатысында жоғарыда айтылған үдерістердің бәрін орындағаннан кейін сатып алушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды.



3. Кәсіпорын – тұтынушыларға әсер ететін факторлар мыналар:
1. қоршаған орта және оның жағдайы (сұраныстың деңгейі, экономиканың даму бағыты, болашағы, өндірісті жабдықтау шарттары, бәсекелестердің әрекет бағыттары, саяси жағдайы, несие алу жағдайы).
2. кәсіпорын ерекшеліктері (мақсаты, жұмыс әдістері, ішкі жүйесі).
3. ұжым адамдары арасындағы қатынастар жағдайы (өкілдігі, мәртебесі, өз пікіріне сендіре алуы, ісінің икемділігі).
4. ұжымдағы жеке тұлғалар ерекшеліктері (жасы, білімі, қызмет бабы, тәуекелге баруға даярлығы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет