Берілгені : АВСД – параллелограмм, АС және ВД – оның диогональдары. О – диогональдардың қиылысу нүктесі.
Дәлелдеу керегі: АО =ОС, ВО =ОД.
Теореманың шарты мен қорытындысын қайталаймыз.
Дәлелдеуі.
Нені дәлелдеу керек?
Кесінділердің теңдігі, әдетте, қандай жолмен дәлелденеді?
Қай үшбүрыштарды қарастыру қолайлы?
Осы үшбұрыштарды зерттейік. Үшбұрыштардың қандай элементтері тең?
∆АОВ=∆СДО екенін көрсететін теорема қалай айтылады?
Бұл үшбұрыштардың теңдігінен не шығады?
Дәлелденген теореманы қалай тұжырымдауға болады?
Мұнда берілген сұрақтарға қайтарылған жауаптар тақтаға, дәптерге жазылады.
Дәлелдеу бойынша қандай сұрақтар бар?
Осы нәтижені алу үшін дәлелдеу барысын қалай өзгертуге болады?- деген сияқты сұрақтар берілуі мүмкін.
Эвристикалық әдіске тән сипат - мұғалім мен оқушылардың
арасында тура, әрі кері байланыстың болуы. Мұның нәтижесінде, мұғалім жаңа материалдарды кластың қалай игергенін байқауға, кез келген оқушының өз қабілеті мен инициативасын жағдай туғызуға, селқостар мен интасыздарды жұмысқа тартуға мүмкіндік алады.
Эвристикалық әдіс эвристикалық әңгімемен қатар эвристикалық лабороториялық жұмысты қамтиды.
Теореманы дәлелдегенде эвристикалық әдісті аналитикалық әдіспен үйлестіре жүргізу өте пайдалы.
Эвристикалық әдісті қолданғанда берілетін сұрақтар жүйесі логикалық жағынан мінсіз, материалдың мазмұны мен дәлелдеуін түгел қамтуы тиіс және қысқа, әрі анық болуы керек. Сондықтан мұғалім эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап алған жөн.
5. Математиканы оқыту процесінде қолданылатын әдістердің бірі – зерттеу әдіс . Бұл әдіс белгілі бір дәрежеде әмбебап әдіс болып есептеледі. Өйткені ол жаңа материалдарды өткенде де, қайталағанда да, білім тексергенде де, кластан тыс сабақтарда да қолданылады. Сонымен бірге, бұл әдіске бүкіл сабақты немесе оның бір бөлігін, кейде бірнеше күнді немесе аптаны арнауға болады. Зерттеу әдісін факультативтік сабақтарда да қолданудың пайдасы зор. Зерттеу әдісін қолдануға 5-7 кластарда мынандай тапсырмалар беруге болады: бөлменің ауданы мен көлемін есептеңдер. Өлшеу дәлдіктерін көрсетіңдер және т.б.
Зерттеу әдісін қолдану оқушылардан дербестікті талап етеді. Оқушылардың зерттеулері, ғылыми зерттеу сияқты, теориялық білімді қолдануды, есеп шығаруды, қажет болса модель жасауды, зерттеу жоспарын құруды бір –бірімен үйлестіруді талап етеді. Тіпті кейбір жағдайларда оқушының өзі проблеманы тұжырымдап, негіздеуі мүмкін. Осыған орай, қосымша әдебиетті пайдалануға машықтайды. Сөйтіп, зерттеу әдісі оқушыдан дербестікті барынша талап етеді. Сонымен бірге, зерттеу әдісін қолдану көп уақытты қажет ететінін ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |