Оқыту әдістерін таңдау. Кез келген пәнді оқыту процесін оқып үйренуге тиісті оқу материалын оқыту әдістерінен тыс қарастыруға болмайды. Философиялық тұрғыдан оқыту әдісі – оқу материалы мазмұнының оқу процесінде қозғалу формасы болып табылады. Егер математика пәнінің мазмұны математика ғылымының дидактикалық баламасы болса, онда оқыту әдістері – таным әдістері мен математика ғылымы әдістерінің дидактикалық баламасы болып табылады. Сондықтан пәннің мазмұны, ғылыми әдістері және таным әдістері ғылымның структурасын, ерекшелігін және дидактикасын бейнелейді. Олай болса, ғылым әдістері мен оқыту әдістерінің арасында белгілі бір қатынас болуы тиіс.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың білім алуын, тәрбиелы болуы және өсуін қамтамасыз ететін оқыту әдістерін таңдау. Оқыту әдістерін мұғалім өзі таңдап қолданады.Әрбір әдісті өз орнында, басқа әдістермен үйлестіре қолданса және оқу материалының мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалса ғана, ол әдіс өз міндетін толық атқарады. Ал мұғалімнің жеке басының әсері – оқытудың, әсіресе оқушыларды тәрбиелеудің аса маңызды факторы.
Математиканы оқыту методикасын таңдағанда мына шарттар ескерілуі керек.
Оқытудың заңдылықтары мен принцптері;
Оқыудың мақсаты мен міндеті;
Ғылымның, осы пәннің мазмұны мен әдістері;
Оқушылаардың оқып үйрену мүмкіндіктері (жасы, даярлық дәрежесі, класс коллективінің ерекшеліктері);
Сыртқы жағдайлардың ерекшеліктері (географиялық, өндірістік ортасы және т.б.);
Мұғалімнің өз мүмкіндіктері.
Әдебиеттер тізімі
1. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
2. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4.Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |