МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Туристік жорықтарда, көмек көрсету пунктерінен шалғай орналасқан жерлерде жүрген кезде қатысушылардың әр қайсысы жанындағы жолдастарына сынық, күйік, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек.
Дәрі – дәрмек қорапшасының ішінде төменде көрсетілген дәрі – дәрмектер болу керек:
1) ауруды сездірмейтін дәрілер және қоздырушы заттар (анальгин, парацетамол, кофеин, кардиомин, валидол, но-шпа, т.б.);
2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер (сутек асқын тотығы, йод, антибактериалды спрей, левомеколь мазь, т.б.);
3) антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);
4) сыртқы дәрілер (зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);
5) орау материалы (бинт, метрлік марля, мақта, т.б.);
6) саймандар (термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).
КОМПАС
Компас – жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалысың бағытын дұрыс таңдап алу және маршутқа байланысты дұрыс жүру үшін қажет.
Компоспен жұмыс істеу әдісі.
1. Картаны компос арқылы бағдарлау;
2. Дәл тіркеу (Точечная засечка);
3. Қайтара тіркеу (Обратная засечка);
Картаны компос арқылы бағдарлау кезінде компасты картаның үстіне қойып, картаны компаспен бірге айналдырады. Айналдырған кезде компастың бағыты меридианмен тұспа – тұс келуі керек. Егер де олар сәйкес келмесе, онда оларды екі меридиан ажыратып тұрғаны. Біреуі - географиялық, ал екіншісі - магниттік. Суретте бейнеленгедей, георгафиялық және магниттік меридианның айырмашылығы– магниттік қиылысу бұрышының 10-200 ерекшелігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |