Ы. Алтынсарин (1841-1889) орыс тілін қазақтарға үйретукурсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесіндекөрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілін қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
А. Байтұрсынов (1873-1937) қазақша оқытуәдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» — деген талаптыбастаушы.1912 жылы тұңғыш рет әліппе жазды, ол халықтысауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқыныңсауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларғаереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорытутәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиетсабағын оқытқандаәсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін «Қай әдіс жақсы» (1928ж) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың)ана тіліндегіжазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықтынадандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқу жайынан» дегенмақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымыды жақсы білу керк»,- дейді.
Ж. Аймауытов (1890-1931ж) «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде (1924) баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбилеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт- санасын, әдет- ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.М. Жұмабаев (1893-1938). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
мұғалімнің қатты сөйлеуі
суреттердің бояуының ашықтығы
әсердің күштілігі
затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату. Баланыңабайын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқау, не көзге түскісікелу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М. Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсердіжаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды- 5-10 минут оқытуды, жаңа білім мен ескібілімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенгеқарай оқытуды ұсынды.
№4билет
Достарыңызбен бөлісу: |