1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
№6 билет 1.Тәрбиенің әдістері мен құралдары. Тәрбие әдісі (гректің «методос» - жол деген сөз) – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына? Мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым – қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері: · адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар, тудыратын әдістер. · әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.А.Пинкевич тәрбиені 2 топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педвгогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. Қазіріг кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады. жүктеу/скачать 211.04 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |