1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет12/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
4акшк педаг емтих (1)

Оқыту әдістеріОқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. «Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.Әдіс гректің mеtоdоs деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер). кезінде байқауға болады.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.бОқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиеттер.Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.Дәстүрлі оқыту әдісі
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі.

2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.


. Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер (Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі турколог-лингвист А.Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғызды.Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралдды.1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т.б. бар.Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді.Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты.Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді.1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.2. Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;3) білім берудің зайырлы сипаты;4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз).
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуМектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.3. Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады."Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ" арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады."Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
"Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.
"Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және "Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.
4. Кәсіптік бастауыш білім беру.Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.Кәсіптік орта білім беру.Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру.Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
17 билет

  1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы.

.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым,тарихы.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.Оқушылар ұжымы немесе қарапайым тілмен айтсақ – балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады.Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін — дворяндар үйелмендерінде сақталды.Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіңе көтерінкі талап қойды. Сондықтаң оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.XVII ғ. Я. А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың белгілі кұрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.Я. А. Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында-ХІХ ғ. басында Анғлияда пайда болды, оны оқытудың белль—ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар—топ басқарушылары жүргізеді.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдын үдемелі педагогтары А. Дистервектің, К. Д. Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың, дамыту тәсілдерін қорғайды.XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтарды АҚШ-тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (даль-тон-план, лабораториялық бригадалық форма винетка-план, трамп-план, иена-план т. б.) байланысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, даль-тон-план (АҚШ, Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетемен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармеи дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон планның негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу.



  1. Сабақ–оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар.

Сабақ – балабақшада оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.Сабақты ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше көрсеткіштері бар:Сабақ беру барысында балалар «Тәрбиелеу бағдарламасының» қандайда бір бөліміне сай белгілі көлемде білім алады, әдістемелерді үйреніп дағдыланады.Сабақ мазмұны, мақсаты балалардың сол сабақ тақырыбын жетік тусінуіне байланысты әдістемелер мен мысалдарды дайындаған және ұйымдастырған тәрбиеші басшылығымен өтеді.
Сабақ беру барысында «Тәрбиелеу бағдарламасын» барлық балалар меңгеруі тиіс, сондықтан ол тәлім-тәрбие алудың негізгі түрі болып табылады. Қалған түрлер балалардың алған тәжірибесін одан ары толықтыру, нақты бекіту мақсатында қолданылады. Көрсетілген ерекшеліктер тәлім-тәрбие алуды мектептегі сабақ беруге біршама жақындатады, бірақ өз ерекшеліктерін жоймайды. Мектептегі сабақ беру мен балабақшада тәлім-тәрбие алудың ең негізгі ерекшелігі – балаға түсетін жүктеме мен құрылымның дәрежесіне, сонымен қатар оқу поцессі кезінде қолданылатын әдістемелерге байланысты. Сабақ беру тәлім-тәрбие берудің негізгі және жетекші түрі ретінде балабақшадағы тәрбиелеу жұмысында ерекше орын алады. Сабақ уақыты бала күнтәртібінде нақтылы анықталған уақытта өтеді. Әдетте бұл таңертеңгі уақыт, балалардың ақыл-ес және физикалық жұмысқа төзімділігі ең жоғарғы дәрежеде болатын кез. Ақыл-ес және физикалық жүктеменің сабақ беруге сипаты серуенге шығудың құрылымына байланысты (ойын бен еңбекті ұштастыра білу, екеуін алма кезек өткізу, ұйымдастырылған фронтальды немесе топтық қызметтің жеке бас қызметпен алмастыру). Сабақ берудің мазмұны балалардың таңертеңгі уақытта тәлім-тәрбие ұйымдастырылуы кезінде де ескеріледі. Сабақ саны мен олардың ұзақтығы топтан топқа ауыса бастағанда біртіндеп ұзартылады. Сабақтар қосарланғанда олардың әрқайсысына балалардың қызмет сипаты мен оларға тиетін ауырлығы ескеріледі.Сабақтың мазмұны. Нақты бір сабақтың мазмұны «Тәрбиелеу бағдарламасының» талабына сәйкес сол бөлім бойынша балалардың қалыптасқан оқу-әдістемелік қызметіне және алдыңғы бөлімдер бағдарламасын меңгере алуына, сонымен қатар әртүрлі жас топтарындағы балалардың дамуы мен тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.Әр сабақтың бағдарламасы қарастырады:
Объектілердің құрамы мен сипаты, олардың өзгеруі, кеңеюі, неге қолданылуы, жалпылануы, топтпстырылуы және жүйеленуі жайында анықталған білім көлемін;
Тәжірибелік дағдылар көлемін және қызметтің продуктивті түрлерін үйренуді;
Оқу-әдістемелік дағдыларды үйрену, олардың алғаш түзілуі немесе жандануы, қолдана алуды меңгеруіді (мысалды қабылдай алу, жоспарау, сөйлеу барысында қызмет шешімін көрсете алу, тағы басқа жалпы және арнайы оқулық әдістемелер);
Психикалық қызмет пен таңымдылық процестердің сипаты дамуын (назардың орнығуы және еріктілігі, салыстырмалы қабылдау, салыстыра алудың дамуы, жіктей білу және т.б.);
Балалардың сол сабақта берілген білімді меңгере алуы, өзімен жастылар арасындағы қарым-қатынастың орнауы, сонымен қатар сабақ үйрену барысында өзін өзі ұстай білу ережелері мен нормаларды меңгеруі.
Осы себепті, сабақ мазмұны оқытушылық және тәрбиелеушілік мақсатты қоса тікелей қарым-қатынаста өтеді.Оқытушылық көлем әр сабақта көп емес. Ол әр жас тобындағы балалардың еске сақтау көлемі мен назар аударуына, олардың ойлық жұмысқа қабілеттігін ескере отырып жасалады. Сонымен, жаңа затпен таңысуда кіші топтағы балалар 2-3 айқын белгіні есте сақтай алады, орта топтағы балалар – 3-4 дейн, жоғарғы топ – 5-6 дейн (түсі, пішіні, құрылымы, пропорциясы, көлемі, қолданылуы). Сабақ беруге тәлім-тәрбие алудың түрі ретінде бұл процестің аяқталуы тән: үйренудің негізгі тармақтарының және білім алудың, дағддылырдың меңгеру деңгейінің болуы. Жаңа материалды игеру ескіні қабылдау негізінде өтеді, яғни ескі тақырып жаңаға тікелей ұштасады. Жаңа материл аз мөлшерде беріледі. Бір сабақ көлемінде жаңа материалды алғаш меңгеру, оны түсіну және бекіту жүреді, бұл сабақ мазмұнының құрылымында байқалады. Қайталау сабақтарында тақырыпты одан ры кеңейту, түсіну, білімді бекіту, дағдылану жүреді. Тек осындай көп реттік білімді қабылдау әртүрлі қызметте және әртүрлі жағдайларда ойлаған ойды толықтыра алады. Жоғарғы мектепке дейінгі топтағы балаларда білімді жүйелендіру немесе дағдыларды тәжірибелендіру негізгі мақсаты болып табылатын сабақ беру ұйымдастырылуы мүмкін. Соған сәйкес балалардың оқу бағдарламасы, тәжірибесі таңданады (жаттығу, әңгімелесу). Бұндай сабақ құрылымы басқалардан, типтік сабақтардан ерекшелінеді:оларда негізгі құрылымда оқу процесі басты орын алады.
Балабақшада сабақты оқыту құрылымында білімді, дағдыны, тәжірибені меңгеруді тексеру қарастырылмаған. Бұл тексеру балалардың күнделікті әрекетін бақылауда байқалады.Сабақты ұйымдастыру және балалардың әрекетіне жетекшілік жасау.
Сабақ беру барлық балалармен фронтальды өтеді. Ең алдымен балалардыңжоғарғы жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ететін гигиеналық жағдай қамтамасыз етілуі керек.
Нақты бір сабаққа қатысты орын алаңы балалардың сабақты игере алу қызметін жүзеге асыра алатындай жағжайда болуы қажет. Сабақты ұйымдастыру барысында материалдың рациональды болуы, оның орындалу реттілігі және оны беру әдісі, сипаты анықталады.Сабақтың ішкі логикасы және құрылымы оның негізгі бөлімдерінде көрсетіледі: сабақ басталуы, барысы, аяқталуы. Сабақтың басталуы. Сабақтың басында, оның ұйымдастырылуында қойылған негізгі дидактикалық мақсаттар – сабақ мазмұнына қызығушылық көрсету, балалар назарын аудару және олардың алдында осы сабақты толығымен ашу тәрбиешімен шешіледі. Бұл мақсаттар әртүрлі жас топтарында әртүрлі шешіледі. Кіші топтағы балалардың сабаққа назарын заттың (сурет, ойыншық, бала қолданатын зат) түрлі түсті болуы аударады. Ойындық тәсілдер мен ойындық жағдайлар қолданылады. Бұның барлығы балалардың еріксіз назар аударуына есептелген. Жоғарғы топтағы балаларда қажетті орынды ұйымдастыруға машықтырылады, бұл сабаққа қызығушылықты тудырады. Дегенмен, жоғарғы топтағы балалардың назарын аударуда негізгі орынды сабақ берудің мазмұны мен сипаты алады. Мысалды әуел бастан қою сабақтың басынан бастап оның көрсетілуі мен жүргізілу әдісіне байланысты. Кейде мысалды түсіндіру балаларды қатыстыру арқылы жүреді.Балалар біртіндеп сабақта тәрбиеші сабақ басында және барысында еске салатын белгілі бір ережелерге үйрене бастайды.Сабақ барысы. Балалардың қызметін басқару сабақта әртүрлі әдістермен жүзеге асады. Оларды таңдау барысында сабақ мақсаты мен мазмұны, балалар жасы, осы бөлімдегі жүйелік орны ескеріледі. Мектепке дейінгі балалардың үйренуінің салыстырмалы жүйелігі бір сабақта әртүрлі әдістерді қолданумен сипатталады:Мағлұматты алғаш қабылдауға негізделген әдістер және меңгерілген әдістермен қарым-қатынастың болуы;Білімді кеңейту әдістері;Білімді, дағдыны жалпылау, қолдану және бекітуге бағытталған әдістер.Сабақтың барысында әдістерді алмастырып қолдану нақтылы сабақ мысалдарының ретіне байланысты. Сабақ кезінде берілген білім көлемі жеке бөліктерге бөлінеді. Сабақтық мысалдар сабақ барысында білімді, дағдыны үйрену процесіне байланысты топтануы мүмкін. Соған байланысты әдістер мен мысалдар таңданады.Сабақ барысында балалардың қызметін басқару – балалар алдында сабақ мысалының реттелген түрде өтуінде (әртүрлі мысалдарды қолдану арқылы жүзеге асады – мысал, сұрақ, ұсыныс) және балалар шешімінен қызметтің ұйымдастырылуында. Сабақты ұйымдастыру барысында барлық балалардың мысалдарды белсенді шешуін қамтамасыз ету өте маңызды. Сонымен қатар тәрбиешінің балалардың өз еркімен қызметін ұйымдастыруда тікелей қатынасуы маңызды.Балалардың сабақта өз бетімен қызмет етуі білімді, тәжірибені бекіту мақсатында ұйымдастырылады. Бұған ең қолайлы жағдай заттың бастамалық кезінде жүзеге асады.Жоғарғы топтағы балалармен сабақ аяғында жалпы таңдамалық қызметтің нәтижесі шығады. Бірақ тәрбиеші өз кезегінде қортынды нәтижені балалардың өзі айтатындай итермелейді. Сабақ аяғында балалардың алған білімі мен кейінгілерді байланыстыра алуы қажет.Сабақтың қорытынды бөлімінде сабақ ұйымдастырылуына, балалардың жеке және топтық дағдылануына баға беріледі. Балалар өзара бағаланумен бір-біріне баға беруге қатыстырылады. Кіші топтағы сабақтың аяқталуы сабақ мазмұнына және балалар қызметіне байланысты жағымды сезімдерді күшейтуге бағытталған. Орта топта біртіндеп балалар арасында баға беруді жіктеу біртіндеп енгізіледі. Жалпы қорытынды бағаны мезгілімен балаларды қатынастыра отырып тәрбиеші айтады.
18 билет

  1. Сабақтың типтері, құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар.

М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі- сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.
Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық жағдайларға байланысты, биологиалық білім берудің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжамдар құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылыми-әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .
Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.
Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады:
Педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет .
Замана талабына сай билогиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .
Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады . 
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .
Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына» таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады.
Мысалы: Баяндама – сабақтың бір көрінісі. Бұл бұрын да қолданылып жүрген әдіс, бірақ баяндамашының оқытылатын жануар кейіпінде болуы жаңалық , өйткені әңгіме кейіпкерден айтылады. Осы кезде тыңдаушылар көңілі бірден ауып, берілген жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады. Кейде оқушы киімі де жануардың түр- түсін, ерекшеліктерін айқындайды. Монолог пәнінің ғылымилылығы тұрғысынан дұрыс құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы жан – жақты дайындалып, ақпараттар іздеуде белсенділік тануы керек. 
Окыту — оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі — дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы — сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ — оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық «Трампа жоспары» бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% — топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы ‑ сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:— сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;— әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді — оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз‑ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;— сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру ‑ әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ — оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,бакылап отырып дұрыс баскару.Әрбір сабаққа қойылатын мақсат ‑ білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен – биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы — барлық дидактикалық кызметтерді
2. Білімді бекіту сабағы. жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат — тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.Тақырыптык жоспар. Такырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады

  1. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы.

Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты және жауапты кезеңнің бірі – оның әр сабаққа әзірлігі. Сабақтың көздейтін мақсатына жетіп, орындалуы мұғалімнің оған әзірлігіне байланысты.Сабақ құрылымы дидактикалық, логико-психологиялық, әдістемелік деңгейлерде қарасытрылады.Әр типті әртүрлі сабақ тардың құрылымы да әртүрлі болады. Типті бір түрдегі, бір дидактикалық мақсатты көздейтін сабақтың құрылымы әртүрлі болуы мүмкін Оқушылардың әзірлік деңгейі, сыныптың психологиялық күйі, оқу кестесіндегі сабақтың орны әсер етеді.
І. Мұғалімнің сабаққа әзірленудегі есте ұстайтын ережелер:
1) сабақ мақсатын анықтау: білімділік (жаңа физикалық білімдерді қ алыптасытыру, практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру), тәрбиелік (дүниетанымдық көзқ арасын қалыптастыру, политехникалық, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру т. б., дамытушылық 2) оқ у материалының мазмұ нын дайындау, яғни көлемін анықтау, оқ ушылардың мү мкіндіктеріне байланысты оның қиындығын анықтау,өткен материалмен байланысын анықтау, оқушыларға берілетін тапсырмалар жүйесін анықтау.3) көрнекілік әзірлеу4) оқушылардың әзірлік дең гейлері мен оқу материалының мазмұнына байланысты сабақ мақсатына сәйкес оны өткізудің әдістері мен оларды жүзеге асырудың жолдарын таңдап алу.5) сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқыту әдістеріне байланысты сабақтың құрылымын анықтау.Сабаққа әзірлікті мұғалім әуелі сабақ тың мақ сатын анық - таудан бастайды. Ә р сабақ та бір ғана мақсат емес бірнеше мақ сат шешімін жү зеге асуы мү мкін. Мысалға, оқушыларға білікті қалыптастыру оларда білімді тереңірек меңгертіп оны бекітуге әсер етеді, ал білімді қалыптастыру оқушының ойлау қабілетін дамытуға байланысты. Дегенмен мұғалім әр сабақтың алдында тұрған негізгі мақсатты айқындап, сабақтарды ұйымдастыруды, жұмыс істеу әдістерін сол мақсатқа жетуге бағыттауы керек. Егер сабақта көптеген мақсатты шешуді белгілесе, онда олардың бірде-біреуі тү гел орындалуы мү мкін емес.Сабақ тың мақ сатын анық тағ аннан кейін мұ ғ алім мең герілуге тиісті нақ ты материалды таң дап жинақ тайды. Ол ү шін ол ең алдымен оқ улық тағ ы материалды қ арап, оның кө лемімен, мазмұ нымен танысып, оны қ арастыруда қ ажет болатын қ осымша материалды да анық тайды.Оқ улық пен жұ мыс істеудің нә тижесінде мұ ғ алім оқ улық тағ ы материалды қ абылдауына кү рделі болатын сұ рақ тарды (мә селелерді) белгілеп, оқ ушылардың зейіндерін соғ ан ауыдарып, оны қ алай жеткілікті етіп тү сіндіруге болатынын анық тайды. Оқ ушыларғ а сыныпта жә не ү йде оқ улық пен қ андай жұ мыстар жасату керек екенін жоспарлайды.Содан кейін мұ ғ алім сол тақ ырыпқ а байланысты ғ ылыми- әдістемелік әдебиеттерді оқ иды. Сонан соң нақты материалды қ арастырғ анда оқ ушылардың танымдық іс-әрекетін қ алай тиімді ұйымдастыруға болатындығын қарастырады. Ол ү шін әдістемелік әдебиеттерді қарайды.
Сабақ қ а ә зірлену барысында мұғалім жаңа материалды оқыту әдістерін, білімді, іскерлікті тексеру жолдарын анықтап, демонст- рациялық эксперимент пен көрнекіліктерді қарастырып, есептер мен жаттығуларды жинақ тайды.Оқытудың әдістерін таңдағанда мұғалім сынып оқушыларының түгелімен және әр оқушының танымдылық
қабілеттерінің деңгейін ескеріп, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды әзірлейді. Сабаққа әзірленгенде мұғалім оқушыға беретін барлық тапсырмаларды орындап қарауы керек (есеп, эксперимент). Сонда ғана есептер мен жаттығулардың жүйесін дұрыс жинақтап, оқ ушылардың жұмысын дұрыс тексеріп, қателіктерін дер кезінде түзетіп көмек көрсете алады. Демонстрациялық тә жірибелер мен фронтальді лабораториялық жұ мыстарғ а қ ажетті қ ұ ралдарды алдын- ала тексеріп, жасап, жинақ тауға тиісті. Алдын-ала сабақтарда көрсетілетін кино- және видеофильмдерді қ арауы керек. Сабақта қолданылатын компьютерлік бағ дарламаны, басқ а да кө рнекіліктерді алдымен өзі қарап, танысып, тексеруі керек. Егер фронтальді лабораториялық жұмыс өткізу жоспарланса, қажетті құралдардың комплектісін тексеріп, жинақтауы керек.Оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, бақылау жұмысын немесе жеке жұмыстық тапсырмаларды дайын- дайды. Ү й тапсырмасын да алдын-ала ойлауға тиісті, яғни барлық оқушыларға, жеке оқ ушыларға беретін тапсырмалар болады. Осындай әзірлік жұмыстарынан кейін мұғалім сабақ жоспарын құрайды.Сабақты жоспарлау мақсаты – сабақ алдына қойған мақсаттарды шешу үшін сыныпта қарастыратын оқу материалының ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар сол сынып оқушыларының қабілеттерін, қызығушылығын, әзірлік деңгейлерін, мектептің материалының базасы ескеріп, оқыту үрдісін ұйымдастырып, бүкіл әзірлікті бір жүйеге келтіру.Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек
ü сабақ тың тақ ырыбы менміндеттері;
ü ә рқ айсысының уақ ыты кө рсетілген сабақ кезең дері;
ü білімді тексерудің ә дістері менмазмұ ны;
ü жаң а материалды оқ ытудың жү йелілігі менә дістері;
ü қ ажетті мә ліметтері бар кө рсетілімтізбесі.
Ә рбір сабақ қ а жоспар бөлек құрылады, кейде бір тақ ырыпты екі топқа немесе қатар сыныптарға оқытқанда, әр сыныптың ерекшеліктеріне сә йкесті ескертпелер қ атерге алынады. Мұндай жағдайда ескертпелер сабақ жоспарының соң ына, яғ ни, сабақ тың барысынан кейін жазылады

19 билет


1. Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері.
Критериалды бағалау түсінігіКРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТҮСІНІГІ
Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, атааналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Критериалды бағалау қағидалары•Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес,
әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.•Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.•Бағалаушымен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.•Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.•Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.•Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек•Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.Критериалды бағалау талаптары.Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
Критериалды бағалау маңызы.Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы.Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады;Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға
шығарудың нақты алгоритмі бар;Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты
көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек солғана бағаланады
Бағалау функциялары:Мотивациялық.Тәрбиелік.Дамытушылық.Түзетушілік.Ақпараттық
Бағалау қағидалары.ӘділдігіүШынайылығы.Жүйелілігі.КөрнекілігіКРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҰҒЫМЫ.Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы дегенсөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бірнәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі …Критериалды бағалау принциптеріКРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІАнық, айқындылығымен;Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен;Бағаның әділдігіменӨзін бағалауға мүмкіндік берілуімен.Кері байланыстың жүзеге асуыменАлдын ала ұсынылған бағалау шкаласыменерекшеленеді.КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен,күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге,күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады,сондай-ақ,барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін деркезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдерісболып табылады.Критериалды бағалау жүйесі
Формативті (ағымдық,қалыптастырушы) бағалау.Сыныптағы күнделікті оқу барысында
игерілетін білім мен біліктің ағымдықдеңгейін анықтау. Формативті бағалауқорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде жиі болатын қателесуден қорықпауына ықпал етеді.Суммативті (қорытынды,жиынтық) бағалау
Оқу материаланың белгілі бір бөлігін(тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі біркезеңдегі (тоқсан, жыл) қорытынды бағанышығару үшін негіз болып табылады.Қазақстандық педагог-жаңашылдардың іс-тәжірибелері.
Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі.Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген. II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесіИдеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.Қанипа Омарғалиқызы БітібаеваҚанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.Шалва Александрович Амонашвили.Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы.В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.
20 билет
Тексеру түрлері, әдістері.
Тексерудің түрлері мен әдістері. Түрлері: Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды. Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады. Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс. Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны, оқу жылы аяқталғанда өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.Әдістері: оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдап, түсінетіндігін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, м.ғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімдерін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйелілігін көрсетеді. Бірақ ауызша тексерудің де кемшілігі бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді. Аузыша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік туады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі 1-2 шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын. Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренбеген. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістеріне айналады. Жазбаша тексеруді көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады. Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды. Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын жіне бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты, бөлімді толық меңгермесе, бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді. Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау болатынын 1-2 апта бұрын ескертіп, дайындық жұмыстарын өткізеді. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау, жаттығулар жазу. Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылады. Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшілікті анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі – оқушылардың үй жымыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Үлгерімдері нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін, тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Емтихан-мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен, басшылығымен өтеді. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға жне жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырылады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының сапасынкөтерудің тиімді тәсілі болып табылады.
2. Мектеп әкімшілігінің қызметі.
21 билет

  1. Педагогикалық менеджмент туралы ұғым.

Педагогикалық менеджмент - оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.Педагогикалық менеджменттің бірден-бірнегізі мектепшілік басқару болып табылады. Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды. Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы,«ықпал ету» ұғымының орнына «өзара әрекеттесу», «ынтымақтасу», « рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілікбасқару теориясын одан ары байыта түскен.Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.Мектепті басқарудағы жүйелілікпен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.
2. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарлаудың түрлері.
22 билет
Қазақ этнопедагогикасының зерттеу пәні, зерттеу әдістері басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі…
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген — чуваш ғалымы Г.Н.Волков.
Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.Этнопедагогика — халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейдіЭтнопедагогика — белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшілігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениеттіндегі көрінісі.Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешіліктер мен ұлтгық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.Этнопедагогиканың өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтары бар, яғни ол жалпы және даралық заңдылықтар болып бөлінеді:Жалпы заңдылық — этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуын, оның қайта құрылу тәуелділігін анықтайды.Даралық заңдылық — этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктеріӘр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.Қазақ халқының ұлттық даралығы ой-толғаныс қазынасында (ұлттық психология), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерінде (этнопедагогика), салт-дәстүр ерекшелігінде (этнография).1. Қазақ халқының психологиялық ой-толғаныс ерекшелігі. Ол-тұспалдан, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.2. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық бір ерекшелігі — атамекен, ел жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы. «Кіндік қаным тамған жерім-ауылым», «Отан оттан да ыстық», «Отансыз ер бұралқы итпен тең», «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» т.б.
3. Ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде «Өнер алды-қызыл тіл», «Ақылдың көзі-аталы сөзі», «Жақсы сөз жарым ырыс», «Шешен сөз бастар, батыр қол бастар» т.б.4. Ұлттық базис болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен байланыстылығы.Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік мал деп ұққан қазақ малды жан мен бірдей санаған.ІҮ. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық және теориялық негізіҚазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері:1.Қазақ этнопедагогикасы танымы туралы білімдерді айқындау: зерттеу әдістері мен қағидалары;
2.Қазақ этнопедагогикасының халық педагогикасы мен әлеуметтік педагогикамен өзара байланыстылығы;3.Қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-жүйелік құрамын айқындау;
4.Әдіснамалық белгілерді айқындау;5.Зерттеулер жүргізу және бағдарламалар дайындау;
6.Қазақ этнопедагогикасы білімі туралы, білімдерін айқындау;7.Қазақ этнопедагогикасының педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны;8.Қазақ халқының ұлттық тәрбие ерекшелігін оқып-үйрену;9.Қазақ этнопедагогикасының түсіндірме-терминологиялық жүйесін оқып-үйрену;10.Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық әлеуметтік ролдің маңыздылығын айқындау;11. Ұлттық мінез-құлық пен өзіндік сананы қалыптастыру ерекшеліктерін оқып-үйрену.Қазақ этнопедагогикасының объектісі – этнопедагогика, этнопедагогикалық зерттеу, ұлттык, және дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет және этнопедагогикалық мәдениет.Қазақ этнопедагогикасының қызметтері:
1. Танымдық (зерттеушілік);2. Сыни көзқарастық (бағалаушылық);3. Рефлекстік;
4. Этнология, этнопсихология, этносоциология, педагогиканың зерттеу әдістерін оқып-үйрену негізінде қазақ этнопедагогикасының зерттеу әдістерін дайындау;5. Сипаттау, тақырыптар бойынша жіктеу, деңгейлер бойынша жүйелеу;6. Праксеологиялық;7. Аксеологиялық;8. Қазақ халқының прогрессивтік дәстүрлерінің маңыздылығын оқып-үйрену;9. Шежіре тәрбиесі заңдарының маңыздылығын танып-білу;10. Қазақ және басқа да халықтардың этнопедагогикасына салыстырмалы зерттеулер әдісін дайындау;
11. Интегративтік пәндердің зерттеу әдістерін дайындау;12. Этнопедагогиканың ішкі пәндік, пәнаралық, ғылым аралық зерттеулерінің құрал-жабдықталуын дайындау;
13. Этнопедагогикада методологиялық білімдер критерийін дайындау;14. Ұлттық дүниеге көзқарасты қалыптастыру;15. Халықтың ұлттық мәдениет құндылығына тәрбиелеу;
16. Ұлттық менталитетті қалыптастыру;17. Тіліне, Отанына, тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;18. Мектепте, отбасында ұлттық тәрбиенің оң тәжірибелерін насихаттау;19. Үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының өзіндік тұрмыс- тіршілігін сақтау.Қазақ этнопедагогикасының әдістері:
1. Жалпы ғылыми әдістері: анализ, дедукция, индукция, идеааизация, аналогия, байқау, эксперимент, өлшеу, модельдеу және т.б.2. Пәнаралық әдістер: жүйелеу, комплекстік бүтіндік, этнопедагогшалық, мәдениеттанушылық, әлеуметтанулык,, этнографиялық.
Қазақ этнопедагогикасының қағидалары:1. Объективтік;2. Танымдық;3. Детерменизмдік;
4. Дамытушылық;5. Тарихилық;6. Теория мен практиканың біртұтастыты;7.Тарихилық пен логикалықтың біртұтастығы;8. Кумулятивтік;9. Кешендік;10. Бүтіндік;11. Жүйелік;
12. Тазалық аспектілігі мен пәндік белгіленуі;13. Ұлттық және әлеуметтік қатынастар;
14. Биологиялық және әлеуметтік антропологизмінің біртұтастығы;15. Халықтық (ұлттық);16. Мәдениеттанушылық;17. Табиғилық;18. Жас және дара ерекшеліктерін есепке алу.
2. Мектептегі педагогикалық кеңес.

23 билет

  1. Озат педагогикалық тәжірибе және инновация. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;• өз беттерімен білім ала білуі;• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;• оқушылардың жалпы дамуы.Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.3. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.Иновацияның түрлері:модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;• жаңалықты жобалау;• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;• бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

  1. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын талдау.

24 билет

  1. Оқыту үрдісіндегі белсенді әдістер.

Белсенді оқыту — қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен іте жиі қойылып отырады.
Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек: дайын білімді жаттаудан жеке басты қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістері бойынша оқытушы оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс-әрекеттік процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс-әрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.Проблемалық оқутудың мәні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде студенттердің әрекетін басқару болып табылады. Зерттеуші В.Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегідей белгілерін тұжырымдап берді:
1.Проблемалық ситуация студенттердің белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек.
2.Студенттердің тәжірбиесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы керек.
3.Проблема анық, дәл қойылуы керек.
4.Проблеманы толық не жартылай шешу – оның дұрыстығын таңдай білу.
5.Бір ситуациядан екіншіге өтуде бірізділік, әсерлік сақталуын көздеу керек.
Бірізділік, өзара қатынас, байланыс, тәуелділік, мәселені жан – жақты тануға мүмкіндік тудырады. Проблемалық оқыту студенттерді ғылыми, дидактикалық, логикалық, ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалын дәл, қызықты болуы, білімнің берік болуы, сенімге айналуы, ұзақ есте сақталуын қамтамассыз етеді.
Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады:
Эвристикалық әңгіме.Пікірсайыс,«Ой шабулы»,«Дөңгелке үстел»
Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме.Бұл әңгіме барысында ойша іздеу – ұжымдық ойлауға алмасады, себебі әңгіме барысында пікір алысады, аралық шешулердің әр түрлі варианттары айтылады, бұл жағдайда студенттерақиқатты өзара әрекеттестік және өзара көмектесу арқылы бір – бірінің ойлауын арттырып ақиқатты іздейді.
Пікірталас — (дискуссия) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.Пікірталас — бұл сөйлеу әрекетінің диалог түрі. Бұл жағдайда әңгіме барысында туған пікірлер арасында интенсивті күрес туады. Дискуссияның ерекшелігі дискуссияға түскендердің пікірі дәлелденетін, ақиқатты, белгісіз бір жерден пайда болған емес белсенді ойлаудан пайда болған пікірлер болып табылады. Пікірталас әдісі семинар – пікірталаста, семинар – практикумдарда, практикалық және лабораториялық сабақтарда тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау барысында қолданылады. «Ой шабуыл» — әдісінің мәні бойынша күрделі проблемаға жауап іздеу барысында әр түрлі ойға кез-келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін. Бұл пікірлердің барлығы диктофонға жазылып «ой шабуылын» ұйымдастырушы зейін қойып олардың ішінен сұраққа жақын жауаптарды таңдап алып, кейін сұрақ мазмұнына сәйкес терең талқылау ұйымдастыру.«Ой шабуыл» әдісінің алтын ережесі деп әңгіме барысындағы бірде бір ой-пікірдің айтылуына күмәндәну, сын айтуға болмайды, әр түрлі идеяларды айтуға ерік берілуі керек.«Дөңгелек үстел» әдісі әр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын әр түрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.
Іскерлік ойын әдісі — мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Студнтті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын және пәнді ойларға мәжбүр еткізіп, елеулі нәтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады.
Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы өтетін психологиялық түзету жұмыс әдісі.Сабақты топтың тренинг әдісмен өткізу оқытушыдан зор дайындық жұмыс атқаруды талап етеді.1.Тренингтің сценарий жоспарын құруға байланысты жұмыс.2.Тренингта талқыланатын проблеманы шешуге қатысуға студенттердің көңілін белсендетуге байланысты жұмыс.Оқытушының өзіндік дайындығы (өзінің жүріс-тұрысын ойластыру; сұрақтарды қалай қоятынын қарастыру; жауаптарға және рекминаларға қалай жауап қайтаруды ойластыру; даулы мәселеге қалай жауап беру т.б.)Сонымен, оқыту әдістері оқушының өзіндік іс-әрекетін белсенді етіп, оның жеке бастық ақыл-ой дамуына қызмет етсе ғана әсерлі бола алады.
Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойынның атқаратын ролі зор. Кезінде А.В.Луначарский «ойын-белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады» деп жазды. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс әрекеті. «Ойын» деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандар ермек сияқты елестейді. Ал шын мәнінде дүние танымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді.Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мәні бар химиялық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналы жеткізудің бір түрі.Дидактикалық ойындар – оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ойын оқушының оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалаыптастыруға көмектеседі. Мектеп практикасында қолданылатын ойын технологиясы мазмұны өтіліп жатырған оқу материалына сай болу керек. Ойын әрекетінің негізгі принциптері:Қарым-қатынастың дамуы, өзара әсердің жағымдылығы;
Іскерлік ойын – бұл оқытудың ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: ролдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.

Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада: оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үрдісінде шығармашылық рух енгізу.


Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар: 1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады; 2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады; 3) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.Іскерлік ойынның негізгі белгілері мынаған саяды:Шешімін күтетін мәселелерінің болуы.Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында моделдеу.Ойынға қатысушылар арасында ролдерді бөлу және ролдеріне сәйкес белсенді өзара әрекетімен және мұғаліммен байланысының болуы.Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық шешімін шығаруы.Шешімдердің көп нұсқалығы.Ойын соңында талдау жасау.Қатысушылардың жоғары эмоционалдық күйі.Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай болады:Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру білігін қалыптастыру.Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.Шығармашылығын дамыту.Іскерлік ойынды өткізудің келесі кезеңдері төмендегідей түзіледі.1 кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.2 кезеңде: соңғы оқу материалдарын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау.Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.3 кезеңде: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен танысстыруы, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;дидактикалық материалдарды дайындау;әр оқушыға тапсырма беру;оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;міндеттерді белгілеу;мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;оқушылардың қызығуын ояту;



  1. Әдістемелік жұмыс.

25 билет

  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Цифрлық білім беру ресурстары2.Типтік оқу жоспарын талдау. Типтік оқу жоспары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген.Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады

26 билет


1.Ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж.Баласағұн, Әбу-Насыр Әль-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамалары
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.· Қайқаус өзінің «Қабуснамасын» ұлы Гиланшахқа, ол арқылы бүкіл адамзат баласына арнап жазады. Ол – “Алла тағаланы тану туралы”, “Пайғамбарлардың қасиеті туралы”, “Ата-ананы құрметтеу туралыдан” бастап, өнер, қарттық, жігіттік, нəпсіні тыю, қонақ күту, дүние-мал жию, саятшылық, соғыс өнері, дем алу, дос таңдау, бала тəрбиесі, жаза беру, кешірім жасау, дəрігерлік емдеу, жұлдыздар ғылымы, падишаға қызмет ету, жомарттық туралы т.б. қарапайым тіршілік тынысынан бастап, ел билеу биігіне дейінгі аралықтағы өмір- тəжірибесін, тəлім-тəрбиесін ұрпағына өсиет еткен атаның ұлына арнаған ғибрат сөздер жинағы болып табылады.«Падишалықтың шарттары мен әдеті туралы» бөлімін оқығанда мынандай зор даналықпен айтылған қағидаларды кездестіреміз:«Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білген. Жан дүниең таза болсың. Әр істі бастасан ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаның ақылшылары – уәзірлері олармен ойласып жұмыс істе. Көңілің істі ұнатса, жұмысты қалай аяқтауды ойлағын!».· Дәулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып және өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы кетіп, шаттық келсе, оған мән берме.
· Сауыттың қасиеті қылышпен ұрғанда, аттың қасиеті жаудан алып шыққанда көрінер
· Әбу Наср әл-Фараби — Аристотельден кейін дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Туған жері – ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Сырдария бойындағы Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» (түрікше Қарашоқы) деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру ішін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Ал оның мұсылманша толық аты-жөні – Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.Әл-Фараби:· «Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу».
· «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.· Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:· Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;· Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; Сабақ процесінің алатын орны.· Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.· Әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысы.Әдіснамалық негізі Оқыту принциптері
Білім топтамасы мен мазмұны Жүйелілік пен туралы ілім бірізділікПарасат жайындағы ілім СаналылықЗаттардың адамның сезіммүшелеріне әсері туралы ілім Көрнекілік.Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық мәні туралы ілім Теория мен тәжірибенің байланысы.Таным теориясы Ғылымилық,Ізгілендіру ілімі Оқытудың тәрбиелік сипатыӘл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Тәрбие заңдылықтары· «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»;
· «Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды»;· «Адамдар туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім».· әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні, тәрбиенің мақсаты: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек».· Тәрбиенің мазмұны: Адамгершілік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, патриоттық, имандылық, дене тәрбиесі.
Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан.· Әбу Райхан әл – Бируни – энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150 – ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (“Әл-асар ул-Бақия ан әл-құрун әл-һалия”), «Асыл таста» еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.· Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.
· Әбу-Райхан әл Бируни (973-1048) астраном, математик, этнограф, дәрігер. Бирунидің еңбектері әлі де зерттелу үстінде. Тәрбие туралы, оқыту туралы көптеген алғы сөздер айтып кетті. Үндістан ежелгі мәдениетті ел Ариабхатта, Варахамихира, Павлис және басқа да ғалымдары математика және астраномия ғылымдарында өшпес із қалдырған.
· «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» еңбегінде ақиқат және жалғандық, қайырымдылық және зұлымдық, білімділік және надандықұғымдарының мәнін ашады. Еңбек — жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болғандықтан ол мұратқа жеткізеді деген.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері· «Құтты білік» («Нұрлы Білім»): Жастарға жақсы тәрбие беру, ата-анаға және балаларға қатынас жасау.· Өзіңе қарай дос таңда,Күшіңе қарай жүк көтер.
Ахмет Яссауи«Диуани хикмат» («Ақыл-ой кітабы»): Мақсаты – толымды тұлғаны тәрбиелеу Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипатттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды.Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғылМахшар күні тәңірге жақын болғыл,Менменсіген халайықтан қаштым, міне.Ахмет Йассауидің «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмағанадамдарды тойымсыз итке, не ұлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мұндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғасын тапты. Ахмет Йассауи нәпсі қүмарлықты, көрсеқызарлықты, құлқын-құмарлықты адам табиғатына жат қасиеттер ретінде сипаттап көрсетеді.«Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады.
7. Ж.Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарға берген ақыл-кеңестері: талдау жасай отырып, ойтүйін әзірлеу8. Ж.Баласағұн еңбегінде айтылған «Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» және «Кешкен тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ибадат қып бекін де» сөздерінің мәнін ашу
11. Ж.Баласағұн айтқан бала тәрбиесіне байланысты ата-ананың басты парызы:
– баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;– балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;– баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба-дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;– балаға өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу;– балаға әділетті, қайырымды болу;– өзінен туған балаға тәрбиені өзі беру– баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;– баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезді қалыптастыруға көңіл бөлу;– баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;– балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту.
2. «Күнделік» электронды журналын толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет