ЖОРЫҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға: жорықтарды, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады. Оларға қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық - техникалық және медициналық қамтамасыздануы жұмыстары жатады.
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:
1. Маршруттың қатысушылардың қабілетіне сәйкес болу;
2. Алдын ала жолды, қауіпті жерлерді, су көздерін, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу;
3. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау;
4. Алдын - ала ауа райы болжамын біліп алу;
5. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу;
6. Беделді жетекшісіз жолға шықпау;
7. Таңертең ерте шығу.
8. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау;
9. Киім, аяқ киім бүтін және құрғақ болу керек.
ТУРИСТІК АЛАУ
Туристік алауды жіңішке бұтақтан, құрғақ шөптерден, сонымен қатар арнайы дайындалып келген ағаштан жағу керек. Алау шатыр орналасқан орыннан 5-8 метр қашықтықта болу керек. Екі жақта тартып байланған жіпті үзу үшін, отынды жағып ұстау тұру қажет. Отты сайыстан соңғы болып келген команданың мүшесі жағады.
ШАТЫР
Шатыр – туристік жорық кезінде демалуға, қолайсыз ауа райынан, масадан, дала жәндіктерінен қорғайтын пана. Шатырды құру үшін ең алдымен тегіс жерді таңдап, дайындап алу керек. Негізін төсеп, 1-3 бұрышынан тартып, қазықпен бекітеді. Кейін негізінің 2-4 бұрышынан тартып, қыртысын жазу үшін тағы да қазықпен бекіттіреді. Осыдан кейін биіктігі 1,5 метр темірмен шатырдың төрт қырын жіппен тартып, қазықпен бекітіп тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |