1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау



бет1/9
Дата02.01.2022
өлшемі63.35 Kb.
#452948
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мәдениеттану РК


1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау.

Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт. Соңғы онжылдықтар орамында көп деңгейлі жөне көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне деген қызығушылық арта түсті. Мұның бір себебі — бүгінгі қоғам өмірінде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, келеңсіздік сынды белгілер дендеп барады. Мәселен, ата-анасы мен баласы арасындағы түсініспеушілік, дау-жанжал (кейде тіпті қол жүмсаушылық), адамдардың бір біріне сенімсіздік танытуы, бір мемлекеттің азаматтары арасындағы үлттық, нәсілдік, діни тұрғыдағы алауыздық, еш себепсіз бірін-бірі жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіз жағдайлар қоғам, мемлекет өмірінде әлемдік деңгейде орын алуда. Ал қоғам өміріндегі мәдениетке тән функциялардың бірі - бүл реттеу функциясы (немесе нормативті функция). Оның негізгі мәні — адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-қүлқына ықпал етеді. Негізі, мәдениет туралы түсінік бір жақты да, бір сатылы да емес. Мәдениет ұғымы аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және жалпы әлемге қатысты мәдени позициялар жүйесі енеді. Мәдениет үғымына адамзат қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жиынтығы, тәрбие, білімділік белгілері, т.с.с. түсініктер кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет